Ұшқан бақыт (Серілер тобы)



Толқынданып қолаң шаштарың,
Қиылып тұр қара қастарың.
Көңілімнің мөлдір гүліндей,
Көз қиығын кімге тастадың.
Көңілімнің мөлдір гүліндей,
Көз қиығын кімге тастадың.

Ұшқан бақыт қайта қонбайды,
Махаббаттың орны толмайды.
Табамын ғой мен де басқаны,
Бірақ ешкім сендей болмайды.
Табамын ғой мен де басқаны,
Бірақ ешкім сендей болмайды.

Ұмыттың ба алма бағыңды,
Ұмыттың ба салған әнімді.
Сенен басқа мынау жалғанда,
Кім түсінер менің жанымды.
Сенен басқа мынау жалғанда,
Кім түсінер менің жанымды.

Оралды ғой құстар бағына,
Күтіп жүрмін сені сағына.
Қара көзім талса қайтейін,
Қарай, қарай сенің жолыңа.
Қара көзім талса қайтейін,
Қарай, қарай сенің жолыңа.
Бөлісу:

1 пікір

nurzan497
Серілер тобының — Ұшқан бақыт әнін қай жерден жүктеуге болады?