Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)



Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
От болып әрбір үйге жағылады.
Таң болып әрбір үйге атты-дағы,
Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!

Арулар — асыл жандар, сағыныштар,
Құшақтар, өтініштер, жалыныштар…
Жүрегін жек көрсе олар мұз жасайды,
Балқытып жақсы көрсе жанында ұстар.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!

Арулар — аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар — тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!
Бөлісу:

7 пікір

TERISKEI
сөзін жазған Мұқағали деееп айтып кетсе жарасар еді. Арулар, аман болыңыздар!!!
madlen
8-nauryzdagydai sezinip kettik :)
edige
Мен де бірнәрсе жетіспей тұр десем. Мұқа ағамыздікі екені қалыпты ғой…
saken
Мұқаңның өлеңі екенін білемін, өкінішке орай әнін жазған адамды білмей отырғаным. Соны білсем екеуін бірге жазып қойғым келген :)
sammita
видеоны көре алмадым. Осы ән бұрыннан айтылатын, әсіресе 8 наурызда. Авторы Мұқағали, әнін кім жазғанын білмейді екем.
saken
видео емес, аудиофайл тұғын. Кеше дұрыс салынбапты, жаңа дұрыстап қойдым қайта.
aikaba
Анин Роза Алкожа жазган