Ойлай берме (Ринат Ғайсин)



Еске алып айлы түндерді,
Өкінбе сен өткен күндерге…
Өкпелеме, сөкпе мені.
Жанарыңнан мұңды аяулым,
Кездескенде көріп аядым…
Ойлай берме...Қасыңдамын.
Ойлай берме… мені! ойлай берме… жаным!
Ойлай берме… мені, ойлай берме…
Бақытымын қазір басқаның,
Алыстады менің арманым,
Ойлай берме… мен басқамын.
Сүйем сені төзем бәріне,
Күтіп жүрсің сенде мені де…
Ойлай берме… мен басқамын
Ойлай берме… мені, ойлай берме… жаным!
Ойлай берме… мені, ойлай берме…
Ойлай берме… жаным, ойлай берме… мені.
Ойлай берме… жаным, ойлай берме… мені!
Ойлай берме…
Ойлай бермееееееее… меніііі…
Ойлай берме, жаным,
Ойлай берме, мені… ойлай берме, жаным.
Ойлай берме, мені, ойлай бермееее… жаным.
Ойлай бермееееееее… меніііі… Ойлай берме…
Ойлай берме… меніііі, ойлай бермееее… жаным.
Ойлай берме… меніііі, ойлай бермееее…
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
сөздерін таба алмай жүр едім, рахмет :)))

негізі әні жақсы ән, сөздері қарапайым болса да.
Nurgisa
негізі әні жақсы ән
Бұлай айтуға не итермеледі, құрдас? :)
asaubota
нашар ән деген сияқты қалыптасып қалған бір ой бар ғой. сосын негізі олай емес, әуені жақсы ән ғой дегенім ғой.
TERISKEI
Ринат музыкалық сауатты бар адам ғой, тек мына әннің сөздері нетолау көрінеді маған, әйтпесе сазында мін жоқ!
saken
жаттауға ыңғайлы болсын деген шығар авторы :))
TOTY
Мына төмен жағына сөзін жазып қойғаны жақсы болған екен, әнді тыңдай отыра… караоке айтып отқандай күй кештім :)
Abilakim
студенттік жылдары Ерболат деген досым болып еді.Соның "Қарай берем" деген өлеңі болушы еді.Ойлай берме секілді отыз шақты рет қайталанатын.
Abilakim
ҚАРАЙ БЕРЕМ

Көзің жоқта,
Маған қарап күлімдейтін
Сөзің жоқта,
Маған арнап сүйем дейтін
Өзің жоқта,
Жүреімді сағыныштың,
Сарайына түнеткізем.
Өзің жоқта
Терезеге қарауменен,
Күн өткізем.
Өзің жоқта,
Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Алдымнан салқын самал жел есе ме?

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Жүрегім сағынышпен кеңесе ме?

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Көкірегім көк аспанмен теңесе ме?

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Арайлап атқан таңды санай берем.

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Аққуым өзіңді бақытыма балай берем.

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем,
Қарай беріп,
Арайлым жүрегімді өзіңе қалай берем?

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем…
Қарай беріп,
Жаным саған шуақ шашқан арай берем

Өзіңді тосы, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем…
Қарай беріп,
Қарамайын десемде,
Қайта айналып талай келем.
Терезе, терезеге…

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем…
Қарай беріп,
Қарамайын десемде,
Қайта айналып, талай келем,
Терезе, терезеге…

Өзіңді тосып, қарай берем терезеге
Қарай берсем терезеге,
Қарай берем…
Қарай берем…

Ерболат Үрімханұлы
ken
Abilakim, мына өлең қыздың атынан жазылған ба?