Пирамида немесе МММ Қазақстанда!!

http://m-system.kz/
Үйімнің 2 бөлмесін ЕВРО жасатпақ ниетпен адам іздедім. Мастер табылды, енді қасына көмекке адам керек деген соң ауылда қолы бос жүрген құда баланы шақырттым… 1 айдың көлемінде бітіріп шықты. Келіскен ақшаны беріп елге жібермек болдым. Ол батшағар «Ауылға барсам малға қаратып қояды, жалықтым… Ең болмағанда қаланы аралайын»- деді.
Күнде таңертең кетіп кешке келеді. Кейіндері «Бөлемнің, жиенімнің, құдамның, ауылдастың үйінде қонып қалдым», «Жұмыс таптым, параға 100 000 берсем болды, жақсы жұмыс» — деп жүрген. Бақандай бір айдан кейін келіп тұр. «Лібә, қалада жүріп қара жұмыс істеп не азап. Қаламмен күн көретін 21 ғасыр бұл!» — деп миығынан күліп қояды. Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты. Мавроди ағаның қарамағына «МММ»ге кіріпті сөйтсем. Алдап, арбау бабымен сотталған көкем енді қазақстанға келіпті… Үлкен көшелерге де жарнамалар ілініпті…

Керекте кіргендер бар ма МММ-ге? Сонда шынымен БАТПАН ҚҰЙРЫҚ па?
Әрі қарай

Адамгершілік туралы


Алматы. Наурыздың бірі. Әр күнгідей аялдамада көп адам. Сығылысып ілініп автобусқа кіріп алдық әйтеуір. Аяғымыз үш аялдамадан соң жерге түсті. Студенттер, егде адамдар, оқушылар басым көпшілігі. «Бүгіннен бастап жүру құны барлығына бірдей 50 теңгеден» деп жүргізуші көңілді күйін танытып жарияға жар салып жатыр.
Адамдар: — Студенттер мен пенсионерлерге 25 теңге гой.
Әрі қарай

Елге барып қайттым... Жақсы және жаман...

Пазитив:
Той басталды ауылда, той басталды,
Тәтті тілек айтылсын ойлы-асқарлы.
Бұрын соңды болмаған Мақтаралда,
Гүрілдеген, дүрілдеген, той басталды.
Бәйге аттар ортадада ойқастады,
Сері жігіт сұлу қызға ой тастады.
Бұрын соңды болмаған
Әрі қарай

Міне сізге шумақ

Көгiнен Ай туғанда қияқтанып
Көңiлден отырғаны күй ақтарып
Ол кейде көрiнедi жерде жүрген
Алланың көлеңкесi сияқтанып

Рафаэль Ниязбек «Айбозым менiң» /Елбасы жайлы өлең-роман/,
Астана, “Күлтегiн” баспасы, 2006 ж.

Ескерту: менің шумағым емес екенін «минус» қоюшыларға айтып өтейін :)
Әрі қарай

Мақтана бермеңдерші

Мақтана бермеңдерші. «Келе жатырмыз» «Бара жатырмыз» деп. Онсыз да ішім күйіп жыным кеп отыр. Блокгамке бара алмайтын болдым.
«Ақылы қарнында» семіз бастық іссапарды қырсық шалып 18-25 аралығына қойыпты. Сөйтіп «Жақсы емес адамдар» Алматы 2 ден сағат 05-52 де поездбен кетіп барамыз… Барғандай болмайды, амалсыз теледидардан көруге әрекет жасаймын. Мүмкіндік болса суреттер, видеоларды көптеп түсіріңдерші.
Жақсы өткізуге тілектеспін.
Әрі қарай

Неке жүзігі неге төртінші саусаққа (шылдыр шүмекке) тағылады?


Бас бармақ – Әке-шешелеріміз сияқты
Балаң үйрек – Аға-әпкелеріміз сияқты
Ортан терек – Өзіміз сияқты
Шылдыр шүмек – Ерлі-зайыптылар сияқты
Кішкене бөбек – Бала-шағамыз сияқты


Мына суреттегідей екі қолыңыздағы саусақтарыңызды бір-біріне
Әрі қарай