@asaubota арнайы салдым… Фин еліне шыгуга виза керек дид… бір айналып шыксам деп едім. Ресейліктерге Финляндияга бару бізде Бішпекке барган сиякты екен?
«Бірінші апрель күні ешкімге сенбе» дегенді бала күнімізден есітіп жүрген болармыз. «Күлкі күні», «Алдардың туылған күні» деп те атайды. «Халықаралық құстар күні» «Иран Ислам Республикасы күні», «ОАР-да Отбасы күні», «Ресейде Математика күні», «Кипрдің Ұлттық мерекесі» дегендерді уикипедияның арқасында білдім.
Бұл күні туыстарыңды, достарыңды, таныстарыңды яғни көңіліңе жақын адамдарды алдау әдетке айналған. Кім кімді қалай алдаған не қалай алданған? Айта отырыңыздар.. Күндеріңіз әдеттегіден көңілді өтсін КЕРЕКТІКТЕР!
Асанқайғының гаджеттерін оқып отырып бір жастық шағыма саяхат жасадым. /Улкен алғыс саған/. Ауыл ортасындағы шілдеде малдар көлеңкесінде пысылдап тұратын клубымыз бар еді. Бірақ біз оны "ҚҰЛЫП" дейтінбіз. Аспан асты, типа, «КОЛИЗЕЙ». Үнді филмдерін қоятын Дядя Ваня /Дядвань/ ағайымыз мың жасағыр қолы гүл пенде еді заманының. Біз үшін ол техниканың пірі. Үнді фильмдерін қоя беріп әндерін жаттап алған. Қазірде шал. Бірақ көңіл шіркін «ДЖИМИ» Тойыңызға шақырсаңыз 1 жартыдан кейін ән салмай кетпейді. Үлкендер сол Дядванның уралына мініп алып дранаж жаққа кететін. Сөйтсек ол бір жартыға порно фильмдер қояды екен үлкендерге.
Менің айтайын дегенім ол емес. Майтафон дейтінбіз /Магнитофон/ кезінде иықтан жерге түсірмей жүретін. «Ласковый май» ХИТ № 1 «Белые розы». Сол кезіміздің магнитофондары бірінен кейін бірі сатылай шығып, ала алмағандардың арманына айналған магнитофондар тізімі:
Ауызашарда пәтер жалдаушылар жиналып жатыр… Жайға жайғасып жатқанда: — тағы үлкен кісі келеді ма? — дегенде: — Бір көкем келуі керек… — деді үй иесі… Жоғарыда бір жайлық орынды қалдырып әңгіме өрбітіп жатыр келгендер. Әңгіме дүкен басталып, сөз таластырып жатыр…
— Сендерде еркекті «Тәте» дейді гой, неге?..
— Ал сендерде апкені «Тәте» дейді, ол дұрыс емес…
Бітпейтін даумен отырғанда бір келіншек келіп төменге жайғасты…
— Жоғары шықпайсыздар ма? — деді үй иесі.
— Жаңа көкем келеді дедіңіз ғой…
— Келді ғой, Айшагүл көкем гой ане отыр…
Үнсіздік… Түсініспеушілік… Жым-жырт…
П.Ы.: Талдықорғандықтар жеңгесін көке дейтінін енді біліппін… е маееееее… Қартайғанда көке атаға айналатын шығар…
Көптен керекке ештене жазбадым, кол тимей. Кеше акылды адамга уксап Эрмитажды аралап шыктым… Букіл дуниені аралагандай болдым. Тунган тарих. Даже жылап та алдым десең я
Күн жексенбі. Барлық тірлікті тындырып тастауға әдеттенген пенделік ғұмыр. «Сол, бармай ақ қояйықшы» деп қиылған жұбайыңның сөзіне шүйлігіп «қанша жылдан бері көрмеген Бекболдың қуанышын бөлісуім парыз, көптен көрмеген досым бір қуанып қалсын.
Б ұ л ы ң ғ ы ы ы ы р.
Көптен күткен Аcтана-Алматы пойызы тоқтады. Дыбыс шығарғыштан «Сақ болыңыздар...» деген сөздер екі тілде қайталанып жатыр. Шыдамым бітіп барады… Қашан түседі екен...Қай вагоннан түседі екен… «Бойыма юбка жараспайды» деп киетін қара шалбары, ала қоңыр ала футболкасы ұзақтан көзге басылып вагоннан түсіп жатыр. Жүрек ұрысы пойыздың жүргендегі дауысынан жылдам істеп алқымға тығылды… Құшақтап алдым… Аймалап жатырмын… Ол «К-а-п-ы-ы-ы-ы-ы-ы-р, адамдар қарап тұр, ұят болады» деп өзін алып қашуда.
Қас қағым сәтте «Жатақханадан» бір ақ шықтық. Ол заттарын қояр қоймас артынан құшақтап:
— Сені қатты сағындым…
— Сені де сағындым, жаным. Он жылдан бері қайда жүрсін. Күтіп жүрмін ғой…
— .../сөйлеуга шама жоқ, аймалау ғана/
— Гүлің керемет екен. /Бірден сол гүл пайда бола салды/
— …
— Суға салмаса солып қалады. Гаршок қайда. Гаршок… Гаршок… Гаршок…
Мұртты Премеріміз Карим Масимов демалыс күндерін бекітті. Конституция күніне орай тамыздың 27-і күні жұмыс күні болып, 28-30 күндері аралығы мерекелік демалыс күндері деп жариялады. Демалыстарыңыз сәтті өтсін Халайық!!!
Қосымша: Мұғалім ханым және мырзаларды жаңа оқу жылымен, оны қойш, жаңартылған айлықпен шығармашылықтарыңызды шыңдап, аяңдап жұмыс істеулеріңізді тілеп қаламыз!!!
Елдер елге естелікке апаратын жартылығын іздеп жүрген жерден жағаласып сыйлықтар алуға кірістім, бәріне алдым деп ойладым… Суреттегі Асаудың мойылтұрығы (шарфты не деп айтады өзі )… Сақалдым, Қисық, Патик, Саммита, Теріскейден бастап (кете береді) барлығына алдым ау дейм… аз да болса коптей корерсіндер.
Қазан қаласына сапарымыз тоқтатылып 15 қазанда елге қайтатын болдық… Фин еліне де бармайтын болдық… күндіз түнде білмейм түсетінімізді… Кездескеннен берсем деген ойым бар оооо жамаааааат… Кімге не тура келеді… Алады…
Сатекеңе бір жарты тазасынан