Қол жетпеген махаббат немесе гаршок


Б ұ л ы ң ғ ы ы ы ы р.
Көптен күткен Аcтана-Алматы пойызы тоқтады. Дыбыс шығарғыштан «Сақ болыңыздар...» деген сөздер екі тілде қайталанып жатыр. Шыдамым бітіп барады… Қашан түседі екен...Қай вагоннан түседі екен… «Бойыма юбка жараспайды» деп киетін қара шалбары, ала қоңыр ала футболкасы ұзақтан көзге басылып вагоннан түсіп жатыр. Жүрек ұрысы пойыздың жүргендегі дауысынан жылдам істеп алқымға тығылды… Құшақтап алдым… Аймалап жатырмын… Ол «К-а-п-ы-ы-ы-ы-ы-ы-р, адамдар қарап тұр, ұят болады» деп өзін алып қашуда.
Қас қағым сәтте «Жатақханадан» бір ақ шықтық. Ол заттарын қояр қоймас артынан құшақтап:
— Сені қатты сағындым…
— Сені де сағындым, жаным. Он жылдан бері қайда жүрсін. Күтіп жүрмін ғой…
— .../сөйлеуга шама жоқ, аймалау ғана/
— Гүлің керемет екен. /Бірден сол гүл пайда бола салды/
— …
— Суға салмаса солып қалады. Гаршок қайда. Гаршок… Гаршок… Гаршок…
Оянып кеттім.
— Папа, тышам. Гаршок қайда, гаршок… – таң атпай балам гаршок іздеп жүр.
Каспибанктен «Лготтан құтыламыз» деп алған спальняде әйелімнің 40 килограмдық қолына бастырылып, терлеп-тепшіп дем жетпей жатыр екенмін.
— Тұр ей, ептыбаймайттын қатыны сасымай, ана балаң гаршок іздеп жүр. Шешең… Әкең…
П.Ы.: Аяқта гел шлепка, қолда штушни алган стейтлайнды ауызға салып, тұтатып отырмын.
-Ептыбаймайт ай ә! Оятып жібергеніне қарашы… Осы түсті соңына дейін көре алмайтын болдым…
Бөлісу:

30 пікір

asaubota
Гаста стилінде жақсы шығыпты :)
edige
«Соңына шынымен жете алмай жүрмін» десең я :)
sammita
:)))))))))))
1 сәуірге лайық түс екен)))
edige
Махаббатың қаншама жылдар өтсе де сол «Сол әдемі жас» бейнесі сақталып қалатын сияқты…
/5 баланың анасы мен әкесі болса да, 25 жыл өтсе де/
ErNur
Жақсы шығыпты! :) Көптен күткен Ақтөбе-Алматы пойызы тоқтады. дегеніңе қарағанда үйіңдегі көршіңнің Ақтөбеге қаншалықты қатысы бар ме екен деп ойлап қалдым? :)
edige
"Қол жетпеген махаббат" Тілі шығып тұрған, настрениесі жоқ Ысмайыл
nurjanbay
Алматы-Ақтөбе пойызынан Қызылорданың қызын осымен 3-ші рет күтіп алдым :)
бір күні мен де сен айтқандай гәршөкке жетем бе :)
edige
:) Өмір, өмір… Құдайым жар болсын…
asaubota
Алматы-Ақтөбе пойызы демекші, 2004 жылы Алматыда Керекинфоның алғашқы кездесуі болып еді, мен ертеңіне Ақтөбеге кетуім керек болды. өзім Түркиядан оқу бітіріп келе жатырмын, үйге жету керек, бәрі күтіп отыр. сонымен ертеңіне керекшілер мені шығарып салуға келді, перонда тұрмыз бәріміз. бір кезде бәрі кетпей-ақ қойшишы, ертең кет, билетін бәрін өзіміз алып береміз деді. сөйтіп қалып қойғам, билетті тапсырып. қызық ед…
Abilakim
сол қалған күнгі қызығың тіптен қызық шығар)))
asaubota
қалған күн емес оның алдындағы күн де қызық болып еді :)
007
Болашақ бағдарламасымен оқыдыңызба?
monti
Каспибанктен «Лготтан құтыламыз» деп алған спальняде әйелімнің 40 килограмдық қолына бастырылып, терлеп-тепшіп дем жетпей жатыр екенмін.
Тұр ей, ептыбаймайттын қатыны сасымай, ана балаң гаршок іздеп жүр. Шешең… Әкең…

ужас, үйдегі жеңгейді жаман суреттепсіз ғо(((
edige
Уйленгенше «Жаным» дейді, уйленген соң «жанын жейді» деген гой
Gastarbaiter
Монти, ол әйелін емес, өзін суреттеген сияқты мына сөздерімен:)))
edige
monti сізге боқтамайтын жар тілеймін!
Gastarbaiter
Мынауың қарғыс сияқты естіледі. Боқтамайтын байлар ия сабайд, ия сүмелек, ия технично басқаға қашып кететіндер ғой.
edige
Ощым пешенеңнен көр! Бола ма осылай
AKY
бір түрлі қатыгез әңгіме.
VKM
ммм да уж… осындай әңгіме оқығанда, махаббат та, басқа сезім де бір жаққа ұшып кетеді(
edige
 көңілге қатты алмай оқыңыз…
salta
біреу күлер, біреу жылар… қол жетпеген махаббат сол жетпегендігінен ғана қадірлі, жетіп алып, қадірлей алмағаны қиын…
Zilola
толықтай қосыламын, махаббаттан басқасына да қолым жеткен соң, қызық емес деп тастай салатын кезім болады.
KILYZAMAN
Каспибанктен «Лготтан құтыламыз» деп алған спальняде әйелімнің 40 килограмдық қолына бастырылып, терлеп-тепшіп дем жетпей жатыр екенмін.
— Cол несиеге ұрынбай ақ еденде ұйықтай бергендеріңде ғой…
ПыСы:
Каспибанктен «Лготтан құтыламыз» деп алған спальняде әйелімнің 40 килограмдық қолына бастырылып, терлеп-тепшіп дем жетпей жатыр екенмін.
— не ддддеген салмақ, сенің тамағыды тартып ішетін әдеті жоқпа еді өзінің ;-)
Aya
Айтарым жоқ… ке ре мет))
satibaldi
Ке! Ды-ды-ды-ды-ды. Ре! Ды-ды-ды-ды-ды. Мет! Ды-ды-ды-ды-ды. Дыыы, дыыы, дыы, дыы — Ке-ре-меееет!