1 Сәуір - күлкі күні


«Бірінші апрель күні ешкімге сенбе» дегенді бала күнімізден есітіп жүрген болармыз. «Күлкі күні», «Алдардың туылған күні» деп те атайды. «Халықаралық құстар күні» «Иран Ислам Республикасы күні», «ОАР-да Отбасы күні», «Ресейде Математика күні», «Кипрдің Ұлттық мерекесі» дегендерді уикипедияның арқасында білдім.
Бұл күні туыстарыңды, достарыңды, таныстарыңды яғни көңіліңе жақын адамдарды алдау әдетке айналған.
Кім кімді қалай алдаған не қалай алданған? Айта отырыңыздар..
Күндеріңіз әдеттегіден көңілді өтсін КЕРЕКТІКТЕР!
Бөлісу:

39 пікір

patick
тақияңның көлеңкесі көрініп тұр.
konvict
Базар жоқ Патик. Мен шынымен беттің жоғары жағына қараппын ғой.
sammita
edige
Қараттым, Қараттым… :) деп отырсын ба?
19852407
Күлудің, күлем деп, кісіні алдаудың жөні болады ғой, айтыңдаршы!

Сағат 11:00 шамасында БҚМУ бір студент звондап «Талғат Мықи қайтыс болды деп жазып жатыр бәрі, рас па?» дейді. "Қой, кеше сөйлестім" дегенмен жүрегім тас төбеме шықты. Талғат мыңжасағырдың телепонына звондасам алмайт, осы жарты сағат жарты ғасырдай көрініп, жүрегім лоблып кетті. Әлі жұмысқа кірісе алмай отырмын

Ал Тәкең болса, қаннен-қаперсіз ұйқыны соғып жатыр екен үйінде сөйтсек((
edige
Өмірі ұзақ болады Инш…
19852407
ия, мынжасагыр!
ushkin
Басқа, басқа, Талғатта несі бар ей жұрттың? Кім болса да, Жайықтың жас тарланының о дүниеге аттануын тілеп жүрген біреу да.
gunner
Бүгін сценарий бойынша былай болуы керек қазақ тілді қазнетте: қазақта ондай күн болмаған деп ұлтшылдар, ширк деп діншілдер,"қазағым қайда барасың?" деп он беске толмаған жас балалар,«Алдар Көсе күнін шығарсақ қалай болады ?» деп әр күнге аналог шығарғыш креатившілер, шешесс деп сатыбалдылар ))
asaubota
2 жыл бұрын блогымда жазып едім Майл.ру Қазақстанда жабылайын деп жатыр деп. сол кәдімгідей гу-гу болып кетті :)
Abilakim
427-де айтылды бұл әңгіме)))))))) Бүркіттің тарапынан айтылды-ау деймін
asaubota
427-де не айтылмады десеңші!
sammita
Аршат есіңде ме, көптен хабарласпай кетіп, былтыр 1 сәуірде мен саған сенбей Астанада жұмыстамын дегенге:))
asaubota
сосын звондадың ғой :) есімде, есімде :))
Abilakim
Ареке, бүгін Ботабектің туған күні негізі
sammita
мәәәә, ол шуткі ме еді. Мен оны көшіріп жұртқа тараттым ғой:(((((
19852407
ее, админ ағай, сіз екен ғой барін дүрліктіріп жүрген)) сол сыбыс 2010ж. жазының аяғында әрең басылды ғой))
sammita
бәрінен қызығы мемқызметтегі үлкен бір кісіге жібергем, ол әжептәуір пікір айтып сол туралы.
Zilola
Баяғыда бір таныстың келіні тап осы күні ұлды болып, ұлының есімін Алдар деп қойған (баланы жалкі ше) :(((
edige
Бір досымыз туылған күніне шақырған. Сене алмадық. Ощым бармадық. Ол байқұс түнгі сағат 22 шамасында барлығымыздың үйімізге кіріп шақырып шыққан. Еріп бардық. Рас екен. Тойладық сосын :) Кім кінәлі?
Erkekyz
Мұндайда бұрын «анау пәленше қашып кетті, анау түленшені алып қашып кетіпті ше» деп сыбыс тарқататынбыз, "өләә, естідің бе анау түгенше үйленіпті е, кеттік беташарға" дейтінбіз, қазір оже оған ешкім сенбей қалды.
edige
Кәзіргілерді алдау қиын болып қалған сияқты
satibaldi
Тәлібтер, бір қылжақбас қайтыс болып, туыстары достарына хабарласа, достары:"өлсе әрмен кетсін!", "құдайымыз тілегімізді берді ғой ақыры!" депті. Марқұмның балалары хай-вай шығарып, достарымен төбелесіпті сосын.
Екінші сәуір күні ғана «кетшінақ, шынымен өліп қалған ба ептібайымайд» деп, достары көңіл айтуға келгенде бір-ақ сенген деседі.
nurjanbay
Ақтөбеде 1 сәуірді "Құламандар күні" деп те атайды
bagaline
қасқа, 31 наурыз дүниеге келуім керек ет, енесc. медиктеріндi-ccс
sammita
оооо, «айланайын», сені елеусіз қалдырыппыз ғой. Туылған күнің құтты, басың аман, еліміз тыныш болсын! Бақытты отағасы бол!
Zere
Туылған күніңмен!!! :)
Gastarbaiter
Менің досым қайтыс болған осы күні. Той үстінде лезгинка билеп жүріп жүрегі тоқтап қалды, не бары 23 жаста еді марқұм. АРты қайырлы болсын.
Erlan
Бiр кунi 70гi шал кемпiр тосекте жатып, откен кеткендi айтып жатса, кемпiрдiн козi шалдын белден томенгi жагына туседi, соитсе шалдын корпесi акырын котерiлiп келiп, токтап калыпты, соитсе тан калган кемпiр, корпенi котерiп, ашып калса, шал саусагымен корпенi котерiп, первый апрель, не кому не верь деген екен.
sammita
тура осы әзілмен Әбіләкім бүгін пост ашып еді ғой.
19852407
осыны бугін агентте бәрі жапа-тармағай жіберді ғой Әбілакімнен бастап, басқа әнек қалмаған-ау, шамасы.
boztorgai
бастық шақырып жатыр деп алдаймыз деп… шеф шындап іздеп қалған жәйт қолданыста болған
19852407
Бірінші сәуір жақындап қалды. Жергілікті газеттен "қатты алданған күніңіз болды ма, жазып беріңізші" деп сұрап жатыр, Талғат туралыдан басқа, еске ештеңке түсер емес)))