Айттым ғой, ішуді қойғам...
Күн жексенбі. Барлық тірлікті тындырып тастауға әдеттенген пенделік ғұмыр. «Сол, бармай ақ қояйықшы» деп қиылған жұбайыңның сөзіне шүйлігіп «қанша жылдан бері көрмеген Бекболдың қуанышын бөлісуім парыз, көптен көрмеген досым бір қуанып қалсын. Көршімен апарып-әкелуіне келісіп қойдым» деп иландырып алып, сыйлқтарымызды жүктеп ұзақ жолға шықтық. Жол айналасы жап жасыл, гүлдер жайқалып, керемет…
Барып жүрмеген соң ұмытылып қалған үйін көшедегілерден сұрап жеттік ақыры.
Қуанышты ертерек бастап қойғаны қимылынан белгілі досым «ООООО Қақпақ тбаймайт /әскердегі кличка/, қандай жел ұшырды?» — деп елпілдеп шықты алдымыздан. Баяғы ескі әдетімізге басып ерекше амандасып алған соң ішке беттедік. Достары жиналып қойыпты.« Енең сүйеді екен, мұрныңдысс… тура үстінен түстің...» — деп, бүгінгі қуанышын табиғатта өткізейін деп жатқанын айтты…
Табиғат. Жазық дала. Ауасы неткен керемет. Дастарханға жайғастық…
Асаба жігіт сөздің майын тамызып, шумақтатып құйқылжып тұр. Сөзін бастап алып кетті:
— Сәлем сөздің анасы деген, Бұлақтан бастау алайын, Сөзіме інжу тағайын, Осындағы ағайынның керегіне жарайын… Орындалсын ақ арман үміттері, қашан көрсең жүреді күліп тегі, қаумалаған ағайын аманбысың, аманбысың Бекболдың жолдас жігіттері – дей келе, алғашқы тілекті «Қаладан» келіп отырған «полчанына» береміз – деп тоқтады.
— Досым, ұлыңның жасқа толуымен құттықтаймыз. Өмірі ұзақ болсын, нәрмәльный мужик болсын, біздің көрмеген қуаныштарымызды солар көрсін. Жақсы күндеріміз алда болсын. Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын, аралысып тұрайық... – деп сөзімді аяқтадым.
— Алып қояйық… алып қойыңыздар... — жан жақтан гулеп кетті.
— Сіздің алғаныңызға қарап аламыз…
— Мен ішпейтін едім.
Троян ұстаған касперскийдей барлығы маған қарап қалыпты.
— Ей қой, баяғыда залпам алатын едің ғой – деп Бекбол дастарханның арғы басынан әскерде болған жағдайларды айтып кетті.
— Қойғам ғой, Досым…
— Енді сенің алмағаның болмайды ғой сонша жерден келіп…
— Қанша болды қойғаныңа? – деді
— 1 жылдан асты…
— Өйййййй, көп болмапты ғой, алыңыз енді… Ас адамның арқауы, темекі оның тарқауы, арақтардың түр-түрі, ол да спорттың бір түрі.. – деп асаба ішуге ұран тастап жанын салып жатыр.
— Жоқ бауырым ренжімеңдер…
— Рулдесің ба?
— Жоғей, айттым ғой ішуді қойғам деп…
— Не силамайсың ба? Бекбол, міне ақ қылып алдып қойдым… – деп қырлы стаканды столға төңкеріп, қиярды тістеп бір танысы «ерлігін көрсетіп, соғыс жағдайынан жараланса да оны тастап кетпейтінін» білдірді.
— Бекболды силасамайсын ба?.. не әйеліңізнен қорқасыз ба..? – деп басталған тергеушілік кінәрәттау сұрақтардың тізбегін жолдай бастады… типі намысқа тиетін сөздер қоры көп екенін қоғам жеткізіп бақты. Қарап отырсам барлығын ойландырып жатқан мәселесі менің ішпейтінімнің кесірлерін: дүниежүзілік кризис, Фокусимадаға атом станциясының жарылуы, жер сілкінуі, цунами… Дүние жүзін қойш, тек елдегі: демократияның жоқтығы, Оралды су басуы, «Азат» партиясының тіркеле алмауы, елдерде болып жатқан апаттар, салымшылардың ала алмай жүрген квартиралары, доллардың тұрақсыздығы, тенгенің құнсыздануы,… бәрін-бәрін сезіндім. Қайтем енді қойсам… Соншалықты адамзатқа залалым тиіп жатса бастап жіберейін ба Шешесс...? Адамзаттың жазығы не я?..
* * *
— Бекболдан ұят болды… енді біраз жұмысқа шыға алмайтын болды… Жағы тынбай сөйлеп отырған асабасының да жағы сынды ау… енді сенімен бір жерге барғаным болсын… жасың қырыққа келседе… адам сияқты бір жерге барып…
— Басқа біреуді жалдап бар бұдан кейін, заказбен алдырып лабабойды кеше салып едім…
Фингалмен қараған соң ба, қараңғыдан ба, ештеңе көрінбей… Жел алдымыздан азынап тұр...
Magan da korporativkada kuyp berse,iwpeimin desem, ne aurusyn ba deid, papam karsy dep otyra berem :DDD
ми винт сияқты форматталатын болса — деген ойлар келеді сол кезде
)))))))))))))))))))))«Орындығым сынып кете жаздады» © Саммита
Сенбі күні кездесеміз…
Жазбаға да бүгін жыл толыпты қарасам
доконца, доконца… маладец «жігіт екенсің» :)))))))))))
«после первой не закусывают»
«между первой и второй — промежуток небольшой»
«бог любит троицу»
«стол на трёх ногах не стоит»