Шет елдік өзге ұлт өкілдеріне ел намысын таптатпау мүддесінде құрылған топтар

Өткенде телеарнаның бірінде "Ұлттық мүддесін биік санайтын және шет елдік өзге ұлт өкілдеріне ел намысын таптатпау мүддесінде құрылған топтар" туралы құжатты фильмнің аяғын көрдім.

Қорытынды сөзінде: — «Баха Фестивальдің» ізін жалғағандар "қорқаулық" алдау-арбау, қалта тінтуші, баукеспелік, бопсалаушылық әрекетке барған жастарымыз ұсақталып кетті — деп қайырды.

Баха Фестиваль, Төрт ағалы-інілі, Рыжий Алмас, Черный Алмас, Адай, Атаба, Киса, Депутаттық корпус, Чиванин т.с.с. кете береді. Толық көре алмадым…

Жастарымыз шынында да ұсақталып кетті ма?...
* * * *
Мемлекеттік наградаға ұсынылған «Ел ардақтаған азаматтарды», Орден иелерін және де "Ұлттық бірыңғай тест" тізімін іздеу барысында тап болған ұшы-қиыры жоқ тізім...

Бөлісу:

22 пікір

asaubota
нақты не туралы ол фильм?
edige
Мен де толық көре алмадым. Соңына ілініп қалдым. Қорытынды сөзді жаздым ғой жоғарыда. «Баха фестиваль» тура Виктор Цойға ұқсаған, шашы келбеті жіңішкеден келген, сондай нәзік болыпты…
edige
Қорқауларды "Өнегелі" бір мүддеге жұмылдыратын, кезінде құртуға асыққан, қазіргі заман солардың қажеттілігін туындатып отыр деді.
Abilakim
4 ағайындының бірлі-жарым жақсы істерін білуші едім. Біреуімен кездескенмін де…
asaubota
Жастарымыз шынында да ұсақталып кетті ма?...

бұрынғыдай түсінік жоқ қазіргі жастарда. отморозок болып кеткен. сөзден түсінбейді, үндемеу керек лучше. солай істеп аман қалдым бір рет, атып кете жаздады.
direct
дәл өзі, түсінік, түйсік деген жоқ атаулы
omarbirat
қалта тінтуші

Щипачтар оу бастан-ақ қылмыс әлемінде аптаритетті болған емес пе еді?
Janasil
Менде осы бағдарламаның аяғын көріп қалдым. Түсінгенім еліміздегі қылмыстық топтардың көбі шет елдік азаматтардан құралған екен. Наша сату, қыздарды саудалау т.б. қылмыстармен негізінен солар айналысып жатыр дейді. Бір жылда 400 ден астам қылмыстық топтарға қатысты іс қозғалыпты, соның 200 дейі қазақтардан құралған екен. Және қазіргі топтар ұсақ қарақшылар секілді, өзіндік заңдары жоқ дейді. Біріне бірі бағынбайды, бастарын біріктіріп бағындырып отырғын адам жоқ дейді. Қазіргі жастар ұсақталып барады дегенді қосып қойды.
Бір жағынан қуанғандай болдым, қазақтың қылмысты азайтып жатқанына. Бірақ олардың орнын шет елдіктер басып жатқанын ойлағанда және қылмыстық топтардың қоғамға, тіптен билікке ықпал етуі мүмкін екендігін ойлағанда денем түршігіп кетті.
п.с: Бір кісі айтқан екен (палковник): Қазақстандағы қылмыстық топтарды бірнеше күнде быт шытын шығарып, басшыларын ұстауға болады. Барлығы есепте тұр. Бірақ оларды құртсақ елімізге сыртқы күштер ықпал ете бастайды.
edige
Сол тұжырымына түсінбей отыр едім… Енді түсінікті болды,
Рахмет!
KILYZAMAN
Адам ағзасындағы(ішегіндегі құрттарды) бактериялардың бәрін бірдей зиянкес деп біліп, құртып жіберсе — микрофлораның бұзылуына байланысты өмір сүру қабілеті күрт нашарлар еді… :-(
temir1986
Сол 80-90 жылдары Ойыл ауданы амангелді кеңшарының жерінде кәрістер бақша егіпті. Өздері біраз адам болса керек. Бойлары үйренгесін ауылдың жігіттерін сабап, қыздарына тиісе бастаған ғой. сонда бір әскерден жаңа келген жігіт ауыл жастарын біріктіріп сол кәрістерді быт-шыт қылып сабап, Ойылдың топырағын баспатай қылған екен. Сол азамттардың ізі ел ішінде өше қойған жоқ. Осы бір екі жылдықта Ойыл ауданы жетікөл ауылының жанынан қытайлар мұнай бұрғылапты. (қазірде) содан жұмыс орынының басына қытайдың туын іліп қойған екен, ауыдың жас жігіттері барып соларды сабапты — қытайдың туын неге ілесің біздің жерімізге деп. P.S. Алдағы уақытта сол жігіттермен сөйлесіп, нақты қалай болғанын жазамын.
asaubota
Ойылдың жігіттері вахабизмге кіріп кеткендерді көпірге апарып, тұрғызып қойып, қырындырған деген рас па осы?
temir1986
Көзіммен көрмедім. Естігенім рас. Енді анау айтқандай қатты ештеңе болмапты, бірақ болған.
temir1986
2011 жылы Жаркенттен Алматыға таксимен келдік. Таксисіміз бір ұйғыр екен. Жол бойы құлағымызды сарсытты-Қазақстанда қәзір ұлты қазақ қылмыстық авторитет (смотрящий) жоқ, авторитет тек ұйғырлар ғана деп. Сонда шынымен бір қазақ авторитеттің болуын қалап едік досым екеуміз.
Adiletshu
Зайыпты алмаш деп аңын шығармадың ба
omarbirat
Алымжан Тохтахунов деген ташкенттік ұйғыр бар. Шынымен авторитеті бар. Лақап аты — Тайванчик.
omarbirat
Бар болғанынан келетін пайдасын білмедім. Оның үстіне ворлардың жүйесі іштен іри бастаған сияқты. Бүкіл ворларға ықпалы ең күшті деген Япончиктің, кейіннен «Хасан атайдың» (Аслан Усоян) өлтірілуі бірдеңені меңзесе керек. Хасан атайдың істерімен айналысқан оң қолы болған жігіт түрмеге отырып шықпаған-мыс. «Вор в законе» деген атақты сатып алатындар да бар дейді қазір…
omarbirat
Бір досым айтқан. Ауылдағы көршісі, «Ана көшеде анау отырып келген, мына көшеде мынау отырып шықты, біздің көшеде ешкім отырып келмепті» деп кәдімгідей қайғырып отыр дейді
omarbirat
Қазақстанның ішіндегі смотрящий туралы оттаған екен. Қазір ұсақ-түйек шпаналар ғана ғой. Қалса, барахолкадағы щипачтар ғана қалған шығар. Ірілерінің бәрі жабылды, өлтірілді, қашты. Аман қалғандары қазір бизнесте. Шпаналарды маңайларына да жуытпапты
temir1986
Менде олардан пайда көріп отырғаным шамалы. Анау-мынаудың бәрі, жастар арасында отырғандардың сөзі жүріп, малява жинауы түгелдей құқық қорғау жүйесінің, мүмкін тіпті мемлекттік жүйенің ақсақтығынан болған кінә деп ойлаймын.
konvict
Соңғылардың бірі Қырықбаевтарда ұсталып кетті-ау деп қоямын. Жаманбаевты да арнайы жіберген деседі. Миссиясын аяқтаған соң орнынан алып тастады ғой