Неке жүзігі неге төртінші саусаққа (шылдыр шүмекке) тағылады?
Бас бармақ – Әке-шешелеріміз сияқты
Балаң үйрек – Аға-әпкелеріміз сияқты
Ортан терек – Өзіміз сияқты
Шылдыр шүмек – Ерлі-зайыптылар сияқты
Кішкене бөбек – Бала-шағамыз сияқты
Мына суреттегідей екі қолыңыздағы саусақтарыңызды бір-біріне тиістіріңіз. Ортан терек саусағыңызды суреттегіше екі алақан арасына майыстыра кіргізіңіз.
Осы халде екі бас бармақтың ұшын ашыңыз (бір-біріне тигізбеңіз). Екі саусақтың ажырағанын көресіз. Бұл, күндердің-күнінде әке-шешелеріміз қартайып, табиғат заңдылығымен бақилық болып өмірде ажырайтынымызды білдіреді.
Екі балаң үйрек саусағыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағанын көресіз. Бұл бір күні аға-әпкелерімізден бірі үйленіп, бірі тұрмыс құрғаннан кейін бөлек кететіндіктен бірге болалмайтындықты білдіреді.
Енді екі кішкене бөбек саусағыңызды ашып көріңіз. Бұл жерде де ажырағанын көресіз. Бұл бала-шағамызда күні келіп бірі үйленіп, бірі тұрмысқа шығып бөлек кететінін білдіреді.
Ал енді неке жүзігі тағылатын шылдыр шүмек саусақтарыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағысы келмей, ашылмайтынын көресіз. Бұл – екі жұптың мәңгі бірге деген ұғымды білдіреді деумен неке жүзігі сол төртінші саусаққа тағылады екен.
Міне ардақты ағайын қарап отырсақ Аллаһ Тағала әрбір дене мүшеміздің өзінен үлкен ғибратты нәрселер жаратып өзінің хикметін сездіріп қойған. Осы жерде Абай атамыздың мына сөзін тағы бір оқып көрелік:
Кеше бала ең, келдіңғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұралмасқа.
Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа.
Иә, саусақтың осы бір хикметін ұққаннан кейін кімде болмасын бір күлімсиді. :) Осының өзі Аллаһтың бір хикметін сезгендік болар. Мысалға алып отырған қолымыздан ауытқымай бес-бестен құралған екі алақанымызды ашып тағы бір үңіліп көрейікші, Аллаһтың және бір хикметі ашыла түседі. Оң алақанымызда арапша 18 (۱۸), сол алақанымызда 81 (۸۱) деген сан шығады. Сол екі санды қосқанда әл-Әууәл бұрыннан бар болған әлемдердің Раббысы Аллаһтың 99 көркем есімдерінің санын көрсетсе, екі алақандағы 81 санынан 18 санын алатын болсақ жер бетіне рақым болып, ең соңғы Пайғамбар әрі Елші болып келген әз Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с.а.с) дүниеден 63 жаста өткендігін көрсетіп тұр емес пе?! Әрине бұл нәрселерде басқа да үлкен хикметтер жатқан болуы да мүмкін. Дегенмен осы бір кішкене ой жүгіртетін нәрсені жүрекке тоқып қойғанымыз жөн болар.
Ендеше ардақты бауырлар, бүгінгі күні ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі артып, ажырасулар көбейіп бара жатыр. Екі қолымызда ескертіліп тұрғандай бір-бірімізбен ажырамауға, дүниеге келген ұрпақтардың болашағы мен олардың алдындағы үлкен парызымызды естен шығармауға тырысайық. Ол үшін Аллаһтың 99 көркем әрбір сипатына мән беріп, мына дүниенің өткінші жалғандығын, жалғыз Аллаһ қана мәңгі екенін білумен қатар Оған деген құлшылығымызды жасайық. Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыздың да (с.а.с) дүниеден өткенін меңзеп тұрған алақанымызға жиі қарап осы дүниеге келгеніміз жай әншейін емес екенін естен шығармай, біздерге белгісіз бір уақытта аяқ астынан келер ажалға дайын жүрейік ағайын.
Абай атамыз айтқандай адамды (бір-бірімізді) сүйіп, Аллаһтың хикметтерін сезіне білейік. Саусақ пен алақанның бірер хикметін айттық. Негізінде ол саусақ пен алақанның атқарар қаншама қызметін ақыл иелері ойланбай-ақ білері хақ. Олай болса Аллаһтың алдындағы міндеттерімізді де бір ойланып қоялық…
Жеңіс Әбибуллаұлы /Исламтанушы/
Сілтеме мына жерде
al negizi, bir jerde okygam, tortinwi sausakta ornalaskan tamyrlar men nukteler jurekke bailanysty dep :))
Birak, sizdin jazganynyz ote romantikalyk eken :)
Juzikte turgan tuk te jok. jai, estelik, esku saluwy dep te karauga bolady.
Эмошылар, готтар, пирсинг салу, тату дегендер есейе келе ақымақтық секілді боп тұрады.
Бірақ, біреулер есеймей қалатын сияқты))
З.Ы. Сырға тағатын жігіттерге таң қалам есть же!
Сырға тағып, тату салдырып, қасын тергізіп, шашын сары, ақ, т.т. бояп жүретін жынысы ер мақұлықтарды иттің бір жерінен жек көремін!!! Еркек болып туылған соң, еркек болып жүр! Бүкіл еркек қауымын масқара етіп, абыройымызды түсіреді…