Пирамида немесе МММ Қазақстанда!!

http://m-system.kz/
Үйімнің 2 бөлмесін ЕВРО жасатпақ ниетпен адам іздедім. Мастер табылды, енді қасына көмекке адам керек деген соң ауылда қолы бос жүрген құда баланы шақырттым… 1 айдың көлемінде бітіріп шықты. Келіскен ақшаны беріп елге жібермек болдым. Ол батшағар «Ауылға барсам малға қаратып қояды, жалықтым… Ең болмағанда қаланы аралайын»- деді.
Күнде таңертең кетіп кешке келеді. Кейіндері «Бөлемнің, жиенімнің, құдамның, ауылдастың үйінде қонып қалдым», «Жұмыс таптым, параға 100 000 берсем болды, жақсы жұмыс» — деп жүрген. Бақандай бір айдан кейін келіп тұр. «Лібә, қалада жүріп қара жұмыс істеп не азап. Қаламмен күн көретін 21 ғасыр бұл!» — деп миығынан күліп қояды. Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты. Мавроди ағаның қарамағына «МММ»ге кіріпті сөйтсем. Алдап, арбау бабымен сотталған көкем енді қазақстанға келіпті… Үлкен көшелерге де жарнамалар ілініпті…

Керекте кіргендер бар ма МММ-ге? Сонда шынымен БАТПАН ҚҰЙРЫҚ па?
Бөлісу:

22 пікір

KILYZAMAN
Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты.
— :-) прогресс
KILYZAMAN
Не көп, пирамидалар көп қазақша біреусі бар «Жанама дос» деген
asaubota
бұлар қалай жұмыс істейді сонда?
edige
1000 000 тенге бересің, оны олар алтын сағат алдың деп есептейді (Қолыңа бермейді бірақ), артыңнан төрт адам солай «Нереал сағат» алады… Сонан соң ары қарай төрт жігіт арттарынан таға төрт төрттен адам ертеді… Кете береді… Ақша белгісіз счеттарға кете береді, яғни Мавродидің жағдайын жасауына. Мемлекет оларды ұстай алмауының себебі "Қайырымдылық" деп құжатқа енгізетіндігінде. Қайырымдылықтан салық алынбайды. Логика осы…
sammita
ол сағатты береді тағып жүресің. Каталогтан таңдап аласың, алтын/бриллиант сағат, жүзік, кулон т.б. Қанша ақша саласың соның құнына барабар зат береді-мыс. Общым бір досымыз айтып, біраз насихат жүргізген үйде.
KILYZAMAN
Кемпрімді ТиВиАй Эксперсстен шығара алмай жүрмін — қолды болып кетпесе болды байқұс
Adiletshu
Менің группаласым сонда. Меніде бір-екі рет тартқан студент кезімде. Студентте қайдағы ақша. Бірақ группаласым 10 000 доллар алды ғой дейм
Aigolek
Фантомас (Жамишев)агамыз осы пирамидалар туралы бир созинде «Балаларынызга гажайыптын жок екенин тусиндиргенде оздериниз де озинизди тындай отырыныз» деп еди.
KILYZAMAN
Біраз нәрселердің басы ашылыпты осы жерде
KILYZAMAN
Бір қызығы — пирамида тоқтар емес: МЛМ деп өзгередіде кете береді
кете береді. Вебинарий түріндегілері де жетіп артылады…
Zilola
Мен көбінесе Төле би мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы Силк Уейдегі интернет клубқа баратыным рас. Сонда, нешетүрлі ауылдан келген ауызынан сүті кеппеген қыздар, ауызы ашылып қалған келіншектер өріп жүреді. Осы топты бастап, жұлқынған өзіміздің қазақ қыздары жүреді. Олардың бәрін ертіп апарып, компьютерге телміртіп, бірнәрселер көрсетеді. Шет жағасын естіп қалғанымда, Тайландқа кете қаласың, бриллиантты мынадайға сатып алдың, енді сенің бриллиантың мынша түрады деп құлағына іліп жатқан. Ішіңіз пысып жатса, қызық үшін Силк Уейге барып бақылап қайтыңыз.
Adiletshu
Сол жер желілік маркетингпен айналысатындардың ордасы ғой дейм.
Zilola
аха ))
жыл он екі ай, ығай мен сығайдың, ит пен құстың көп жүретін жері.
Zhan
2010 жылы мені де ағайын сіңлім қайта-қайта қоймай звондаған соң осындай бір сетевиктердің жиынына барғам. Ол мектепте мұғалімдік жұмысын тастап кетіп, соған кіріп кетіпті. Маған бүй дейді: "Әпше, ертең байып кетіп жатсақ айтпады деп жүрмеңіз" деп қояды. Содан бұл ұйымға 111 мың теңге беріп кіруің керек, өзіңмен қоса пәлен адам әкелуің керек. Олар да 111 мыңымен келеді. Мен ойбай айлығым сол сен айтып тұрған суммаға да жетпейді, ондай ақшаны қайдан аламын десем қарызға алып болсын табыңыз деп қояды. Содан не керек, тағы звондап шақырып алды. Туысқан болған соң әлгі компания үшін емес сіңлім үшін барғам. Бір тренингте адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйретті. Мен соңғы жақта есінеп құсынап отырдым қайтқанша асығып. Содан кейін желкемнің шұқыры көрсін деп жоламай кеткем. Былтыр жазда Шымкентке отпускаға үйге барған кезде естідім, әлгі сіңлім байымақ тұрмақ, қу тақырға отырып, Астанадан Шымкентке ауылына кетіп қалыпты. Апам жыны келіп, «Ол қыз сені де шақырған екен ғой» деді. Мен «иә» деп үндемей қоя салдым.
KILYZAMAN
Негізі, МЛМді дұрыс ұйымдастырса ұлттық тауарларға тигізер пайдасы да жоқ емес сияқты
AL-ASTER
Мен ертеден бастап көрдім. Көбісіне бардым. Шүкір, бір тиын төлемедім ешқайсысына (беретін ақшам да жоқ ед). Барлығы бір-біріне ұқсас сияқты механизмі, тек ұсынатын продукциялары әр түрлі. Былайша, оқудан соң бос уақытқа жұмыс іздейін деп ойлағам үйде жата бергенше. Сосын енД оқу кешкі 5-ке дейін азаннан, ондай жағдайда жұмыс жасау қиын. +юхтау керек дұрыстап сосын оқуға қарау керек, міне осындай да осындай жұмыс бар дегендердің 90 пайызы осындай пирамидалар болып шықты. Соңында бірден сұрайтын болдым: беретін жұмыстарыңыз пирамида ма емес па деп) Шынымды айтсам, шамалы қаржы жағынан бірдеңелер түсінгендей болдым, бірақ ондай жерлер оқуын ьегін үйретед да шамалы сосын ақша сыпыруға көшкенде зым болып кетем болд, звондаса келесі жолы звондама деп бетін қайтарып тастаудан басқа вариант жоқ. Енді өсти бергенде вот соңғы уақыттары достарым ақша сұрайтынды шығарды, сөйтсем пирамида екен. (лібә, негізі менің де артым сезетін осы бәле гипноздалып кеп тұр деп)
Былайша, дұрыс оқуын оқып, қосымша жұмыс жасап жүрген кей балалар ақшасын осындайларға лақтырып қоятыны өкінішті әрине.

Менің жақын туысым (ну енД жас жігіт, ағам ғой туысқан) кәсіппен айналысып қаржы жинап жүрген, осындаймен басын қатырып бірнеше жыл жинаған ақшасынан айрылып, соңында лібәд көк тиынсыз қалд. Қазір қайта сол кәсібін бастап жүр.

Ал, меніңше ондайға ақша салуға мүлде болмайды, себебі мен осындай жолмен дұрыс өмір сүріп жүрген адамдарды көрген емеспін. Өз көзіммен көрген емеспін. Талай естісем де. Көрмеген соң, оған сеніп те қажеті шамалы. Оданда оған кететін ақшаны пайдалықрақ бірдеңеге жұмсау керек, ал оған кеткен уақытқа оданда бірдеңе үйренуге жұмсау керек. Тек пирамида емес.

Алғаш барғанда қасмда бір оңтүстіктің баласы болған. Ол көзі ашық мықты бала. Мен басымды изей бергенмін ғой, ол болса анау қызбен ұрсысып жатыр. Айтад:
-Мына ақша келу жолы түсініксіз. Сен бізге айтсай, біз не істеу керекпіз?! Кірпіш қалаймыз ба, жер қазамыз ба? Еңбек еткен үшін ақша келу керек қо, әйтпесе аспаннан ақша қалай түсед?! Не істейміз, сол істейтін жұмысты айт десе үндемейд анау қыз. Сосын ашуланып пирамидаң құрсын деп кетіп қалдық, үндеген жоқ.

Жалпы айтарым, адам деген білмейтін затына үңілуді жақсы көред екен. )))
a63a1
осындайға ілігетіндерге гипноз жасалама әлде, әлде қалай?
rakisheva
ооооооооооой, бірінші өтірік алдап шақырып алады. Сосын отыра тұр отыра тұр деп миииииииииииииииииииииииииииынды ашытады. Түрлі адамдар кеп лекция оқиды (сабақта лекцияда ұйықтап отыратын, анада ұйқын кеп өлесің). Құрбыңның көңілің қимай отыраааааасын сосын. Сосын бұндай нарселер мені қызықтырмайды десең «Онда ешкімге жамандамашы» деп өтінеді. Короче осындай жаман нарсе  Бекер кеткен екі сағатым-ааааааааааааааааай
edige
ПираМММида деген фильмі де шыккан екен… сілтемесімен
Кайдан гана батпан куйрык десем