Елге барып қайттым... Жақсы және жаман...
Пазитив:
Той басталды ауылда, той басталды,
Тәтті тілек айтылсын ойлы-асқарлы.
Бұрын соңды болмаған Мақтаралда,
Гүрілдеген, дүрілдеген, той басталды.
Бәйге аттар ортадада ойқастады,
Сері жігіт сұлу қызға ой тастады.
Бұрын соңды болмаған бұл маңайда,
Гүрілдеген, дүрілдеген той басталды.
Ассалаумағалейкүм, жиналған топ, құда жекжат, ағайын!
Ата дәстүр салтымен осы тойды бастайын.
Өлең айтып сарнайық, қызмет етіп талмайық,
Той қызығын шалқытып, таіды таңға жалғайық,
Шаттанайық, той жасайық, жылдың 12 айында,
Қошеметпен қол соғайық, Едігенің беріп жатқан шілдехана, бесік тойында!!!
/Асабаның сөзінен үзінді/
ІНЖУ ҚЫЗЫМА БЕСІК ТОЙ ӨТКІЗДІМ.
Негатив:
«Туған жер» деген ыстық қой. Қол үзіп келдім. Бармаймын демеймін. Бірақ, бірақ…
Елге барып көңілім құлазып қайтты. Көз алдыма құйтырқы саясаттың арқасында Өзбекстанға өтіп кеткен Арнасай мен Амангелді елді мекендері есіме түседі. Қазірде ол жақтарға құс ұшып өте алмайтын жағдайға жеткен. Суық қарулы өзбек әскері, ата-баба әке-шешенің қараусыз қалған мазары, 85-ке келген атаның өзі туылған ауылдан кеткісі келмей, уйінің бұзылғанына жүрегі шыдамағаны, мектеп директоры мен шаруашылық орынбасары соққыға жығылып қайтыс болған директордың бейнесі мен оның жұбайының әділет іздеп көрші елге өте алмауы, егіннің суғарылу науқанында суды көрші елдің жауып қойып зар қақсататындығы мен сусыз жерге егілген мақтаның зары, бәрін айт та, бірін айт «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама»… Ішің әлем-жәлем болад ше…

Бір жөні болар.
Жынға тидің ғой көңілді біресе көтеріп, біресе түсіріпДұрыс жаздым ба…
айтпаңыз. Енді Қызыл әскерге жақындаса Мақтарал толығымен Өзбекстанға өтіп кететін шығар.((