Мақтана бермеңдерші

Мақтана бермеңдерші. «Келе жатырмыз» «Бара жатырмыз» деп. Онсыз да ішім күйіп жыным кеп отыр. Блокгамке бара алмайтын болдым.
«Ақылы қарнында» семіз бастық іссапарды қырсық шалып 18-25 аралығына қойыпты. Сөйтіп «Жақсы емес адамдар» Алматы 2 ден сағат 05-52 де поездбен кетіп барамыз… Барғандай болмайды, амалсыз теледидардан көруге әрекет жасаймын. Мүмкіндік болса суреттер, видеоларды көптеп түсіріңдерші.
Жақсы өткізуге тілектеспін.
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
Алматылықтар аман болсын, әлі талай кездесу болады ғой. мысалы жазда Керекшілер кездесу ұйымдастырсақ деймін Алматыда.
edige
Жақсы болар еді. :) Көңілім орнына аздап түсті.
Gastarbaiter
Жаздық комбинезонымды дайындап қояйын.
urimtal
Бурабайда шығар деп жүрсем :(
asaubota
Алматылықтар көп болғасын жазда сонда тағы жиналамыз ба дегенім ғой керекшілер болып, Бурабайға келе аламыз десеңдер пажалыста, ұйымдастырамыз ғой.
Nurgisa
Иә, Бурабай да қарастыруға тұрарлық альтернатива. Былтыр журналистер күнінде барудың сәті түсіп еді, мықты әсерде қайттық.
urimtal
Біраз зерттеп көрелік. Меніңше Бурабайға жиналған жөн сияқты немесе Қарқаралыны да ойланып көруге болады. Палатмен кэмпке шықсақ қой, шіркін! :)
asaubota
негізі жақсы вариант Бурабай. үлкен бір коттедж жалдауға болады екен, солай тиімді де болады бізге. Астанада қызық ештеңе жоқ бәрібір, вокзалдан бірден кету керек Бурабайға.
urimtal
Жақсы, инш, асықпай ақылдасайық. Мынауымызды аман-есен өткізіп алайық :)
omarbirat
Жазда демалыс алып, Сарыағашта бір апта жатып алсам деген ой бар еді. Бурабайға тартып кетемін-ау деймін :)
asaubota
кел, кел. сен келсең еріп барып қайтамыз біз де :) шынымен тамаша жер және қатты қымбат та емес, жолай Астананы да көріп кетесіңдер Бәйтерекке шығып, Думандағы балықтарды қарап, сосын Меганы көрсетем :))) Сендерде Мега бар ма? а?
omarbirat
Мега бар ғой. Алматының бүкіл мақтаншақтары жиналатын жер ретінде қарастырам оны өзім :))
omarbirat
Думандағы балықтар көруге тұрарлық нәрсе ме дедім.
asaubota
теңдесі жоқ, қасындағы Джунгли де күшті балаларды апарсаң. сосын Ханшатыр да күшті.

айтпақшы біздің жұмыс жақта салауатсыз өмір салтын ұстанатындарға арналған кабак бар.
Gastarbaiter
Алматыда бірінші ашылмап па еді мега?
sammita
екеуіне де барыңыз кезекпен. Былтыр Сарыағашқа барып, күшті әсерде қайттым, тынығып, емделіп. Онда балшық, арасан суымен емделген тамаша. Бурабайдың ауасы, табиғаты керемет.
Gastarbaiter
Ақтөбеде біреу қалды ма өзі?