Адамгершілік туралы


Алматы. Наурыздың бірі. Әр күнгідей аялдамада көп адам. Сығылысып ілініп автобусқа кіріп алдық әйтеуір. Аяғымыз үш аялдамадан соң жерге түсті. Студенттер, егде адамдар, оқушылар басым көпшілігі. «Бүгіннен бастап жүру құны барлығына бірдей 50 теңгеден» деп жүргізуші көңілді күйін танытып жарияға жар салып жатыр.
Адамдар: — Студенттер мен пенсионерлерге 25 теңге гой.
Жүргізуші: — Аты жөндерің жазылған жүру билетін алмайсындар ма ертерек...- деп жекіп тастады.
/Ол Заңның шыққанын барлығы 28 ақпан күні кешқұрын теледидардан көрген адамдар. Тойыс кеше/
Адамдар: — Симай жатырмыз, тоқтап адам ала бермеңіздерші
Жүргізуші: — Ұнамаса түсіп қал, маған не дейсің.
Көптің ішінен бастырылып, қиналып кішкене бойлы бала есік аузына зорға жетті. Оны өткізіп жіберуге ниет білдірген де жан болмады.
-Сен баланың справкаңды көрсет оқушы деген
/Ол баланың оқушы екені соқырға да белгілі бір қарағаннан/
Төле би көшесіне шығысымен халықтың арасына қалта тінтушілер де қосыла кіріп автобус есігі зорға жабылып кете бердік… Ары қарай «Тар жол тайғақ кешу»

Пысы: Адамдар, не деген қаталсыңдар… Төрт күндік жалғанда жақсылық, ізгілік, адамгершілікті жинастырып барасыңдар.
Бөлісу:

19 пікір

monti
жаяу жүріп дағдыланған жақсы меніңше, не такси/жеке машина т.б.
edige
«Күріш болса палау істеп жер едім ау етіменен майы, сәбізі, пиязы болса» деген екен бір студент
satibaldi
«Капүйтализм!» © Арнольд Шварценеггер, «Красная жара».
sammita
тағы бір мақтанатын поводты қайтіп құр жіберейін енді:)) Астанада жолаушылар тасымалы өте жақсы жолға қойылған. Билет құны 60-65 т. Жүргізуші, кондуктордың бірыңғай формасы бар, билет беру міндетті, дөрекі сөйлеу, темекі шегу, асығыс адам отырғызу, жылдамдықты арттыру орын алса, салонда жазулы телефонға хабарлауға болады, шағым түссе дереу шара қолданылады. Сыйымдылығы үлкен автобустар көп, "қытайдың шағын «автобусшаларын» мүлдем алып тастайды" деген қауесет бар. Бір жақсысы қызметтік көлік тасымалдайды бізді, жазда бәлкім қайта автобуспен жүрерміз.
AKY
Зато пыраез қымбатырақ, және студенттерге скидка жоқ бізде(
sammita
айлық жоғары басқа өңірлерге қарағанда, сол себепті-мыс.
ПыСы: Кездесуде Едігенің айтқан әңгімесі:
-Күріш қаншадан?
-250 теңге.
-Қымбатқа алғансыздар ма?
-Пенсия көбейді ғой.
-Не мен, пенсионерге ұқсаймын ба?:)))
edige
Есте сактау кабілетің керррррет
bazuka
білмим ай ау өткенде бара жерге жетем дегенше шаққа тұрдық әлде сырттан келгендерді жатырқады ма))) біздегідей вокзал жақтан ғана норма жүреді екен қоғамдық көліктер.
edige
«Біздің халық жалқау болып барады, 500 долларлық айлыққа жұмыс істегісі келмейді» — ден КентКанцлеріміз теледидарда. Стол басында 10 адам, жұмыс таппай жүрген 7 адам отырып көрдік
aza
Ақтауда жолақысы 25 теңге))) Қайдам… Қаншаға созыларын кім білген?!
monti
Ақтауда жолақысы 25 теңге)))
Актау қайдасын деп көшіп кетіп, ол жақтыда, пробка қып тастаймыз ғо деймін а))))
sammita
ең арзан жолақы құны Түркістанда деп естіп ем.
patick
Тағы бір рет қазақтардың қоғам болмайтынына көз жеткіздім
Gastarbaiter
Жалпы адамзат қоғам болмайтын сияқты))))
Сидыртпай жіберген адамың хал үстінде жатқан туысына жете алмай тұрған бейбақ болуы мүмкін.
Әлемді өзгертуді өзіңнен бастау керек.
ushkin
Кеше автобусқа мінгенде өтірік бімегенсіп: -Өй, жол ақысы 25тг.емес пе? Қайдағы 50?-деп едім ғой кондукторға. -Мына қара, мына заңды!-деп көзіме шұқығандай етіп ілініп тұрған парақты көрсетті. Иә… Келесі автобусқа мінгенімде, -Біз тек бұйрықты орындаушылармыз,-деп ақталып жатқан кондукторды көрдім…
manshukn
Енді автобуспен жүруді азайтатын шығармыз. Тем более, студенттерге қиын болды. Бір досым айтып еді: «Студенческий деп сүйкімің қашпайтын болды»деп. Бірақ, бұл дегенің қарапайым халықты "қанау" ғой. Скидкамен жүретіндер қайбір жетісіп өмір сүріп жатыр дейсіз.
Djina
Атырау қаласында да 50 теңге болып жатыр… Басты себеп 45 теңге болса, 5 теңгелік қайтарым табу қиын көрінеді кондрукторға…
AsanQaigy
велосипед алу керек, бірақ қыста қиын…