Chance күнделігі: Тарих

ZAZ Chance (Шанс) Қазақстан нарығында биыл пайда болды десе де болады.


алғашқы Daewoo Lanos

Жаңа «Chance» — бұрынғы «Daewoo Lanos». Машина сол корей көлігінің негізінде құрастырылып келеді. «Daewoo Lanos» 1997 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Сол кезде көліккке С санаты (кіші ортаңғы санат) берілген.
Әрі қарай

Тосын сый деп осыны айт!

Майкл Ди деген полицей мұжық «Тойота Камри» алған екен. АҚШ-та болғасын, әрине, несиеге. «Тойотадағылар» оның 50 миллионыншы сатып алушы екенін анықтап, несиесін өз қалтасынан төлеп беріпті.
Сыйлықтары мұнымен бітпеген екен…
Сатып алған «Камриінің» үстіне, компания тағы «Тойота РАВ4» сыйға тартыпты!
Әрі қарай

Chance күнделігі: Қателіктермен жұмыс және бастапқы шығындар

Өткен постымда екі брак туралы айтып едім ғой. Мәселелер шешілгендей болды.

1. Салонның артындағы диванның бір жағы астынан дұрыс бекітілмепті. Орындықтың астында ілмек бар, бірақ сол ілмек кіріп тұруы тиіс саңылауға салғанда ілінбейді.

Шешімі: Ілмекті қысқашпен қайырса дұрыстап ілінеді екен.

2. Артқы фарлары екі түрлі.

Шешімі: Өзі солай болуы тиіс екен. Жалғыз Шастан емес, басқа маркалардан да артқы фаралардың екі түрлі болғанын байқадым. Так что, зауыт ақауы емес.
Әрі қарай

Chance күнделігі: Төменгі одометр капут

Кеше бензин құйғаннан кейін, одометрді әдетімше «нөлдегем», содан кейін істемей қалды. Сол нөлінші километрді көрсетіп тұра береді. Қалай ойлайсыңдар, панельді өзім ашып, тексере аламын ба, әлде механикке бару керек па?
Әрі қарай

Chance күнделігі: Бірінші техникалық күтімнен өту


2000 шақырым жүргеннен кейін автосервиске барып техникалық күтім (әрі қарай — ТК) жасату керек. Оған май ауыстыру, ремендерін тарту, диагностика секілді ұсақ-түйек қызметтер кешені кіреді. Құны 8 мың шамасында. Бармауыңа да болады. Бірақ мен бір көрсетіп алуды шештім.

Жалпы 2000 шақырымды 3 ай жүріппін. Осыған дейін анықталған ақауларына тоқталғым келеді.
Әрі қарай

Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!

Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қандай дәрі-дәрмек болуы керек?
2015 жылғы 11 қаңтардан бастап елімізде автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасы жаңадан жасақталуы тиіс. Бір жақсысы, «зеленка», «йод», «кеторолак» секілді алғашқы көмекке еш қатысы жоқ препараттар алынып тасталды. Енді жаңа тізім бойынша мына дәрілік заттар болуы керек:
  • сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон),
  • зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана),
  • зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана),
  • қан тоқтатқыш жгут (1 дана),
  • бактерицидті лейкопластырь (5 дана),
  • медициналық лейкопластырь (1 дана),
  • эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),
  • зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп),
  • доғал ұшты қайшылар (1 дана).
(Тізім Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтынан алынды)

Қобдишаға шығындалма
Бұған дейін менде аптечка болып көрмеген еді. Жаңа бұйрық шыққаннан кейін, жасақтап алайын деп шештім. Қобдишаға шығындалмадым, үйде Жаңа жылда біреулер сыйлаған, ішіне тәттілер салынған фанера қорап бар еді. Ішіндегілерді жеп тауысқан соң, соны медициналық қобдишаға бейімдеп алдым:
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаға қатысты нақты талап жоқ. Бастысы дәрі-дәрмектерді сыртқы факторлардан қорғайтындай болса жеткілікті.

Міндетті дәрі-дәрмектерді іздеу
Ең басты мәселе — қажетті дәрі-дәрмекті табу болды. Үйдің жанындағы шағын дәріханадан бәрін тауып аламын десеңіз — қатты қателесесіз. Өз басым талай дәріханаларды аралап, әрең жинақтағандай болдым. Дәлірек айтқанда — толық жинақтауға аз-ақ қалдым. №6 эластикалық түтікшелі бинтті 1 апта бойы іздеп әрең тапсам, ал зарарсыздандырылған таңу пакеті ешбір жерде жоқ болып шықты. Бір фармацевт қала бойынша ешбір жерден таба алмайсың деп қорқытып қойды. 1-2 аптадан кейін тағы сұрастырып көру керек, мүмкін жаңалары түсіп қалар.

Ал бұның бәрі аптечка туралы бұйрықтың шалалығынан ба деп ойлаймын. Олар осы препараттарды жарияламас бұрын нарықты зерттеп алуы керек еді: дәрі-дәрмек қажетті мөлшерде бар ма, жоқ болса дәріханаларға алдын-ала тапсырыс беріп қойыңдар деп ескертілсе — жаңағы мәселе туындамас еді. Таңу бинті деген негізі хирургтардың ғана арнайы тапсырысымен келетін нәрсе екен. Дәріханаларда бола бермейтіні де сондықтан, ол тек операция үшін бірден ауруханаға жеткізіледі. Сөйтіп, 13 міндетті заттың 12-сімен әзірге жүре тұрамыз. Айтпақшы, сатып алуға барғанда қажетті дәрілердің аты-жөндерін орысша апарып көрсетіңіз, бұл заттардың қазақ тіліндегі аттары барлық жерде бірдей емес және жалпы дәрілік атаулардың қазақшасы кең қолданыста емес екенін түсінетін шығарсыз.

Дайын аптечка бар емес пе?
Дайын аптечка туралы армандамай тұра тұрыңыз. Жаңа тізім бойынша жасақталған қобдишалар 2-3 айдан кейін ғана сатылымға шығады екен.

Аптечканы қайда қоямын?
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаның машина ішінде орналасуына қатысты да бекітілген талап жоқ. Ең бастысы күннің көзінен аулақ, қажет кезінде тез табылатын жерде болуы керек. Форумдарда автомобильдің білгірлері ең қолайлы жер — жүргізуші орындығының асты деп есептейді. Күн түспейді, ауа температурасы бір қалыпты, қол жететін жерде.

Барлығы (әрине таңу бинтін есептемегенде) 2100 теңгеге шықты. Негізі бұдан да арзанға шығуы керек деп есептеймін. Ажиотаж кезінде фармацевттер пайда көрудің амалымен бағаны сәл өсірген шығар деген күдіктемін. Ең қымбаты басы доғал қайшы болды — 1400 теңге.
Әрі қарай

«Бітпеген іс» немесе «қарға батқаным туралы»

Кеше өзіме 1-2 сағат көлемінде уақыт бөліп, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекендерді, нақтырақ айтсам, қыстың соңғы күнін фотосуретке түсіруге беріліс қорабы автомат көлікпен шыққам. Фотоға түсіріп енді бастап келе жатқанда, дөңгелектерім жаңа, барлық мезгілге арналған болса да, қарға баттым да қалдым. «Автоматтың бір кемшілігі осы» деп ішімнен ойлап қойдым. Алдын-ала айтып қояйын, мен әлі кәсіби фотограф емеспін, бұл мен үшін әзірге жай ғана мейнстрим.
Әрі қарай