Тосын сый деп осыны айт!

Майкл Ди деген полицей мұжық «Тойота Камри» алған екен. АҚШ-та болғасын, әрине, несиеге. «Тойотадағылар» оның 50 миллионыншы сатып алушы екенін анықтап, несиесін өз қалтасынан төлеп беріпті.
Сыйлықтары мұнымен бітпеген екен…
Сатып алған «Камриінің» үстіне, компания тағы «Тойота РАВ4» сыйға тартыпты!
Бөлісу:

17 пікір

omarbirat
"Құдай берем десе, форточкадан-ақ бере салады" деуші ме еді?
zholantai
сонда мен 50-ші сатып алушы болып, қазақстанда алсам, маған да сондай жомарттық жасар ма екен?
omarbirat
50 000 000-шы болуың керек
zholantai
менде қате теріліп кетіпті, 50 млн-шы дегенім ғо,
omarbirat
49 999 999-шы сатып алушысы  жатқан шығар
zholantai
тіркеу қалай жүргізілген екен? тойота сұмдық сатылад ғо
omarbirat
Оны қалай анықтағандарын білмедім.
Тойотаның жақсы сатылатыны рас. «Тойота Королла» — әлемде сатылуы жөнінен бірінші орында. Қанша жылдан бері оның рекордын басқа машиналар бұза алмай келе жатыр-мыс.
zholantai
енді, енді «Королланың» бағасы да, сипаты да әдем ғо
asaubota
әдемі жарнама

кім тексеріп жатыр мысалы шынымен ұтып алды ма деп? бірақ Тойота туралы бәрі әңгіме айтып жатыр
Anar70
шіркін ай, өмірімде бір рет болсын тосын сыйға ие болсам ғой))
neoaskar
Анар сіз, ондай сыйға ие болғансыз, яғни, өмірге келгеніңіз. қалғаны жәй дүниелік заттар ғой
Anar70
Аскар, аздап армандағаным ғой, әрине ӨМІР, онымен ешкімнің дауы жоқ.
asaubota
сіздің жас кезіңізде сюрприз, сюрприз жасау деген сөздер болған жоқ па?
Anar70
ииии біздің кездегі сюрприздерден асылып қалғың келетін
MickThatsMyNick
тойота деген жақсы ғо
Anar70
тойотаң болса жақсы, болмаса несі жақсы