Қош бол, Күрең-қасқа!
Бабыңдасың келсеңде 20 жасқа,
Сатылдың паһ! Тұлпарым күрең-қасқа!
Сен мені соқпай жұмсақ зырлатсаңда,
Кәртіріңді соқтым талай, тіреп тасқа.
Бірі ұзын, бірі кесік шорт құлағың,
Ауылада тұр қаңсырап «ақ тұрағың».
Беске дейін ойнатқанда коробкіңді,
Шаптырым боп көрінушед жырағың.
Төрт цилиндр жүз он бір қозғалтқышың,
Талай жолда, жүректе от маздатты шын!
Жүз жирма төрт шанағың, ерек едің,
Біраз жүйрік қалды артта білмей күшін.
Қиық көзге әзірге қарғымадым,
140 тан басқасы тар қылама?!
Затың неміс болса да жарықтығым,
Жаның қазақ едіғой арғымағым.
Айналайын тұлпарым күрең-қасқа
Әлі 20 шабасың жыл, қатты саспа
Адалынан қайырлы бол алған ерге
Қош бол сұлу! Қожайының енді басқа!
16 пікір