Chance күнделігі: Қателіктермен жұмыс және бастапқы шығындар
Өткен постымда екі брак туралы айтып едім ғой. Мәселелер шешілгендей болды.
1. Салонның артындағы диванның бір жағы астынан дұрыс бекітілмепті. Орындықтың астында ілмек бар, бірақ сол ілмек кіріп тұруы тиіс саңылауға салғанда ілінбейді.
Шешімі: Ілмекті қысқашпен қайырса дұрыстап ілінеді екен.
2. Артқы фарлары екі түрлі.
Шешімі: Өзі солай болуы тиіс екен. Жалғыз Шастан емес, басқа маркалардан да артқы фаралардың екі түрлі болғанын байқадым. Так что, зауыт ақауы емес.
Бүгін орындық тыстарын (4500 тг), аяқ астына резина кілемшелер (3500 тг), магнитола (4000 тг) алдым. Магнитоласы «Барыс» деп аталатын отандық сапасыздау өнім екен, пластик рамасын салмай жатып сындырып алдым . Бастапқы шығындар осы.
Бонус
Өткенде жігіттер капоттың астын көрсет деп еді ғой. Солардың сұрауымен

17 пікір