Chance күнделігі: 5555 км
5555 шақырымды артқа тастадым. Салоннан алғаныма 11 ай болды. Осы аралықта қандай қызықтар болды деп сұрарсыз сіз?
Мына қауымдастыққа ілескен оқырман сатып алған күнгі қуанышымды да, алғашқы ақау — одометрдің істен шыққанын да білетін шығар. Кейін анықтағанымдай, одометрдің істен шығуы өзімнің кінәм екен — жүріп келе жатып «нөлдемек» болдым.
2 мың шақырымнан кейін жоспарлы техникалық күтімге барып, майын ауыстырғанымды да жаздым.
Қыс кезінде аздап каприздері бар екен: АИ-92 бензиніне оталуы қиындайды. Амал жоқ, араластырып 95-ші бензин құйып жүрдім. Бұны автоәуесқой форумдардағы мамандар "қазақ бензинінің стандарттарға сай еместігі, ал еуропалықтарға бейімделген көліктегі мотор жүйесі нәщәр жанармаймен үйлесе алмауынан" деп түсіндірді.
Бүгін 5555 шақырымды артқай тастай отырып, жағдайдың бір қалыпты екенін жазғым келеді. Ешқандай өзгеріссіз, штаттық режимде жұмыс істеп тұр: сұйықтықтары өз деңгейінде, датчиктер көрсетіп тұр, электр қондырғылары істеп тұр, бөтен дыбыс жоқ.
Бір ғана нәрсе бар: бензин шығынын түсіре алмай-ақ қойдым. Құйған 10 литр қала ішінде 80 шақырымға жетеді. Біреулер қала үшін норма дейді, біреулер кері пікір айтады. Негізі 100 шақырымға 7-8 литр ішуі керек еді.
Машинамен тіпті жүрмегенге ұқсайсыз, мен 2 жыл ішінде мына мәшінмен 100 мың жүріппін