Chance күнделігі: Бірінші техникалық күтімнен өту


2000 шақырым жүргеннен кейін автосервиске барып техникалық күтім (әрі қарай — ТК) жасату керек. Оған май ауыстыру, ремендерін тарту, диагностика секілді ұсақ-түйек қызметтер кешені кіреді. Құны 8 мың шамасында. Бармауыңа да болады. Бірақ мен бір көрсетіп алуды шештім.

Жалпы 2000 шақырымды 3 ай жүріппін. Осыған дейін анықталған ақауларына тоқталғым келеді.

1. Қосымша стоп-сигнал лампасы жанып кетті.
Алғаннан кейін 1,5 ай өткен соң салонның артқы жағында тұратын қосымша стоп сигналы жанбай қалды. Предохранитель шығар деп ойлағанмын, бірақ лампадан болып шықты. ТК кезінде ауыстырып берді.

2. Салқын түсе келе оталмайтын болды.
Бұл бір күтпеген жағдай болды. Қатты аяз басталғанда оталуы проблема тудыра бастады. Яғни кілтті 1 бұрағаннан оталмайды. 4-5 рет кілт бұрау әрекетін қайталауға тура келеді. Жаңа жылдан кейін сервиске барып көрсетіп едім, диагностика жасап ештеңе таба алмады. Өздерінің айтуынша осындай шағымдар көп түсіп жатыр. Бәріне себеп нашар бензин-мыс.

Үйге келген соң эксперимент жасап көрдім. Бұрын RP колонкаларынан АИ-92 алатынмын. Дәл сол колонкадан АИ-96 құйып көрдім. Таңертеңгі мұздай суық кезінде жарты бұрағаннан-ақ «гүр» етіп от алып кетті. Бірақ қайтадан 92-ші бензинді құюым мұң екен, ыңқылдап әрең оталады.

Бүгінгі ТК кезінде осы мәселені тағы көтеріп едім, бұл шешілмейтін нәрсе екенін айтты.

3 айда анықталған ақаулар осылар. Айтпақшы, өткенде 1 аптадай қатты шиқылдап, қырылдап жүрді. Бір жеріне қатып, үйкеліп жүрген мұз шығар деп ойлағанмын, қателеспеппін. Уақыт өте келе ол артық дыбыс өзі жоғалып кетті. Біреулер тіпті подшипниктен деп қорқытып еді.

Қалай екен?
Жалпы қорытынды: автомат екен деп жұлқынған, тентек «Тойота» күтпеңдер. Жылдамдықты жаймен алады, «тез шауып кетуі» қиындау. Бірден газ педалін қатты бассаң: «Че за қойна?» дегендей таңғалыс білдіреді. Жылдамдықты асықпай өсіргенді ұнатады. Біреуді басып озамын дегенше ол сені екі рет басып озуы мүмкін. Трассада аздап гуіл бар. Бір ұнатқан жерім — қаланың пробкаларына арналғандай. Өзі шағын, басқарылуы жеңіл. Ешкіммен жарысамын деген де ой жоқ, мен үшін бұлардың бәрі норма.

Келесі техникалық күтім 10 мың шақырымнан кейін.
Бөлісу:

13 пікір

serjan
Ескілеу болсада жапон көліктері дұрыс.
Marco
Өз-өзінен жоғалып кеткен дыбыс күмілжітіп отыр)
daugozhek
Күрең-қасқамды саттым, алған жігіт ризашылығын білдіріп звондады жаңа ғана. Астанаға дейін 160-170 ұстап отырдым дейді. Ол қасқа осындағы біраз қасқаны да тасыған еді)))
omarbirat
Күннің астына қойып, жібігеннен кейін мұзды теуіп-теуіп түсіріп тастаған дұрыс. Дөңгелектің протекторларын жеп жүрген болмасын. Күн суықта мұзды теуіп түсіруге рекомендемеймін — бір қабат сыр бояуын сыпырып түсірсе тағы
patick
Тебу жағын қатырып жүрмін ғой. Қырылдап жүргені әлгі дөңгелектің аяқ-қол жетпейтін жерлеріне қатып қалудан ба деп ойладым.
omarbirat
Бірден газ педалін қатты бассаң: «Че за қойна?» дегендей таңғалыс білдіреді. Жылдамдықты асықпай өсіргенді ұнатады. Біреуді басып озамын дегенше ол сені екі рет басып озуы мүмкін.

Литражы аз мәшинелердің ортақ қасиеті мен деймін. Менде де ондай жиі болады: Тойыс, «Шо за қойня?» деп ойланыыып тұрады да, «Данунақ» деп тарта жөнеледі. Біреуді басып озайын деп газды бассаң, алдыңғы мәшинемен қатарласқанда ойланып, тоқтап қалғандай әсер қалдырады
Barsa
Әлбетте келесі скоростьқа машинаның обороты 2000-нан сәл асып барып түскені дұрыс. Қатып қалған не жазылған заң емес. Бірақ, одан әрі көтерсең әлгіндей «Данунақтар» машинаны есеңгіретіп тастайды. Біртіндеп коробканы бұзады.

Менде Нысанның Примерасында сондай проблема болған, оборот 4000-ға дейін көтерілмей бірден екіге түспейді. Кейін анықтағанымыздай, коробкада шестерналар желінген екен. Сервисте түсіндіргендері май-су уақытында ауыстырылмағаннан және қатты разгонять еткеннен пайда болған проблема екен.
AsanQaigy
patick Chance-тың «шатырлары» блогтұғырда отандық өнімді оң қырынан PR-ить етіп жүрген сені назарға алып, арнайы айлық төлеулері керек сияқты. Сонғы кезде керекке тек сен және «торы» шансың үшін кіретіндігімді байқадым. Алам ба деп ойлап та жүрмін.
patick
Пиарить етемін деген мақсат жоқ. Тек тәжірибеммен бөлісуді ойладым. Барынша оптималды болуға тырыстым.
Barsa
Орыстың Вазынан, өзбектің Дэуінен, украинның Шансынан бірнәрсе дәметудің өзі күнә. Тым болмағанда кәрістің Киасы мен Хюндайын сатып алыңдар. А так, біздегідей шұрық тесік жолдарға жапондардың автосына жететіні жоқ
Barsa
И, ваще 1,4 автомат үшін өте аз. Разгонять ету үшін оптимальды вариант 2,0 деп білемін.
bake
Екінші кезекті техникалық күтім (ТК-2) кезіндегі есеп-жазбаңды күтемін. Сирек кездесетін техникалық және қажет жазба +1000..0