Соқыр теке
Бала кезімізде осы ойынды көп ойнаушы едік. Көп балалы үйде өскендікі болар?! сол кезеңдерде әр үйде 5-6 баладан кем болмаушы еді ғой. Қазір ғой 5-6 жылда бір бала… Қой бірді айтып бірге кетпейін...
Иә, соқыр теке ойнайтынбыз. Біреуді соқыр теке қылып, яғни көзін әжеміздің орамалымен немесе атамыздың шарпысымен таңып тастаймыз. Айналасындағы қашып жүрген балаларды әлгі «соқыр теке» ұстап алуы керек. Ұсталған бала «соқыр текеге» айналып отырушы еді…
Одан қалса тығылыспақ ойнайтынбыз.Үйдің ішінде.Домалақ үстелдің асты, шипәнердің үсті, іші, тіпті жүн түтіп отырған әжеңнің етегі де тығылуға жарай беретін еді ғой, шіркін… күнде ойнап, күнде тығылып жүрген жердер болса да жалықпай ойнайтынбыз осы ойындарды…
Әрі қарай

Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?
Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…
Бала кезімде жаз шығысымен жайлауға кететінмін. Қаншама сарала қаздың інін қарадым, таппадым құмай күшікті. үлкендерден сұрасам мыңнан бірі күшік болады деуші еді. Сіздер осындай аңыздарды естіп пе едіңіздер?