Мен ойлап таптым...

Жұрттың бәрі бір нәрселерді ойлап тапқыш-ақ.Шетінен жолы болғыш."Қарап жатқанша жалап жат«дегендей менде бос жатқанша бірдеңе ойлап табайын деп шештім.Ақыры ойлап таптым! Айтсам сенбейсіздер ғой.Мен спамның басқаша түрін ойлап таптым. Сіздер көрмеген, естімеген спам! Сіздің поштаңызға, я болмаса ұялы телепоныңызға хат ретінде келетін спам емес бұл! Бұл спам ерекшелігі „дауысты спам“ болғандығында. Алдымен өз дауысыңызбен „Әлемдегі ең асыл жан-АНА! Қиналсаң көмектесетін де, қуансаң сенімен қоса шын сезінетін де АНА! Жұмақта аналардың табанының астында. Осы дауысты хабарламаны өз дауысыңмен 17 досыңа жібер.Сонда сенің АНАҢ ауырмайды, сырқамайды!“
Екінші түрі де бар бұл „дауысты спамның“. Әлгіндей мәтін сөзді даярлап аласызда 17 досыңыздың нөмірін теріп оқып бересіз! Керемет спам емес пе?!
Бөлісу:

13 пікір

edige
«Актив Кселл» «Билайн» байланысында акционер емессің ба?
gunner
Жоңыршқа араластырып шеккен дұрыс, өзіңнің денсаулығың үшін ))
Gastarbaiter
Қызық әңгіме екен, бір демде оқып шықтым, бро
Nurgisa
«бро»сы несі?! «Бор» дегің келген шығар?
Gastarbaiter
ұмытып қалдым не дегім келгенін. Мотивтеріме психоанализ жасап жіберші…
AKY
Мүмкін, «браво»?
AKY
Мүмкін, «брозе» (brother)?
bazuka
біррет ұялы телефоныма құрбымнан және жолдасынан ана туралы спам келді, және оны жиырма тоғыз кісіге жіберу керек екен. оқып жатырып, жаным шығып кетті, құрбымның жолдасының анасы денсаулығы нашарлау кісі еді бірдеме болып қалған шығар деп қорқып кеттім. аяғына жетіп уф дедім ғой. (толық тексті есімде жоқ) содан Ана дегенде жан барма анам аман болсын осы спамды жіберейін деп контактідегі кісілерді теріп алдым да бірден жібере салғам. жалпы келген спамды өмірі ешкімге жібермейтінмін. апам ауылға звондаған мамкаға бірдеме болып қалды ма деп, інім хабарласып сойып салды, быраз сөгіс естіп алдым. сондықтан спамға Ана, Әке, Алланы араластырмасақ жақсы болар еді. жеке ойым бұл.
satibaldi
Жеке ойыңыз болғанымен, қоғмдық меншікке айналғанын ішіңізден жақсы көріп тұрғаныңыз жжасырын емес…