Бояушылар...

“Бояушы, бояшы дегенге сақалын бояйтындар” әлі де бар екен. Оған несіне таң қалып отырғаныма таң қалып отырмын. Көшенің бәрі кезектен тыс сайлаудың үгіт-насихатымен көмкерілгелі қашан. Бәрі де бір кісінің жарнамасы. Баннерлерден де, бильбордтан да күле қарап тұр. Құдды “үйімізде, төрімізде портретте тұрған” Ленин атамыз секілді. Басқа үміткерлердің насихат жұмысы қалта күнтізбесінен аспаған секілді менің ойымша. Шамаларын білген соң шалбарларының қалтасына шамалы тиын алып қалғандары да дұрыс шығар.
Негізгі айтпағым мынау, ел президенттігіне үміткер президентіміздің бір афишасы цирк афишасымен қатар жабыстырылып тұр. Қоғамдық көлікте келе жатқандықтан суретке түсіре алмай қалғаным…
Бөлісу:

7 пікір

edige
1 апрельге қойғанда жақсы болареді. Қуыршақтеатрыңдісссссс дегеннен басқа…
asaubota
басқа үміткерлердің жарнамаларын көрген жоқпын әлі
alisha
осыған дейін даусымды бәрібір соған берем ғой деп басымды қатырып ем… ең құнарлы деген жерімізді 99 жылға қара қытайға жалға бергені ойымнан айнытты. Мэлске беремін даусымды!
alisha
мейлі, менің даусым ештеңені шешпесе де…
edige
Жоспарлы түрде дайындалған бюллетендер белгіленіп урналарға салуға дайындап қойдық халық қиналмасын деп. Біз халық үшін еш қызметтен қашпаймыз. Қарауылдап участковыйлар жатыр өже…
Abilakim
Халықты әурелемей бюллетендерді жәшікке салып қою керек еді
alisha
соны айтам — ау, бірден санап, пайызға шағып…