Сондай өлең...

Аппақ төсек. Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Ақ қағазға ақын өлең жазуда
Көздерімен һас сұлуды сұғып жеп…

Аппақ төсек. Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Май бояумен салды қызды суретші
Суретімнен сұлулықты ұғын деп…

Аппақ төсек.Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Ақ роялдің сазгер басты пернесін
Сұлулықты әннің ішкі сыры деп…
Бөлісу:

11 пікір

alisha
Анары дірілдейтін әйел көрмеппін...әлгі әйелде бір мутациялық өзгерістің бары аян;)))
Abilakim
Дірілдетіп жіберейін бе?))))Тыныс алғанда сәл көтеріліп қозғалады ғой соны жазған тұрім ғой. Саусақ дірілдегенде анар қалыса ма?
alisha
а, астына солай деп түсініктемесін жаза кетсей;))
edige
«Анардың шырынын жаксы корем» с. Коллаж мінезден есімде жок
edige
Аппақ төсек. Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Әбеке… Басқа да маман иелерінің ішкі сезімін жазсаңыз қалай…
Abilakim
Аппақ төсек.көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп
Сантехник бачоктан су ағызды
… болмайды екен)))