Соқыр теке

Бала кезімізде осы ойынды көп ойнаушы едік. Көп балалы үйде өскендікі болар?! сол кезеңдерде әр үйде 5-6 баладан кем болмаушы еді ғой. Қазір ғой 5-6 жылда бір бала… Қой бірді айтып бірге кетпейін...
Иә, соқыр теке ойнайтынбыз. Біреуді соқыр теке қылып, яғни көзін әжеміздің орамалымен немесе атамыздың шарпысымен таңып тастаймыз. Айналасындағы қашып жүрген балаларды әлгі «соқыр теке» ұстап алуы керек. Ұсталған бала «соқыр текеге» айналып отырушы еді…
Одан қалса тығылыспақ ойнайтынбыз.Үйдің ішінде.Домалақ үстелдің асты, шипәнердің үсті, іші, тіпті жүн түтіп отырған әжеңнің етегі де тығылуға жарай беретін еді ғой, шіркін… күнде ойнап, күнде тығылып жүрген жердер болса да жалықпай ойнайтынбыз осы ойындарды…
Бөлісу:

13 пікір

alisha
«Стук — стук!!!» дейтінбіз, жасырынған адамды тапқанда. Сосын біреуді жаңылысып айтса, әлгі «Апазданя точка» деп айқайлайтын. Соның не екенін өзіміз білмейміз. Оның «опознание точки» екенін кейін түсіндік қой.
Abilakim
Біз ондай түсініксіз сөздерсіз ойнаппыз…
alisha
бір қалалық жүгірмектің салып кеткен сара жолы болса керек…
edige
«апа дала душка» дейтінбіз. білмейм неге екенін
Ақсүйек ойнайтынымыз да есте. Акымак екенбіз. сүйекті тез тауып алатын. мақсаты да сол екен гой
alisha
апа дала душка — апазданя точка — екеуі бір нәрсе боп тұр ғой сонда
edige
ия. ойымыз бір жерден шықты. қашан ЗАКСке тіркелеміз. :)
Makhabbat
есіме тусіп кулкім келп кетті…
дәл осындай ойынды біздерде ойнайтынбыз, создерімізге дейін бірдей:)
тыгылып алып бір-біріміздің сырткы киімдерімізді ауыстырып киеміз, адейі шатастыру ушін, сосын шатасып баска біреудің аты айтылса
«Апазданя точка» деп айкайлап шыгатынбыз баріміз, сол не сөз екенін де тусінбейміз.
AKY
"Қауын дегенде шық, қарбыз дегенде шықпаааа" деп айқаладыңдар ма?
bazuka
інімді тауып алу оп-оңай еді)) Хафиз деп атың атасан болды, ау деп шығып тұратын жасырынған жерінен)))
alisha
))), менің ұлым үйде бізден тығылып қалады да, «Мен мындамын,іздеп ал» деп айқайлайды;) сол сияқты екен;
omarbirat
Соқыр теке — Слепой мент