Мүйізатар-рогатка

Біздің балалық шағымыздың баласын мойнына ілген мүйізатарсыз елестету мүмкін емес секілді.Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…
Бөлісу:

17 пікір

edige
Қолдан жасалған ойншықтар… алғашқы белсебет алғандағы қуаныш… Белсебет сынғаннан кейінгі дискісін қуалап ойнау…
Балалығым сені сағындым!!!
sammita
"Қолдан жасалған ойншықтар…"
Бала Шоқанның досы Мысықтың шебер қолынан шыққан саздан жасалған ойыншықтар есіме түсіп отыр.
TERISKEI
Әбеке мәләдессің сен бар ғой ше! Тура осындай рәгәткім болған! Расында да, шіркін, балалық шақ-ай! Осындай нәрселерді қайдан тауып аласың;)
asaubota
бізге үлкен балдар қалың сымнан жасап беретін әдемілеп Ұ әрпі сияқты қылып майыстырып. бас жағында калпачогы болады, оны резинкасы байланған жерге кигізеді. резинканы трусидан, нәскиден алатынбыз.
edige
Бұл енді даму үрдісіне сәйкес «Жаңа технология» болса керек
edige
Қыздардың артқы… /ұятын ай ә/ тартатынбыз жоғарғы резинкеден. Ұрсатын. Қазір байқасақ ұнайтын тәрізді
ErNur
:) Қыздардың балтырларынан ататын едік
alisha
Қаламның бос сабына қағазды шайнап-шайнап, дөңгелектеп, қыздардың бетіне атқандарың бар ма? Біздің кластың жігіттері осылай істейтін-ді…
Abilakim
Аттық қой талай рет.
alisha
жүректі айнытып… есіме түссе жиіркеніп кетем…
Abilakim
аузыңа кіріп кетіп пе еді????
alisha
ауыздан шыққан нәрсе ғой, кірмесе де…
Erkekyz
Ия, есімде балалар осымен торғай атып жүргенде қызығып атып көргенім бар, бірақ сол күйі ата алмадым. Болмаган соң жәшікке жіп байлаулы ағаш тіреп, ішіне дән сеуіп ұстайтынбыз кептерлерді.
Abilakim
Жәй, қалбыр ма бірдеңе атып көру керек екен жазда рогаткамен…
edige
Дабай бірге атайық
omarbirat
Сақау бәтіңке еске түсіп кетті :)
bazuka
біздің ұлдар саусақтарына резеңкені тағып алып қағаздан оқ жасап қыздарды ататын. маған тиіспейді))) үй жұмысын көшіреді ғо))