Киіз үй
Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…
Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Киіз үйдің сүйектері: Шаңырақ, уық, кереге, жарма есік,(бақан).
Киіз үйдің баулары: таңғыш, бас арқан, шалма, желбау, басқұр,үзік бау, бел бау.
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары: туырлық, түндік, үзік және киіз есік.
Туырлық керегені орай уықтың жартысына дейін жететін жапқыш киіз. Түңлік шаңырақты жауып тұратын, туырлықтың үстінен кететін киіз.Түңліңтің төрт жағынан төрт бау байланады.Бір себептен жел тұрса көтеріліп кетпеуді қарастырса, екінші себебі қалаған бұрышыңдағы бауды көтереу арқылы шаңырақты ашады.
Әр баудың атқаратын өзіндік рөлдері бар. Мысалы таңғыш екі керегені бір-біріне бекітіп байлайтын бау.
Киіз үйді есігінен бастап оң қанаттағы керегеден бастап құрады. Кереге керілген соң бақан арқылы шаңырақ көтеріледі. көтеріліп тұрған шаңыраққа уықтар шаншылады.
Киіз үй әдетте алты қанатттан басталып 12 қанатпен аяқталады.Мұндағы бір қанат-бір кереге. алты қанатты үйлерде малшылар, қарапайым жандар мекендесе, 12 қанатты ақ үйлерде билер, байлар, ауқаттылар отырған.
Сөз соңында киіз үйге деген, дала мәдениетіне деген сағынышымды өзімше жеткізген мына өлеңімді жаза кетсем сөге-жамандамассыздар.Төрт аяғын тең басып тұрмағанын білемін.
Төрт қабырға…
Кабинет терезесі
Түңлігі жоқ,
Жоқ мұның керегесі
Сыйламайды жаныма жайлылықты
Жұмысымның қашады берекесі.
Төрт қабырға…
Қараймын терезеден
Нені көріп мен бұдан нені сезем
Қайран менің бабамның киіз үйі
Алыстады ұлдарың неге сенен?!
Жайлы орындық
Жылы жер мекеніміз
Көктем туып кезекпен өтеді қыс
Тағылықтың тамшысы қанымдағы
Белгісіз қанша ұрпаққа жетеріңіз?!
Сурет мына сайттан алынды

Мүмкін болса, бесік жабдығына тоқтала кетсең..(көбі «білем» дейді, бірақ айта алмайды)
Бабамы деген кім? Обамының туыстары ма? :-)
Әбеке, сонда біздің киіз үйді тас үйге ауыстыруымыз қателік пе?