Кімнен (неден) қорықтың?

Басқа халықты қайдам біздің қазекең үйіндегі кішкене баланы қорқытып тыныштандыруға шебер ғой. Ойын баласы мазасыздана бастаса болды «Тыныш отыр!Әйтпесе Бөжекей алып кетеді» деген секілді әңгімелердің тиегін ағытады. Басқаларды білмеймін, мен үшін ең қорқынышты кейіпкер «Екі метр адам» еді. Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?
Бала болған соң құлайсың, кейде бір жеріңді сырып алып қанатып жатасың.Сондайда ағаларым "Қазір қан шығып жатқан жеріңнен ішек-қарның шығады" дейтін. Ондайда мен бақырып жылап жіберетінмін…

Сурет мына сайттан алынды.
Бөлісу:

32 пікір

AKY
Бөжәйдан қорыққам жоқ. Мен үшін нағыз бөжәй — ата-анамның бір досының әйелі-тұғын. Мен қарап қалсам, көзін бақырайтып қорқытатын. Мен гипноздалған адамдай, қозғала алмай қалатынмын))) Бірде бәрі бала-шағасын алып «походқа» шыққанбыз. Әлгі қатыннан қорқып, күні бойы мәшинеде отырғам(((
omarbirat
Мектепке бармайтын кезімде бесінші класс оқитын әпкемнің тарих кітабындағы «Соғыс құдайының идолы» деген суреттен жаман қорқатынмын.
Erkekyz
Мені баянмен қорқытатын, есімде қорыққаным.Оларға қызық болса керек папам, ағаларым сонымен қорқытып қуалайтын.((
mampasi
менің нағашы атамның Дәукен деген кластасы бар. Атам соны айтып қорқытатын, бірақ ол кезде біз ол адам емес сондай қорқынышты нарсе бар деп ойлайтынбыз. Жылап бастасак не капризничать етсек қазір Дәукен келеді деп айтса бірден қоятынбыз. Енді қазір өзімізден кішкентайларды солай қорқытамыз :)
TERISKEI
ал, мен жалғыз қалудан қатты қорқатынмын, тіпті жанымдағы адамадар ұйықтап қалса да, қорқатынмын. Әпкем мен ағам мен қатты құтырып кетсем, «ал, біз ұйықтап қалдық» дейді де көздерін жұмып, үндемей қалады, мен байғұс көзім алақ-жалақ етіп, тез арада оятуға тырысатынмын, олар «оянбайды», қорыққанның көкесі осы кезде болады, жаным қалмай жылайтынмын…
Abilakim
)))) әй, балалық-ай))))
asaubota
ауылда Махмет деген жездеміз бар еді, марқұм шамалы ішіп жүре ме сондай :) Махмет келе жатыр, құлағыңды кесіп алады деп қорқытатын еді. бір рет өзіне де айтқызған ау деймін, содан кейін қорқатын болдым.

қазір ұлымның бір «бабайы» бар, тентек болып жатса соны шақырамыз «бабай, мына баланы алып кет» дейміз. жым болады :)
Nurgisa
Кішкентайымда 5-6 жасымнан үйде жалғыз қалатынмын түске дейін. Үйдегілер жұмысқа, сабақтарына кетіп қалады. Біраз уақытқа дейін телеуізірмен алданасың… Кейін бәрібір бір үрей («Сағынғанда ақ маржанға») билеп алғысы келеді. Ондайда қатты дауыстап өлең айтушы едім, домбыра тартам, бар айғайға басып… Аздап арқа тер шыққанда үрей атаулы шегіне ме деп қалдым :) Әйтеуір ол кезде, «бабай, жабай» деп қорқытылмағаным есімде. Қорқытудың көкесі бертін келе болды ғой, парадокс болғанда, ес кіріп, саналыланғанда. Бәріне кінәлі сол жапон хорроры, атап айтқанда «Бір жауапсыз қоңырау», "Қарғыс" кинолары…
asaubota
қорқынышты кино демекші, жазда әйелім ауылда, үйде жалғыз жүрген кезім. интернеттен адамның ішіне жын кіру туралыны көріп қорқып қалдым, сосын кешкісін үйге интернеттен түрікше бір комедия кино алып келгем, түнде қарармын деп. қосып қарап жатсам киноның тақырыбы сондай екен :)))) біреудің ішіне жын кіріп кетті деп соны емдеу обшым киноның тақырыбы. тәлібтің басқа киносы құрып қалған ба дедім де жарайды енді деп соңына дейін қарап шықтым :)) қорқынышым басылды сосын.
TERISKEI
«kutsal damacana» ма еді фильмнің аты?
alisha
Былтыр жаңа жылдық банкетті бір жас қыз жүргізді. Қылықтарын ерсі көрдік. Оны бұрыннан танитындар ол қыздың қалайша өзгеріп кеткеніне таң қалысты. Дауысы деген сондай жағымсыз, сөйлегенде құлақтан маза кетеді. Кейін естідік.Сол қызға жын кіріпті. Сол банкеттен соң таңда қатты ауырыпты, бастап жүрген кезі болса керек. 4күннің ішінде сағат жарым ғана ұйықтапты, соған қарамастан сергек дейді. Екі ер, бір әйел жын кірген дейді. Еркектерді жергілікті имандар екі күн бойы бірдеңе етіп шығарыпты. Ал әйелді шығару үшін Астанадан иман алдыртты.
alisha
ана қыз негізі биші еді, имамның айтқаны — жын кіндіктен кірген
alisha
жынойнақ деген сөзде бір гәп бар ма деп қалдым
Abilakim
Иман деген зат емес қой алдыратын. Ондай болса бәріміз алдырар едік. Имам де.
alisha
ту соның имам екенін біліп отырсың ғой өзің, автоматты кеткен қате ғой
sammita
ондай оқиғалар көп, видеолары да.
alisha
Бірде қызық болды. Диванда жатып, «Бір жауапсыз қоңырау»-ды көріп жатырмын.Баламды аяғыма жастық қойып ап, тербетіп жатырмын. Қоңырау шырылдады, фильмде. Алло, алло деген дауыс келеді. Дауыс — күйеуімдікі. Бірер минут бұрын сөйлескем онымен. Көз кетті шарасынан шығып. Сөйтсем, аяғымды былай — былай тербетіп отырғанда телефонымның тетігі басылып /жастықтың астында жатқан/, күйеуіме звондалып кеткен екен. Соғып алып, үндемегесін анау да аллолап жатқан ғой…
Nurgisa
:)))) телефонды көрінген жерге лақтыра салып… сендер де… :)))
alisha
Жоға, сөйлесіп қоя салғанмын ғой, тем более диванда отырмын
AKY
Сондай киноларды көріп алам да, жалғыз қалып қойсам қорқам, әлі күнге. Қарамайын десем, қарағым кеп тұрад)
Nurgisa
Кинода да солай ғой. Бір жерден «тысыррр» ете қалған дыбыс шықса, болды, міндетті (!!!) түрде барып қарау керек. Көбіне, қыздарға тән «любопытство» болса керек :) ;) Отырып, попкорныңды шайнап, «Жар-жарыңды» қарай берудің орнына, майшамды жағып, әлгі қараңғылау жаққа аяңдайсыңдар, е… Қою керек қой мұндайды, AKY :)))
AKY
«Айналар» фильмін көріп ап, біраз уақыт айнаға қарауға қорқып жүрдім))
Nurgisa
Ана "Қоңырауларда" кейбір оқиғалар әжетханада өрбитін сияқты еді. Көрген бе ең?
AKY
Онысы есмде жоқ екен) Ибай, әжетханаға бара алмай жүруім қалды енді))
Nurgisa
«Бейқалыпты құбылыс» («Паранормальное явление») дегенді көрсең мүлдем ұйықтамасаң керек қой… Ондағы өзекті жайттар үй иелері ұйықтағанда басталады… :)
sammita
«Ибай, әжетханаға бара алмай жүруім қалды енді))»
Әжетке асық ғаламда,
Үміт алдай қарады,
Толып тұрған қуықта
Сәуле қалмай барады…
:))))))
sammita
кішкене кезімде бірдеңеден қорыққаным есімде емес. Бастауыш оқып жүргенде, түнде далаға жалғыз шығудан (үйіміз ауыл шетінде), «бала ұрлайтын» сығандардан, ұшқыш табақшадан, өлімнен, өтірік-шыны аралас "қыз/ешкі/кемпір кейпіндегі шайтаннан" қорқатынмын:)
Nurgisa
Жұмыс бабымен, өмір ырғағымен түнделетіп жалғыз-жарым көлікпен жортатындарға артынан алба-жұлба аққа оранған мыстан кемпір (т.с.с. жағымсыз, үрейлі персонаждар) ту желкесінен Әзірейілдей төніп, қуып, міне-міне жетердей болғаны туралы ойдан қиыстырып аңыз айтып беріп көріңіздер… :)
sammita
Бір жүргізуші түнде жалғыз келе жатыпты. Жолда қол көтерген қызды көріп, отырғызып алыпты. Түсерде ақша ұсынып жатқан қыздың қолымен емес тұяғымен ақша беріп тұрғанын көрген жүргізушілер жайлы әңгіме көп:))
Nurgisa
Қолы ол кезде енді бос емес шығар, маникюріне тамсанып, смс жазып, дегендей…
balzaminka
Жатқан жері жайлы болсын, марқұм түп нағашымыздан қорқатынбыз барлығымыз, Бейбіт келеді, келе жатыр, келді десе жым болатын ек