Тоны айналған өлең

Қарағандылық ақын Бағдат Мүбәрәк әріптесі ақын Серік Сағынтайға өз өлеңін оқып тұр дейді:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Жарытпай-ақ қойды ғой бұл Құдайым.

Сол жерде осы өлеңді Секең былай өзгертіпті:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Бізді де оңдырмады бұл Гүләйім*.

Шашеке-Шашубай. Аққайың әнінің авторы
Гүләйім-Серік ақынның жұбайы
Әрі қарай

Бесік

Киіз үй туралы жазғанымда Гүлстан атты қыз өтініш білдірген екен. Енді сол қарындасымыздың яки апамыздың өтініші бойынша бесік жайлы сөз қозғасақ.
Бесік жайлы әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Егер бесіктегі баланың бойы өспейтін болса еңгезердей бабаларымыз сәбіз жеп өсірді ме бойларын? Бесіктің бойға қатысы жоқ. Бесік ежелден келе жатқан мүлік болып есептеледі. Қазақтың ата салтында балаға бесікті нағашы жұрты әзірлеп әкеледі. Әбіләкімнің  ауылы: Бесік
Әрі қарай

Не боп кеткен?

Күзде інім әскерге кеткен. арасында соткамен сөйлесіп тұрамыз. Кетерінде алып кеткен нөмірімен жүр. Арасында соткадан агентке кіріп қояды. Әскерде жүргендермен хат жазысудың өзі бір ғанибет еді ғой кезінде… Кім болса да, қайда болса да аман жүрсінші барлық борышын өтеушілер!
Аршатқа айтсам «Блог ашып алса да таңқалма» дейді. Айтайын дегенім армия не болып кеткен? Агентке кіру түгілі туалетке кіру мұң болатын кездер болып еді десе ешкім сенбейтін шығар қазір…
Әрі қарай

Бұзау міну және текемен сүзісу

Ауылда өстік. Шыбықты ат қылып міндік. Кейін келе көңіліміз оған да көншімеді. қорада тұрған бұзауға мінетін әдет таптық. Кейбір көнпістері кәдімгідей тепеңдеп, белін қайқайтып ала жөнелетін. Өрістен қайтарда мініп аласың әлгілерге тышқақтатып. Аяушылық сезімің оянғанда кезекпен айырбастайсың. «Ат жалын, сиыр тұяғын» төсейді деген сөз бар халқымызда. Бұзау болса да сиыр малы емес пе, құлағанда ыңқ етіп жаман құлайтын едім.
Одан қалса ешкінің төлін айналдырамыз. Мүйіздің тұқылы өсіп келе жатқан лақтың мүйізінің түбін уқалаймыз. Онымен ойнап сүзісеміз.Сөйтіп-сөйтіп әлгі лақ сүзеген текеге айналушы еді…
Әрі қарай

Төрт түлік мал

Қазақ халқында төрт түлік мал деген ұғым бар. Әр түліктің киесі мен иесі бар деп есептеген.
Жылқы-иесі Қамбар ата.
Түйе-иесі Ойсылқара
Сиыр-иесі Зеңгі баба
Қой-ешкі- иелері Шопан ата мен Шекшек ата.

Түйенің төлін-бота, жылқының төлін- құлын, сиырдың төлін-бұзау, қойдың төлін-қозы, ал ешкінің төлін-лақ деп атайды.
Әрі қарай

Соқыр теке

Бала кезімізде осы ойынды көп ойнаушы едік. Көп балалы үйде өскендікі болар?! сол кезеңдерде әр үйде 5-6 баладан кем болмаушы еді ғой. Қазір ғой 5-6 жылда бір бала… Қой бірді айтып бірге кетпейін...
Иә, соқыр теке ойнайтынбыз. Біреуді соқыр теке қылып, яғни көзін әжеміздің орамалымен немесе атамыздың шарпысымен таңып тастаймыз. Айналасындағы қашып жүрген балаларды әлгі «соқыр теке» ұстап алуы керек. Ұсталған бала «соқыр текеге» айналып отырушы еді…
Одан қалса тығылыспақ ойнайтынбыз.Үйдің ішінде.Домалақ үстелдің асты, шипәнердің үсті, іші, тіпті жүн түтіп отырған әжеңнің етегі де тығылуға жарай беретін еді ғой, шіркін… күнде ойнап, күнде тығылып жүрген жердер болса да жалықпай ойнайтынбыз осы ойындарды…
Әрі қарай

Бояушылар...

“Бояушы, бояшы дегенге сақалын бояйтындар” әлі де бар екен. Оған несіне таң қалып отырғаныма таң қалып отырмын. Көшенің бәрі кезектен тыс сайлаудың үгіт-насихатымен көмкерілгелі қашан. Бәрі де бір кісінің жарнамасы. Баннерлерден де, бильбордтан да күле қарап тұр. Құдды “үйімізде, төрімізде портретте тұрған” Ленин атамыз секілді. Басқа үміткерлердің насихат жұмысы қалта күнтізбесінен аспаған секілді менің ойымша. Шамаларын білген соң шалбарларының қалтасына шамалы тиын алып қалғандары да дұрыс шығар.
Негізгі айтпағым мынау, ел президенттігіне үміткер президентіміздің бір афишасы цирк афишасымен қатар жабыстырылып тұр. Қоғамдық көлікте келе жатқандықтан суретке түсіре алмай қалғаным…
Әрі қарай

Сондай өлең...

Аппақ төсек. Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Ақ қағазға ақын өлең жазуда
Көздерімен һас сұлуды сұғып жеп…

Аппақ төсек. Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Май бояумен салды қызды суретші
Суретімнен сұлулықты ұғын деп…

Аппақ төсек.Көрпесінің гүлі көп
Сұлу жатыр қос анары дірілдеп.
Ақ роялдің сазгер басты пернесін
Сұлулықты әннің ішкі сыры деп…
Әрі қарай

Кімнен (неден) қорықтың?

Басқа халықты қайдам біздің қазекең үйіндегі кішкене баланы қорқытып тыныштандыруға шебер ғой. Ойын баласы мазасыздана бастаса болды «Тыныш отыр!Әйтпесе Бөжекей алып кетеді» деген секілді әңгімелердің тиегін ағытады. Басқаларды білмеймін, мен үшін ең қорқынышты кейіпкер «Екі метр адам» еді. Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?
Бала болған соң құлайсың, кейде бір жеріңді сырып алып қанатып жатасың.Сондайда ағаларым "Қазір қан шығып жатқан жеріңнен ішек-қарның шығады" дейтін. Ондайда мен бақырып жылап жіберетінмін…

Сурет мына сайттан алынды.
Әрі қарай

Суайт

Оның суайттығында шек жоқтын. Мен өтірікшімін дегендер оның өкшесін басуға жарамай қалатын. Сенбесеңіздер міне, танысыңыздар!
1-ші әңгімесі.
Әкем жылқыға бар деген соң ала атымды ерттеп жылқы іздеуге шықтым. Қарала тазым қоса ерді. Бір кезде алдымыздан қоян қашты.Қарала тазы қуып берді.Қоян қалың шіліктің ішіне кіріп кетті. Тазымның соңынан мен дежеттім шілікке. Қоян жоқ, итім қақиып тұр бір орнында.Жақсылап қарасам қаралаға қарама-қарсы бір кобра «ысылдап» тұр екен… Әрі қарай оның әңгімесін біз бөліп жібереміз.
-Кетшій, өтірікті айтсаң ұйқастырып айтсаңшы…
-Қарағанды жақта қайдағы кобра…
-Жәй оқ жылан шығар…

2-ші әңгімесі.
Бұзау іздеп жүрген маған қарама-қарсы жолығып қалды әлгі қу. Сірә, оның да іздегені бұзау болса керек. Байқастап қарасам белесепедінің рамасы бір жағына майысыңқырап қалыпты.
-Өй, мынаған не болған?
-Е, кеше-жәйбірақат айтады өзіне тән мақамымен-көрші ауылдағы қызыма барып келе жатқам.Рөлде ұйықтап кетіп, мосттан асып түстім…
Әрі қарай