Мүйізатар-рогатка

Біздің балалық шағымыздың баласын мойнына ілген мүйізатарсыз елестету мүмкін емес секілді.Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…
Әрі қарай

Сарала қаздың күшігі...

Бала кезіміздегі ертегілерде құмай тазылар сарала қаздан туады дегенді жиі еститінбіз. Халық арасында итала қаз деп те аталына береді осынау жабайы дала қазы. Қоңыр қазға қарағанда кішірек. Өзен маңындағы түлкі, қарсақтардың тастап кеткен ескі ініне ұя басады. Бала кезімде жаз шығысымен жайлауға кететінмін. Қаншама сарала қаздың інін қарадым, таппадым құмай күшікті. үлкендерден сұрасам мыңнан бірі күшік болады деуші еді. Сіздер осындай аңыздарды естіп пе едіңіздер?
Әрі қарай

Мен ойлап таптым...

Жұрттың бәрі бір нәрселерді ойлап тапқыш-ақ.Шетінен жолы болғыш."Қарап жатқанша жалап жат«дегендей менде бос жатқанша бірдеңе ойлап табайын деп шештім.Ақыры ойлап таптым! Айтсам сенбейсіздер ғой.Мен спамның басқаша түрін ойлап таптым. Сіздер көрмеген, естімеген спам! Сіздің поштаңызға, я болмаса ұялы телепоныңызға хат ретінде келетін спам емес бұл! Бұл спам ерекшелігі „дауысты спам“ болғандығында. Алдымен өз дауысыңызбен „Әлемдегі ең асыл жан-АНА! Қиналсаң көмектесетін де, қуансаң сенімен қоса шын сезінетін де АНА! Жұмақта аналардың табанының астында. Осы дауысты хабарламаны өз дауысыңмен 17 досыңа жібер.Сонда сенің АНАҢ ауырмайды, сырқамайды!“
Екінші түрі де бар бұл „дауысты спамның“. Әлгіндей мәтін сөзді даярлап аласызда 17 досыңыздың нөмірін теріп оқып бересіз! Керемет спам емес пе?!
Әрі қарай

Әнектер топтамасы.

Тотының толғанысы

Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс: -«Маған да ішкізсеңші!» — депті.
Шал: — Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба?
— Жоқ, сұрамаймын, — депті Тоты.
Шал: — Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын!- депті шал.
Екеуі ішіп, жатыпты.
Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.
— Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! – депті бір кезде…
***
Ауру адамды моргке апара жатыр.
— Мен әлі өлген жоқпын.
— Біз де әлі жеткен жоқпыз.
***
Құдасы көрші ауылда тұратын құдасына көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:
— Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?
— Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жерде жоқ шығар.
Осында қала берейін.
— Құдеке, қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.
— Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.
***
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
— Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
— Не дейсің?
— Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
***
Сот:

— Неге сіз бұл көлікті ұрладыңыз?
Айыпкер:
— Ешкім о дүниеге мал-мүлкін алып кетпейді. Бұл көлік бейіттің жанында тұр екен. Сосын оған оның керегі жоқ шығар деп ойладым.
***
Екі кемпір әңгімелесіп отыр екен.
— Айтпақшы, келін түсіріпсің, құтты болсын! Келінің қалай екен?
— Ой, айтпа! Келінім сондай пысық болып шықты. Ертеңгі сағат 5- те тұрады, содан тынбай түнгі 12-де бірақ ұйықтайды.
— Айтқандай, қызың тұрмысқа шығыпты, құтты болсын! жағдайы қалай екен?
— Ойбу!!! Айта көрме! Ол қызым сорлап қалды ғой. Ертеңгі сағат 5-те тұрып, түнгі 12-де бірақ жатады екен.
Әрі қарай

Киіз үй

Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…

Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Әрі қарай

Забей на время Х

Қаламыздың әр жерінде активтің «Забей на время » атты тарифінің билбордтары ілулі тұр. Кәдімгі көкек сағатына екі тақтайды қағып тастаған суретте. «Уақытты елеме» қазақшасы. Бұл тарифтің ерекшелігі неде екенін біле алмадым (өзімде кейселл болған соң). Дегенмен «Забей Х на времясы» ұнап қалды.
Әрі қарай

Жағдай былай...

Жағдай былай, жер лай емес бірақ. Мүмкін Алматыда лай шығар? Мүмкін Шымкенттің қыздары мак ойнап жүрген шығар? Не деп кеттім, менің мәселем…
Обшым, құрылтайға барамын ғой. Екі күнде өтер, ол да бітер. Менің еншімде 21-ші наурыздың біраз сағаты қалады. Алматыға кіре берісте (маңайында, бармаған соң дәл айта алмаймын)Комсомол деген ауыл не аудан бар екен. № 96617 әскери бөлім соол жерде орналасқан. сол жерге дейін такси жалдап барсам қанша теңге керек? Немесе бензинін алып берсем көмектеседін «аялы алақан» бар ма? Себебі әскери борышын өтеп жүрген ініме соқсам деп едім.
Әрі қарай

Қолы ұзын бала

Қолындағы журналды жыртып-жыртып лақтырып жіберді. Көк жәшікті қосты. Бұл жақта 3 -ақ арна ұстайды. Екеуінде сериал беріп жатыр, ал үшіншісіне қосқанынан сөндіргені тез болған шығар. Бұл жерде де соны көрсетіп жатыр екен. Еріксіз радионы қосты. Бұнда да сол. Оны да тоқ көзінен ағытып тастады.
Иә, бұл оны жек көреді! Естігісі де көргісі де келмейді! Жек көретіндей де себебі бар.
Иә, бұл осынау жарық дүниеге 12 мүшесі толық келген. Алғаш тәй-тәй басып, көзін қызықтырған затқа қолында созған.
Сол оқиға үшке жаңа толған сәбидің миына еміс-еміс жатталып қалыпты.Топырлаған халық. анасы бұны көтеріп тұр. Ортада біреу ән айтып тұр(Оның ән айтып тұрғанын бұл ол кезде білмеген). Анасының қолы талған болуы керек бұны жетегіне алғаныны есінде.Топырлаған аяқтардың арасында біраз тұрды. Содан кейінгі шыңғырыстар құлағынан әлі кетер емес. Бір кезде әлгі аяқтар бей — берекет қозғала бастады. Араларындағы бұған қарайтын емес. Құлағына анасының да даусы жетті. Айналаны "********!**********!«деген дауыстар жайлап алды. Енді бір есінде қалғаны анасының қолында сүйретіліп келе жатқаны.Кішкентай аяқтары жерге бір тиіп бір тимей келе жатыр. Анасы да айқайлап келе жатыр. Не үшін?!
Иә, бұл ********* жек көреді! Мейлі, оны барша қазақ жақсы көре берсін.Бұл әншіболмаса бұның бір қолы екіншісінен жарты метр ұзын болар ма еді?!
Әрі қарай

Қына. Қорғасын сақа.

Ауылдың баласы болсаңыз қынаны білетін шығарсыз. Білмесеңіз айтайын. Қына- таулы -тасты жерде өсетін өсімдік.Тастың беткі жағына қабыршық болып өсе береді. «Сөз бас жарады, қына тас жарады» деген сөз осының дәлелі іспетті.Жиып әкелген қынамызды суға қайнатып асық бояйтын кездеріміз қазір тәтті бір естелікке айналыпты.Қынадан қалған асықты әжелеріміз киіз басқанда бір бояп мәз болып қалушы едік. Ауылдың қарасирақтары (қазіргілерді бұлай атауымның өзі ерсі секілді)қына термек түгілі асықта ойнамайды бұл күні.

Әрі қарай

Көктемнің шығуын көшпенділерше анықтау

Көктемнің алғашқы күндері де басталып кетті. «Маслиница-фышт» деп орекеңдер де мәз. Жалпы, біздің бабаларымыз қыстың қатты болуын қораға аузына шөп тістей кірген қойдан болжаса, көктемнің қашан шығатынын да болжай білген. Жалпы жан-жануарға қарап болжау әр халықта бар.Негізгі айтпағым мынау.
Ескіше наурызда яғни, 13-ші наурыз күні қойдың құмалағын қардың бетіне қойып қоятын болған. Кешке қарай құмалақ қарға кіріп көрінбей кетсе көктемнің ерте шығатынының белгісі. Бала кезімізде үлкендер "Құмалақ түсті ме?-деп жатушы еді. Сол сөздің мәнісі осында жатыр екен.
Әрі қарай