Қына. Қорғасын сақа.

Ауылдың баласы болсаңыз қынаны білетін шығарсыз. Білмесеңіз айтайын. Қына- таулы -тасты жерде өсетін өсімдік.Тастың беткі жағына қабыршық болып өсе береді. «Сөз бас жарады, қына тас жарады» деген сөз осының дәлелі іспетті.Жиып әкелген қынамызды суға қайнатып асық бояйтын кездеріміз қазір тәтті бір естелікке айналыпты.Қынадан қалған асықты әжелеріміз киіз басқанда бір бояп мәз болып қалушы едік. Ауылдың қарасирақтары (қазіргілерді бұлай атауымның өзі ерсі секілді)қына термек түгілі асықта ойнамайды бұл күні.

Жаман аккумуляторлардың қорғасынын ерітіп сақамызға құятынбыз.Ескі кәнсервінің сыртына сым орап, ішіне қорғасынды салып қойып үңіліп отыратын кездеріміз еске түсіп кетеді кей-кейде. Құдай біледі, дәл сол кезде қорғасын құйып жүрген біздерді мыс қорыту зауытына апарып жұмыс істете қалса ары қарай алып кетер ме едік?
Бөлісу:

51 пікір

omarbirat
Зеленка, тушьпен де бояп жатушы еді.
ErNur
Ләңгіге де қорғасын құятын едік қой осы аккумуляторлардың қорғасынан
asaubota
біздің үйдің артында котельный болды ғой, сол жерден аккумулятордың қалдықтарын жинайтын едік. сосын үлкен балдар ләңгі істеп береді, сақаға құйып беретін еді. қынаны қойкезекке барған кезде алып келетінбіз.
alisha
о, қойкезек деген кішігірім пикник қой;) итсигек, есекмия, сүттігендерді теретінбіз толтырып, ал қынаны білмеймін, алаботаға ұқсас қой, иә?
asaubota
қына деген шөп емес, тамыры болмайды солай жатады жерде. қалай, қайдан шығады білмеймін.
Abilakim
есекмияны не қыласыңдар?
alisha
ешқайсысын да ештеңе қылмаймыз...әйтеуір теретініміз есімде;) әсіресе, сүттіген қызық, жұлсаң тамырынан сүтке ұқсас сұйықтық шығады
Abilakim
сол сүт тәріздес затты күнге қақтасаң қоп-қоңыр сағызға айналады. Құм сағыз деп соны шайнайтынбыз
alisha
білмеппін, естігенім — қасқырға қорек көрінеді
Gastarbaiter
арам шөпті теріп не бар жер көкте өсетін бәле емеспе?))))
alisha
інім асықтарын байқатпай шәй қайнататын құманға салып жіберетін еді))) кәдімгідей боялып шығады))) ұмытып кетіп, талай қойдың аузынан «аман алып» қалғаны бар)))
Abilakim
Қойлар сендермен отырып шәй ішетін бе еді?
alisha
ия, айтпап пе едім бұрын;) шәй ішіп болған соң апам құманды жем шелекке аударып жібереді;)
Nurgisa
:)))) ммм, тәттісін-ай, Әліш, құйшы тағы бір пиала, ммәәәә десе, иә :))))
alisha
«МӨӨӨӨ! Маған да!»,-деп ала бұзау отыр дейсің кесесін қапталдастыра;))))))
Nurgisa
Онымен сығылысып Аршат отырсын, «түй, сәл жинақыланып отырыңдарщищщ» деп…
Gastarbaiter
Құдай аясын сендерді.
urimtal
Акварельмен бояғанымыз тез өшіріліп қалатын болғандықтан, әпкелеріміздің лактарын ұрлап, сонымен жылтыратып бояйтын едік.

пысы. сурет күшті екен!
alisha
сурет расында күшті, балалардың киімдеріне шейін қорғасыннан құйғандай екен;)))
ErNur
Асықтың тәйке жағын тесіп, сол жағына ауыр қылып қоғасын құйып оны білдірмей бояп қоятын едік кой :) алшысынан түсе беретін еді мұндай асықтар
urimtal
бетін пластелинмен бекітетін бе едіңдер?
ErNur
жоқ. қою қылып бояп қоямыз
Qojeke
Қорғасыны бар асықтар екілікке (екі асық ретінде) саналушы еді :))
Qojeke
Қиттау деген бар ма еді? Асықтың екі жақын тегістеу егеулеп тастауды қиттау дейді. Екі жағы тегіс асық алшысы мен тауха (тайке) болып түсе береді.
monti
біздің кезде, ләңгі кішкене модерн болып ед :)
ну типа, экономия шығар. жапырақтан істейтінбіз :)
TERISKEI
жапырақтан ләңгі ме? ол қалай? Елестете алмай отырғаным…
Nurgisa
Жапырақ болғанда… не шығар… әлгі көкорай жайқалып жатқан шөптің бір шөкімін тамырымен жұлып алып, тамырына жабысқан топырақ толық ыдырағанша ләңгілетесің…

Әрине, мұндай ләңгімен «джанзы», «люр-пар» істеу анағұрлым қиынға соғатынын білдіре отыру шарт.
monti
))))) Нұрғиса
қара ағаштың жапырақтары ғо. жалпақ/жалпақ, соны қолға киіп, айқастыра тізіп шығып, ортасын бір тартасың жіппен, қатты жапырақты қолмен жұмсартып ойынға кірсесің болд… :)

Қырқып Қой: қазіргі кішкентайларға, ләңгіні қайта жаңғырту керек, ато бәрі артық салмақтан қиналып жүр, әсресе жас өспірімдер((( пайдалы нәрсе ғо ;)
TERISKEI
мәссаған, Мonti! Қара ағаштың жапырақтарынан ләңгі ойнаған қызық екен! Теріден жасалған ләңгіні шыр айналдырған «профи-ләңгистке» мұны есту қиынға соқты:)
monti
хи/хи/хи, әліге дейін ләңгі ойнап жүрсеңіз,
дауайте, 7 майға сыйға тартайын десем дачы)))
Makhabbat
қазіргі балдар ләңгі ойнағаннан, уйде отырып алып компютермен сетевой ойындарды ойнаганды жаксы коред:(
sammita
қоэ, мынау мен үшін жаңалық болды.
Makhabbat
пікірім саған арналмаған, кез-келген жерге қыстырылмай өз жөндеріңді білсеңдер жақсы болар еді
sammita
арнап айтатындай туған күнде отырған жоқпыз.
Makhabbat
туған куннің кандай қатысы бар бул жерде…
жалпы менің создеріме ешкандай пікір жазбай-ак койш sammita ханым, баска жерлерге құсып журе бер…
Makhabbat
жындымен жынды болмайын деп еді бір тақырыпта біреу саған, аты есіме туспей тур…
сол айтқаны дұп-дұрыс екен
sammita
айтыс басқа бөлімде.
aktobe88
Ит үреді, керуен көшеді, Махаббат ханым. Сондықтан ондайларға мән берудің қажеті шамалылау. Ит мені қапты деп мен де итті қапсам аузымда не қасиет қалады деген біреудің сөзі бар еді. так ышто… аузыңыздың қадірін түсірмегеніңіз дұрысырақ.
Gastarbaiter
бықсыған отқа жел жібере отырайық ағайын!))
aktobe88
Түһ, Асеке, «мал сообщениедегі» комментіңізден кейін сізге деген құрметім арта бастап еді, қайтадан түсірмесеңіз болмай ма?
Abilakim
Онда ләңгінің компьтернлік нұсқасын ойлап табайық
sammita
бар ғой, тауып берейін бе?
sammita
(105.8 Kb, 401x600)

Еуропалық кик-сок ойынының аналогы, Орталық Азияда кеңінен танымал ойын дейді гугл. Тағы бір жерде, 100 пайыз қытай ойыны дейді. Олай ойламаппын.
TERISKEI
мынау люр теуіп тұр ғой деймін, шамасы…
Gastarbaiter
Джәнджі теуватр))