Бесік

Киіз үй туралы жазғанымда Гүлстан атты қыз өтініш білдірген екен. Енді сол қарындасымыздың яки апамыздың өтініші бойынша бесік жайлы сөз қозғасақ.
Бесік жайлы әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Егер бесіктегі баланың бойы өспейтін болса еңгезердей бабаларымыз сәбіз жеп өсірді ме бойларын? Бесіктің бойға қатысы жоқ. Бесік ежелден келе жатқан мүлік болып есептеледі. Қазақтың ата салтында балаға бесікті нағашы жұрты әзірлеп әкеледі. Әбіләкімнің  ауылы: Бесік

Бесіктің пайдалы жақтары:
1.Бесікке бөленген бала таза жатады.Қазіргі памперстер секілді баланың құйрығын сорып тастамайды.
2. Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көп көрдім ауруханаларда.Медициналық тілмен ол аурудың қалай аталатынын біле алмадым. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі.
3. Бесіктен шыққан бала керіліп-созылып рахаттанады, балаға ол да пайдалы.
4.Бесікте жатқан балаға суық тимейді,қымтаулы жатады.
5.Бесіктің ырғақты тербелісі баланың психикасына оң әсерін тигізуі мүмкін.МОМП (менің ойым-менің пікірім)
6.Анасы баласына аунап кетіп жастыққа тұншығып қалды ма екен деп алаңдай қоймайды.
Бесіктің жабдықтары:
Бесік жабдықтары:
1.Бесік көрпе. 2.Жөргек. 3. Қол бау. 4.Құс жастық. 5. Құс төсек. 6.Тізе жастық. 7. Тізе бау. 8.Түбек.Шүмек.
Бесіктің құрылысы:
1.Алдыңғы басы. 2.Артқы басы.3. Белағаш. 4.Қайқы табан. 6.Жақтау.7.Тақтайша.

Баланы бесікке салу кезіндегі түрлі ырымдар мен дәстүрлер жетерлік.
Мүмкін мен құрылыстары мен жабдықтарын толық жазбаған да шығармын.Бесік жайлы білерім осы екен. Сөз соңында өзімнің бесікте жатқанымды, сондай-ақ ұлымныңда бесікке бөленгенін тілге тиек етпесем болмайтындай.Алла жазса әлі де бесігіміз тербеле берер…
«Ел боламыз десек бесігімізді түзейік» деп Мұхтар Әуезов бекер айтпаса керекті.
Бөлісу:

58 пікір

MARGAU
«Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көп көрдім ауруханаларда.Медициналық тілмен ол аурудың қалай аталатынын біле алмадым. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі».

Бесікті шынайы өмірде пайдаланған, екі баланың анасы ретінде айтар пікірім өте пайдалы зат. Балалардың дұрыс дене бітімінің қалыптасуына әсері бар. Атам қазақ бекерден бекерге ешнәрсе жасамаған ғой. Қасиетіңнен айналайын.
Дегенмен, модный мамашалар осы бесіктің қас жауы. Айтсаң, шыр-шыр ете қалады.
менің айтарым, қазіргі кездегі балаларда Внутри-черепное давление деген ауру жиі кездеседі, ал бесіктен шыққан балаларда ол жоқ. Содан кейін, бесікті тербегенде, ол нәрестенің миындағы нейрондардың бір-бірімен қосылуына көмектеседі екен. Ғылыми дәлелденген айғақ.

ТҮЙІН: АНАЛАР балаларыңызды бесікке жатқызыңыздар.
бірақ, кейбір медициналық сипаттамалар бойынша жатуға қарсы көрсетілім де бар, мысалы ДЦП ауруы сияқты.
mampasi
тағы +тары: емізуге ыңғайлы, түнде оянғанда тербете салсаң тез ұйықтап кетеді, бөлек жатып үйренеді.
Abilakim
тағы бір дәәәу плюсі бар,әкесі мен шешесіне бөгет болмайды…
zhuldyz88
Ассағаламу алейкум, мен озим қызымды туғанда аз салмақпен туылады деп ойламаппын, салмағы бар болғаны 2490кг болды, қатты уайымдадым, анам ерінбестен бесікті сатып алып көтеріп алып келді. Доқторлар қызын тірі қалуы өте қйын деді, себебі салмағы аз болды. Құдайға сансыз шүкірлер болсын бесікке жатқызып қызымды салмақ жинаттым. Македониядағы барлық доқтолар не бердің, яғни өз сүтінен басқа не бердін деп сұрады, мен ештене бергенім жоқ тек осы бесікке салып өсірдім дедім, бесік бала аз салмақпен туылса өте қажет нәрсе. Әлі де жатқызамын, бірақ азаннан кешке шейін емес тек түнде ғана жатқызатын болдым қазір, себебі салмағы әжептеуір болып қалды
know_how88
2490кг
zhuldyz88
2 kg 490 grammmmm ))
Abilakim
Бұдан да аз салмақпен туған «шалабайлар» адам болып кетіп жатады, маңдайына солай жазылса.
Біздің қазекем ондай балаларды тымақтың ішіне салып, керегенің басына іліп қойып өсіре берген деседі…
Marco
Біздікі 2020 грамм болды
Daniar-Alan
жеңгеміз көп қозғалған болып тұр ғой…
Marco
Бала шустрый) Жеті айда келіп болды
bazuka
қазіргі медицина 500гр баланыда адам қылады
Gastarbaiter
Сөйтіп отырып, медиктерді жаман дейміз.
Олар болмаса болмашы саналатын соқыр ішектен мыңдап, туберкулезден миллиондап қырылар едік, басқасын былай қойғанда.
bazuka
өзім бұрын медиктермен бірге жұмыс істегеннен кейін олар туралы жаман деп айтпаймын. сырттан тоң пішу оңай ғой, шыңына келгенде ана 500гр адам қылу мүмкін емес нәрсе, бірақ көрдім шала-жансар туғандарды адам қылған гинеколог, педиатрдың жұмысын. бірақ өз ісіне, кәсібіне салғырт қарайтын медиктер бар екенің жасыра алмаймын.
Aigolek
Мен колданбаган Ң ның барин сен колданайын дедин ба?
тоң, шыңына, екенің
bazuka
уақақа солай ма мен екеуін айыра алмайм))))))
Gastarbaiter
Мына бір кеңесті көрші, дертіңе әмбебап дәру емес бірақ байқап көр:
"Ң-ның оң көтенінде құйрығы бар, ал Н-да жоқ"
ErNur
Міне отырық қой, туылғанда 1 кило 300 грамм болыппын, сыңарым 200 грамм артық болыпты дейді
Aigolek
неге
болыпты дейді
?
ErNur
Менен 200 грамм артық болған ғой салмағы туылғанда сыңарымның, аман-есенбіз шүкір қазір екеумізде
Daniar-Alan
туылғанда 1 кило 300 грамм болыппын
мен де сол шама
ErNur
Бесік демекші, ағамыз жылайтын көрінеді екі бесік тербетіп отырып, көрші апай жүр ғой дым тумайды сен болсаң екеуден туасың деп
Aldeken
Не ғо, ұят болса да айтайын бесікке жатпаппын симауыма байланысты…
пеленкаға да сыймай, туғаннан ползунки киіп, жазу үстелінің үстіне жатқан бала екенмін… анамның сөзіне сенсек… уоот…
Aigolek
отирик шыгар
меним бир агам баласы 5 кило боп туып еще бесикте жаткан. 10 айлык боп туган
Aldeken
не ғо, аса дәу болғаным жоқ. (4550гр) болыппын. бірақ, мен туғанда шығарылған пеленкалар «маломерка» болды ма, әйтеуір симадың дид, мамка… пеленкаға симаған баланы бесікке бөлеуге дух жетпей қалыпты… а так, 5 келілік балалар да бесікте жатқанын көріп жүрміз…
Abilakim
біздің үйде екі бесік бар болатын.Бірі шағындау, бірі үлкен. Үлкеніне бала өсе бастаған кезде жатқызатын.Сол кезеңдерде сіздің жақтардан үлкендеу бесік табылмай қалған болар деп топшылап отырмын
aikarakoz
Болар бала анандайынан деген… Сіздің «дәу көке» болатыныңызға деген сенім мол). Министр боп жатсаңыз, керектіктерді ұмытпаңыз, ия?)
Aldeken
бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінетіні рас қой. дегенмен,
анандайынан
дегеніңіз күмілжітті…
Монти жалпы керекте «андай» деген сөзді басқа мағынада қолданатын ед…
aikarakoz
Онсыз да жақсы атымыз шығып жүрген жоқ қой, жалаңаштармен жарысып, жұрттың түсінде неткеннен басқа, нәжісті тілге тиек етуге жүрексіндім. Оның үстіне, сізден кішімін дегендей). Жалпы түзу ниет менікі))
Aldeken
жоға, елдің бәріне жаманатты емес шығарсың…
«Мен сені ақ бұлттааан жасавалғанмын» деп жүргендердің бар болуы керек…
aikarakoz

Өмірде жақын араласатындар жасап алды-ау ақ бұлттан))
VKM
Мен 3450 гр,52 см болыппын.Бесікте жатпадым. Альбомымда жазылған,қашан жүргенім, сөйлегенім,1-ші салған суретім… бәәәрі
AKY
4 келі 300 грамм болыппын Бесікке жатқам жоқ.
dark_nazgul
Өзім 58 см болып туылыппын, бесіктен аяғым шығып жатады екем, бір жарым жасқа дейін жатыппын. Бауырларымның бірі де жатпаған, бірақ шынардай сымбатты жігіт екеуі де.
Өзімнің тұңғышым жатты, сегіз айға дейін. Қызым жатпай қойды. Кенжетайда бесік түгіл бас қайғы болды.
Ағамның төрт баласы да, әзірше бар екі жиенім же бесіке өсті, өсіп келеді.
Zhan
Өзім 58 см болып туылыппын, бесіктен аяғым шығып жатады екем
Өткенде құрбым "қызым 57 см болып туылды. дәрігерлердің өзі таң қалды" деген кезде "қой ей" сенбеп едім, рас екен ғо.
dark_nazgul
кенже інім елу тоғыз, бес кило болып туған. Қазір күрестен тренер)))
dark_nazgul
Мына суреттегі сияқты бесіктер ұнамайды маған. Арқалығы жуан, аласа, асылып емізгенге қолайсыз, қолтығың ауырып, қолың ұйып қалады. тұрқы ұзын, ыңғайсыз, тым ауыр. Бесікті екі жақтап көтерген жаман ырым, ал мына бесікті бір өзің көтерсең, әйелдің белі үзіледі.
Неге ескіше талдан иіп жасайтын бесіктер жоқ қазір?
Abilakim
біздің үйдегі бесік, әйел адамға емізтуге ыңғайлы, бұдан жіңішке өйткені. Мындай бесіктердің көбі ебедейсіз болғанымен жеңіл тербеледі.
Zhan
2 кг 800 гр болыппын.
Aigolek
Юхтамайсындар ма?
Zhan
Сенен қорыққанның өзінен ұйықтап қалуға болады.  Жарайды детское время боп қапты )))
dark_nazgul
Қыздарға дұрыс шүмек жоқ, әкесін. Сіңлім памперспен бөлеп жүр. Шүмек алатын жер бар ма?
Aigolek
Биз жакта А4 мен жасайды ауди емес кагаз го
Abilakim
Атөртіңіз еріп, былжырап кетпей ме? Тетрапакеттерден де жасаушы едік дегендерді көрдім, шүмегін көрмедім бірақ
Aigolek
ол аднаразывый шумек болады. баланын Бир еки сигенине шыдайт. мен сисем точна шыдамайт енди
Abilakim
ер баланың жіліктен жасалған шүмегін егеп, кеңейтіп жасап қойған болдым. Одан бөлек басқа да шүмекжасағыштардың шүмектерін салдық, негізі ер баланы бөлеген ыңғайлы екен))
dark_nazgul
айтпа. сол үшін де қызымды бөлемедім ғой. Жайып жібереді.
Aizhantabyn
мені бөлеген бесікті әлі де алып жүрміз))))) бұйырса, бір күні менің баламның бесігі болар)))) жалпы, бесікке жатқызу керек, ыңғайлы, әсіресе алты жеті айына дейін, кейін адам боп, отырып, еңбектеп үйренсе, тек ұйқыға жатқызарда бөлеп тастап, жүре бересің өзіңмен өзің)) орын да аз алады, көшуге де ыңғайлы.
Abilakim
Басқа-басқа, Айжантабынның бесікті қолдауы мені таңқалдырды шыны керек! Маладес!
Marco
Біздің үй алты баласы нағашы атамыз жасаған бесікте өстік. Кейін оған ең үлкен жиенім, ағамның екі баласы мен менің ұлым да жатты.
Gastarbaiter
Тақырыпқа қатысты бір отбасында болған қорқынышты жағдай есіме түсті.
Қонақтар арқа жарқа болып, арақты сылқытып, ән шырқап жатып төргі бөлмеде жатқан бала жайлы ұмытып кетіпті. Бала бақырып жайлай берген-жылай берген, ешкім естімепті.
Біраздан соң қонақ бөлмесінің есігі ашылыпты, артында көзі қызарып, беті ісіп кеткен бір бала тұр дейд. — Нақтар кілең, біреуің кеп тербетжверсеңдер нетті! — депТ.
b-asan
Бесік??? қазір медиктер басқаша айтып жүр ғой, баланың аяғы дисплазия болуы бесікке жатқызудан дейді. ИВДРВ ГВДВ ПРВД дей ма, солай әйтеуір