Сый көрмей-ақ өтейін...

Иә, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні бүгін. Тұлғаны тірісінде бағаламайтын халықпыз ғой. "Қазақстан" арнасы таңғы бағдарламасына суретші Алмас Сырғабаевты шақырыпты. Бала кезінен бастап ақын өлеңдеріне байланысты суреттер салған Алмас, ең бірінші рет "Қайран жеңгем" өлеңіне иллюстрация (осы суреті үшін 50 сом ұтып алғанын айтып өтті) жасаған екен.

Бұндай ауырсынуды бұрын-соңды сезінбеген ем…
Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?
Сіздер жақты қайдам, біздің жақта кей жылдары жаз айларында жылан көбейіп кетеді. Үйдің көлеңкесіне келіп жататын кездері де болады. Жалпы жылан жайлы аз біледі екенмін. Біз көріп өскен жыландар улы ма әлде у тістері жоқ па біле алмадым. Білетінім жыландарды өлтіруге құмар едік(Құдай күнаға жазбасын).