Бақсы-балгерлер,емшілер...
Қазақта шөппен емдейтін де, отпен емдейтінде қолы жеңіл емшілер болған кезінде. Тіпті құрсақта өлген сәбидің денесін бөлшектеп әйелдің өмірін сақтап алып шыққандар да болған баяғы заманның өзінде. Қазір осындай жолмен ақша тауып жүрген арамзалар жетерлік. Бұл жайлы «Шаншар» театры да «Ақ тырна» қойылымында керемет жеткізе айта алды.
Бұларға мен неліктен сенбеймін?! Мүмкін оннан бірінің шын қасиеттері бар да шығар. Біраз жыл бұрын қайтыс болған бауырымды Қазақстан көлемінде апармаған жеріміз жоқ… Медицинадан да үмітімізді үзгендік қой…
Аталған емшісымақтардың кейбірі Құран сүрелерін дұрыс оқи да алмайды. Әйелдердің көбіне қоятыны бір диагноз. «Жатырың ауырады», «Бүйрегің» анауың-мынауың деп кете береді.
Еркектерге де дайындап қойған диагноздары жетерлік. Қазір дені сау адам табу қиын ғой. Кезіндегі киген қытай аяқ киімдерінен өткізген суық бүйректі алары, аяқтың қақсауы заңдылық. Осыларды айтып берсе ауызы ашылып аңқайып қалатындар бар. Керемет білгіш болса осы уақытқа дейін бір адамға «Сенің тісің ауырады?» деген емші бар ма екен? Меніңше бұндайларға көп бара бермеген және сене бермеген ләзім.
Бұларға мен неліктен сенбеймін?! Мүмкін оннан бірінің шын қасиеттері бар да шығар. Біраз жыл бұрын қайтыс болған бауырымды Қазақстан көлемінде апармаған жеріміз жоқ… Медицинадан да үмітімізді үзгендік қой…
Аталған емшісымақтардың кейбірі Құран сүрелерін дұрыс оқи да алмайды. Әйелдердің көбіне қоятыны бір диагноз. «Жатырың ауырады», «Бүйрегің» анауың-мынауың деп кете береді.
Еркектерге де дайындап қойған диагноздары жетерлік. Қазір дені сау адам табу қиын ғой. Кезіндегі киген қытай аяқ киімдерінен өткізген суық бүйректі алары, аяқтың қақсауы заңдылық. Осыларды айтып берсе ауызы ашылып аңқайып қалатындар бар. Керемет білгіш болса осы уақытқа дейін бір адамға «Сенің тісің ауырады?» деген емші бар ма екен? Меніңше бұндайларға көп бара бермеген және сене бермеген ләзім.
Тура жолды тауып келді.
Уә, жаамат! Абай болғын.
Қалтаңызға қауіп келді)))
Ал кім көріпкелдердің айтқандарын жәй әшейін (былайша айтқанда, қызыққа) тыңдайтын болса — қырық күн бойы намазы қабыл болмайды.
Аллаһ елшісі Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерінде соны анықтап айтады: «Кімде-кім балгерге келіп бір нәрсе сұраса, оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді» (Муслим 2230).
Сондықтан ағайын, бұл бәлелерге сену былай тұрсын, тіптен тыңдамаған жақсы!
Ал егер мен оны сүйетін болсам ше?
Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:
«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәһарға түседі. Олар құлақ салады, олардың көбі өтірікші».
Әбу Хурайра риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз былай деп айтты: «Аллаһ аспанда қандай да бір істі шешкен кезде, періштелер Оның сөзіне бой ұсынып, қанаттарын қағады. Қанаттарының даусы, шынжырды тасқа ұрғанда шығатын дауысқа ұқсайды. Олардың жүректерінен (Аллаһтың сөзінен болған) қорқу кеткен кезде, бір-бірінен: «Раббың не айтты?» — деп сұрағанда, «Шындықты айтты, өйткені Ол — Ұлы, Аса Биік», — деседі. Бұл сөздерді жасырынып, бір-бірінің үстіне шығып, (осы хадисті риуаят қылушы Суфьян ибн Уйәйнә оң қолының саусақтарын қойып көрсетті) тыңдап тұрған жындар естиді. Кейде аққан жұлдыз осылай тыңдап тұрған жынға, ол келесі жынға айтып үлгермей жатып, тиеді де, оны күйдіріп жібереді. Ал кейде тиіп үлгермейді. Ол жындар бір-біріне бұл сөздерді жеткізіп, ең соңында тәуіпке 100 өтірік қосып жеткізеді. Бұл тәуіпті тыңдаған кісілер: «Ол тәуіп «Мынандай күні былай-былай болады», — деп айтқан жоқ па? Шындығында солай болды ғой», — деседі.
пал болу керек. ал пал ашатын адам — палшы.
Мен бір ғажап адам туралы әңгімелегім келеді. Тіпті өзімді ол кісі туралы айтуға міндеттімін деп сезінемін. Себебі қазіргі кезде басымызға қиындық түскенде немесе науқастанғанда біз жүгінетін экстрасенстер, емшілер, шипагерлер саны көбейе бастады. Теледидар, телефон, онлайн арқылы емдейтіндер, газет беттерінде, жүгіртпе жолдарында берілетін хабарландырулар жиі кездеседі. Бірақ, өздері туралы жарияламайтын, қызметтерін мәжбүрлеп ұсынбайтын нағыз дарынды, өз бойларында шын қасиеті бар тұлғалар да бар екен.
Мен бұл ғажап адам туралы бірінші рет үш жыл бұрын естігенмін. Астана маңайындағы ауылдардың бірінде таңқаларлық ем беріп жүрген, көзі соқыр қария туралы әңгімелер айтылып жатты. Оның атын да, ұлтын да ешкім білмейді, бәрі оны «Ата» деп атайды. Бұл кісі адамның жолын ашып береді, құжаттарын оқып береді, тіпті ең соңғы сатыдағы әр түрлі ісік ауруларын емдейді деген әңгімелер айтылды. Мен атаны бір жыл бойы іздедім, нақты мекенжайын, қалай жетуге болатыны, ақысы қандай соманы құрайтыны туралы сұрастырдым. Ешкім нақты жауап бере алмады, дегенмен жиналған мәліметтерді басшылыққа алып, отбасымызбен Ақмола облысы Қорғалжын тасжолы бойындағы Сабынды ауылына бет бұрып, ақыры тауып алдық. Ата осы ауылда тұрады екен.
Таңғаларлық жағдай – ешқандай тыйым қойылмайды, міндетті түрде орамал тағып, не болмаса ұзын көйлек кию талап етілмейді, яғни басқа адамның еркі бұзылмайды екен.
Сеанстар емін–еркін, қысылмайтын түрде өтеді, ата қалжыңдай береді, сондықтан уақыт зымырап өте шығады. Екіншіден, адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Алыстан келген, қонып емделетін адамдар үшін Ата үлкен, кең үй салып қойған, төсек-орын, газ, ыдыс-аяқ, тамақ жеткілікті. Азық-түлікті Ата өзі сатып алады. Бір сеанс үшін төлем 2500 теңгені құрайды (бір сеанстың ұзақтығы 3-4 сағат). Сеанстар таңертеңгі сағат 9-дан 12-ге дейін, кешкі сағат 19-дан 23-ке дейін жүргізіледі.
Тағы бір таңғалатын жағдай – Ата біздің берген ақшамызды өзімізге жұмсайды: азық-түлік, отын, көмір, газ сатып алады. Ата тек сапалы тағамдарды алады, мысалы нан нобайханадан, ал ет пен шұжық – еткомбинатынан күн сайын жеткізіліп тұрады, сүт тек қана 6 пайызды «Шадриндік».
Ата кез келген проблемаларды шешеді: дуаланған, көз тиген адамның дуасын шешеді, жолы болмай жүрген адамдардың жолын ашады. Ішімдікке, темекіге тәуелділіктен арылтуға көмектеседі, барлық ауру түрлерін емдейді, бала көтере алмайтын әйелдерге ана бақытын сезінуге көмектеседі. Туғаннан көзі соқыр, керең адамдарды емдейді. Кез келген құжаттарды оқытып алуға болады: жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін, үй, бизнес құжаттарын. Сенсеңіздер, содан кейін қаншама адамдардың жолдары ашылып,үйлерінің берекелері кіріп, саудалары жүріп, жұмыстары алға басты.
Ол кісінің шарапатын сезініп, кереметіне өз көзіммен куә болдым. Мысалы, туғаннан бастап естімейтін бір жас әйел естіп кетті, асқазанда ісігі бар, тамақ іше алмай жүрген ер адам бір-екі сеанстан кейін тамақ іше бастады. Аяғын басып жүре алмайтын, онкологиялық аурумен науқастанатын бір адамды Ата қашықтықта емдеп шығарды! Тілі шықпаған, құлағы естімейтін 3-4 жасар қыз бала бірнеше сеанстан кейін сөйлеп кетті. Ал менің нәтижелеріме келетін болсақ, тіземе ота жасағалғаннан кейін, ұзақ уақыт балдақпен ғана жүріп жүрдім. Бірінші сеанстан кейін мен балдақ туралы ұмытып, жүріп кеттім де, жан жағыма қарап: «ойбай, балдағым қайда? — деп біраз күлген жағдай болды. Жұбайым асқазан ауруынан арылды, көптен бері бастырыла беретін – одан да емделді. Қызымның оқу мәселесі оң шешілді, өзімнің жұмыс мансабым жоғарылады. Әпкем бірнеше аурудан арылды, 4 жыл бойы ерікті жалданушы болып жұмыс істеген оның қызы бір апта ішінде аттестатталып погон тақты, інімнің көзі нашар көретін (-16 және -14), бірінші сеанстан кейін көз көруі -6 және -7 болды. Бір жас қыз, әріптесім, көп жылдар бойы түсініксіз аурумен науқастанған болатын. Анда-санда денесі бұратылып, айқайлап, қысылатын. 3-4 ер адамды лақтыратындай денесіне бір күш бітетін. Ол ауруханада да емделді, мұсылман және христиан емшілеріне де жүгінді. Алайда, ешкім оған көмектесе алмады. Сол дерттің салдарынан тұрмысқа да шыға алмай жүрді. Ата оның денесіне қонған шайтанды қуып, дем салды. Сол қыз тұрмыс құрды, қазіргі уақытта аяғы ауыр. Осындай мысалдар көп. Атаға емделу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен, Ресейден, Қырғызстаннан, Германиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Кубадан және т.б. жақтан адамдар келіп жатады. Ата кез келген тілде сөйлей алады (Қалай таңғалмайсың?!). Атаның көмегіне, игі істеріне қарап, мен — 21 ғасырдың адамы, ЖАРАТУШЫНЫҢ бар екеніне көзім жетті. Ата сияқты тұлғалар аурудан азап шеккен жандарға жәрдем беру үшін жерге жіберілген ЕЛШІЛЕР деп санаймын. Көптеген адамдар өз ризашылығын білдіріп жатқанда, Ата оларға: «Мен қарапайым адаммын, менің қолымнан ештеңе келмейді. Аллаға рахмет айтыңдар, шүкіршілік білдіріңдер!» — дейді. Ата Жаратушының күшімен адамның дертін ғана емес, оның рухын емдейді.