Осынау демалыс күндерін пайдаланып ауыл жаққа барып қайттық. Көктемгі қымыздан ауыз тигенімізден бұрын, көптен бері көрмеген ата-әжемізді көріп қайтқанымыз қуантады. Ауылдың тірлігі белгілі ғой. Әркім өз ісімен өзі. Кетігін тауып, кірпіш болып қалана қалу қиын. Себебі, ол жұмыстар біз жоқта да атқарылып жүрген жұмыстар ғой. Дегенмен өзімізше қол ұшын берген болдық.
Сіздерге біраз сурет ұсына кетуді жөн санап отырмын.
Қасиет Қамиевтің орындауындағы «Кененге көңіл айту». Кенен Әзірбаевтың Базар-Назар атты қос ұлы обадан қайтыс болған кезде Кененге қырғыз ақынның айтқан басуы
Кезінде «Азия дауысының» жеңімпазы атанған «Роксонаки» тобы естеріңізде бар ма? Шатаспасам 1990 жылы-ау деймін.Білсе біздің буын, аға буындар білер. Ол кезде мына Қисық, Патиктер бала ғой. Біле қоймас. Осы топ кезінде тамаша шығып еді.
Қар қызы әні
Қарағанды шаһарының біраз концерттерінің басы-қасында жүретіндіктен осынау жазбамды ұсынайын деп отырмын. Әр әнші жеке концертін өткізгенде залда бос орынның қалмауын тілейтін болар. Бір жағынан әр бос орын ақша болса, бір жағынан залдың толуы көңілге қуаныш ұялататын болар.Кішігірім концерт залдарын толтыру онша қиын мәселе бола қоймас. Біздің қаламыздағы ең орындық саны көп концерт залы… Үлкен концерт залының қағаз жүзінде салынып келе жатқанына да біраз болып қалды. Көңілді қуантатыны қоршаулы тұрған орыны.
Әзірге пайдаға қаламын дегендер 1600 орындық циркті жағалап жүр. Осы циркті толтыра алатын әншілер топтамасы:
1. МұзАРТ тобы.
Бұлар халықты сағынтып екі жылда бір келетіндіктен болар екі күн қатар концерт ұйымдастырса да көрерменді жинай алады.әзірге, болашақта да солай болуын қалайық. Көрермендері жеті жастан басталып жетпіспен аяқтала қоймайды.
Іш пысқан соң палатадағы үйіліп жатқан газеттерді ақтардым. Қорлау.Зорлау. Етіміз бен бетіміз үйренген тақырыптар. Бір газеттен мынандай қызыққа тап болдым. Қытайдың бір қаласында мектеп жасындағы ұл балалардың сідігіне піскен жұмыртқа өте үлкен сұранысқа ие екен. Газетте көбіне жеті жасқа дейінгі балалардың сідігі пайдаланылады делінген екен. Содан кейін Гугілдетіп тапқаным мынау:Көктем туа Донгьянг қаласының асханаларының көбінде осынау тамаша тамақтың (жергілікті тұрғындардың айтуынша) исі бұрқырайды екен. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әлі жыныстық қатынасқа түспеген ұл балалардың кіші дәретіне пісірілген жұмыртқалардың емдік қасиеті жоғары-мыс.
Ол кезде ойын баласымыз. Ауылдың жайпақ (шатырсыз) үйінде тұрамыз.Шатырлы үйлерге қызығатынмын.Себебі, олардың шатырында кептер (көгаршындар) бар. Көгаршындардың уілдегені қызық еді. Сабаққа бармаған кезім.Мүмкін «Нөлебайға» барған шығармын қырсам. Шамасы жазғы каникулға келген болуы керек көршіміз Мәдина апаның (ауылдың бәрі мәдинаапа деп атап кеткен) үйіне біздерден екі-үш жас үлкендігі бар бала келді. Мәдина апа күніге бір рет келіп біздің үйден шай ішіп кететін.Қонақ бала апасымен еріп келді. Көзі жылт-жылт етіп тұратын қара бала екен.Есімі -Нурик. Жезқазғаннан келіпті. Қаланың баласы ғой ақыры, лып-лып етіп тұр. Білмейтіні жоқ. Екеуміз аз күнде достасып алдық. Ойынның түр-түрін ойнаймыз.Мендегі неше жыл сынбай келе жатқан ойыншықтарды сындырдық.
Бұл күнді сонааау артта қалған жас кезімнен аса тойлай қоймаушы едім.Дегенмен, бұл күннің менің өміріме тигізген әсері болды.Әсері дегеннен көрі өзгерістер енгізді десем де болады. ол кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметтемін. Жезқазғандық бір жауынгер (шатаспасам) Спасск оқу-жаттығу алаңынан қашып кетті. Ресми және бейресми ақпараттар бойынша ол солдаттың Қарағандыдағы бір оқу орнында қызы барын және соны құттықтау үшін қашқанын білдік.Әр оқу орнына бөлінген біздер оны жарты күнге жеткізбей тауып алдық."Іс бітті,қу кетті" дегендей, осы мүмкіндікті пайдаланып бұрыннан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген, кездесіп көрмеген бір қызбен жолығып кетуді жөн санадым. Ақыры, кездестім де.Қазір ол қыз біздің үйде біреуге келін, біреуге жеңге, біреуге АНА болып отыр.
Рахо(Роха емес) атты жолдасыммен «Дозор» шекаралық нарядына шықтық. Бізге берілген шекаралық аймақтың 36 шақырымын 5-6 сағатта айналып шығуымыз керек. Шекараның ана басына және мына басына сол күні болғаныңды анықтайтын белгі жазып кетуің керек заң бойынша. Жаз мезгілінде борпылдақ топыраққа (КСП-контрольна следовая полоса,12 метр соқамен жыртып, малалап тастаған арнайы жолақ),қыста қардың бетіне жазып кетесің.
Бүгін есіме қай-қайдағы түсіп отыр. Қартаяйын дегенмін бе)))) Бала кезім...үлкендерге жағаласып диірмен тартуға таласатыным…
Апам астында жатыр
Атам үстінде жатыр
Қызыл кіріп жатыр
Ағы шығып жатыр- Ол не?-дейтін жұмбақ есіме түсті. Ол кәдімгі