Тыңдарманы (көрермені) көп әншілер

Қарағанды шаһарының біраз концерттерінің басы-қасында жүретіндіктен осынау жазбамды ұсынайын деп отырмын. Әр әнші жеке концертін өткізгенде залда бос орынның қалмауын тілейтін болар. Бір жағынан әр бос орын ақша болса, бір жағынан залдың толуы көңілге қуаныш ұялататын болар.Кішігірім концерт залдарын толтыру онша қиын мәселе бола қоймас. Біздің қаламыздағы ең орындық саны көп концерт залы… Үлкен концерт залының қағаз жүзінде салынып келе жатқанына да біраз болып қалды. Көңілді қуантатыны қоршаулы тұрған орыны.
Әзірге пайдаға қаламын дегендер 1600 орындық циркті жағалап жүр. Осы циркті толтыра алатын әншілер топтамасы:

1. МұзАРТ тобы.


Бұлар халықты сағынтып екі жылда бір келетіндіктен болар екі күн қатар концерт ұйымдастырса да көрерменді жинай алады.әзірге, болашақта да солай болуын қалайық. Көрермендері жеті жастан басталып жетпіспен аяқтала қоймайды.

2. Тоқтар мен Бейбіт.


Аталған отбасылық жұптың концерттері де аншлагпен өтеді.Көрермендері орта жастағылар, студенттік жылдың соңғы жылындағылар мен жас отбасылар.

3.Мақпал Жүнісова.


Жерлестері болғандықтан және де ән айту мәнерінің өзіндік жарасымдылығы бар бұл апамызға ағылатын үлкендер жағы көп.

4. Кейінгі жастардан залды толтырып жүрген бірден-бір әнші Қайрат Нұртас.


Екі жылда циркке үш рет келіп-кеткен Қайраттың Қарағандыға өкпесі жоқ шығар. Кіммен еріп келсе де залды толтыруына қарағанда көрменнің 70 пайызы Қайрат үшін келгендей болады. Көбісі беталды шыңғыра беретін ақымақ қыздар.

5.Қыдырәлі — Қарақат һәм "Ұлытау".


Қыдырәлілер "Ұлытаусызда" "Ұлытауменде" циркті толтыра алады. Көрермендері жиырма бестен асқандар, орта жастағылар және одан жоғарылар.
Бөлісу:

36 пікір

alisha
Біздің Атырауда да шамамен осындай. Атыраудың сүйіктілері қатарында Еркін Нұржанов та бар. Бірақ, соңғы кезде Еркіннің концерттерінің афишасына халық күмәнмен қарайды. Өйткені, екі рет алданды. Бұл енді Еркіннің емес, делдалдардың «жымысқы саясаты». «Еркін келеді»,-деп халықты жинап алып, ұялмай-қызармай «Еркін келе алмады» дейтінін қайтерсіз. Бейбіт пен Тоқтарды да халық жақсы көреді, бірақ осыдан екі-үш жыл бұрынғы олардың концерттерінен соң Бейбіттің /жүкті кезі/ сахнаға үйге киетін аяқ киіммен шыққанына халық біразға дейін ренжулі жүріп еді.
Abilakim
Бейбітке үйіндегілерде ренжіпті «Сахнаға киетін аяқ киіміңмен үйге келдің» деп…
sammita
тапочка ма?
alisha
ия, солай дейді. Мен барғам жоқ, көргендер айтады. Тіпті, облыстық газетке жазды халық өкпе-назын.
sammita
ұмытып сол қалпы шығып кеткен болар? Әйтпесе жайпақ табан аяқ киімдер көп қой (жүктілігіне байланысты биік өкше кие алмаса).
alisha
мен ойлаймын бұл аяқ асты қабылданған шешім сынды… туфлимен бастап, кейін өзін ыңғайсыз сезінсе керек-ті
alisha
бірақ, басында туфли киген-кимегенін білмеймін, өтірік айтпай-ақ қояйын
Abilakim
кілең дұшпан жиылып, аяғына қарады)))
Шамасы, жайлы аяқ киімін ұмытып кеткен болар
alisha
жаман жазды әйтеуір: «сахнаның киесі ұрады деп қорықпай ма, халықты сыйламағандық ол» деп
sammita
онда Варум мен Агутин құсап Тоқтар екеуі де жалаң аяқ шықса болар еді:)
alisha
Немесе Настя сынды бір туфлиін қолына ұстап дейсіз;)
Zere
Былай жақсы әншілер ғой. Той-бизнесті қуып кеткендіктері болмаса…
alisha
«Бұрынғы сал-серілердің бәрі тойда танылған, тойда өнер көрсеткен»,-деп әншілер өздерін бұл тұрғыда сәтті ақтап алып жүр негізі.
VKM
Біз жақта да қазақша концерттерде зал толы болады.
Zilola
Алдыңғы үштікке респект! Алла разы болсын деймін, қалғандары онша ұнамайды.
Аяқ киімде тұрған ештеңе жоқ, аяғы ауыр болса қайтеді енді
alisha
Аяғы ауыр болса үйге киетін тапочкамен шығу керек пе? Мәселен, аяғымыз ауыр деп жұмысқа солай бармаймыз ғой…
Abilakim
Енді келсе анығын сұрайыншы… Менің нұсқам,ұмытып кеткен. Пойызда киген сүйретпесімен шыға салған шығар сосын.
alisha
мүмкін… бірақ дүкенге кіріп жаңасын ала салуға болады ғой онда;)
Abilakim
Дәл сахнаға шығар кезде байқаған шығар. Тоқтардан бір боқтығын естіп алып «салпыншағын» салпылдатып сахнаға шыққан болар
omarbirat
ұмытып кеткен

немесе біреу ұрлап кеткен :)
Zilola
тап концерт басталарда аяғы ісініп кетіп, туфилиі сыймай, амал жоқ сүйретпемен шыққан болар. Халыққа жағу қиын :((
VKM
Мақпал Бейбітті қалай реабилитировать етерін білмей отыр:)))
alisha
Бейбіттен менің де алты аласы, бес бересім жоқ негізі..Әндерін сүйіп тыңдаймын. Орайы келгесін айтып жатқаным еді…
Zilola
Бейбіттің қандай адам екенін білген соң жазып отырмын да, әңгіме басқа әнші жайлы болса сіздермен қосыла мазақтар ма едім :)
VKM
Мақпал, сен айтсаң болды ғой:)))
alisha
Аяғы ауырлығын көрерменге бұлдай ма не, онда үйінде отырсын… себебі осы ғана болса
sammita
қолдаймын сені он саусағымды көтеріп:)
Nurgisa
Қойыңдар, қойыңдар, қыздар. Бұлар енді халықтың өнерін арқалап жүрген елшілер ғой. Анда-санда «еркелесе», оны да көтере саламыз. Әбіләкім айтпақшы, әлдебір жерде ұмытылып, басқа қылынып қалса керек қой. Шықпай қойса сол болар еді құрметсіздігі. Әйтпесе, алдынырақ байқаса, баламалы аяқ киімді ала салуға қаржылары жоқ емес шығар.

Тоқтар осы ғибадатын күшейтіп, сәждеге бас игелі қиямпұрыс ырғақтан гөрі, салмақты жанрға бет бұрды сипатындағы әңгімені естіп ем. Репертуарында шынымен сондай өзгешелік бар ма екен?
Abilakim
«Серілер» тобы орындап жүрген «Бір көш» атты терме-толғау сол жігіттікі
AKY
Бейбіт (Қорған емес) крәсәпшік! «А» деп ауыздарыңды ашушы болмаңдар)))
Delvara
Жазда ауылға баргам, сонда Қарақат сахнаға шықса болды, ауылдағылар бір -біріне айқайлап айтып жатады, "Қарақат ән айтып жатыр, қараңдар" деп… Соған қарағанда оларға ауылға көп бару керек қой
asaubota
оффтоп болса да сұрайыншы, ешкім мені банға жібере қоймас :) осы сахна дегеннің киесізі де бола ма? әлде тек киелі сахна бола ма? және ол қай кезден бері киелі? бұрын қазақтарда сахна болған ба?
Nurgisa
Жол полициясы үшін жезл қандай киелі болса, жезтаңдайларың үшін де сахна соншалықты киелі ме деймін.
asaubota
давай интернетті де киелі қылайық? келесіде ТВге түсіріп жатса былай демесем ба:

Қазағымның осынау бір киелі интернет айдынында жүргеніме 10 жылдан астам уақыт болып қалыпты…
Abilakim
Қазақ өнердің киесі бар деп сенген халық қой. Сахна -өнерді халыққа ұсынатын орын болғандықтан солай атайды.
edige
Музарттың әнін «Музарт» суын ішіп отырып тыңдап жүрміз