Роксонаки

Кезінде «Азия дауысының» жеңімпазы атанған «Роксонаки» тобы естеріңізде бар ма? Шатаспасам 1990 жылы-ау деймін.Білсе біздің буын, аға буындар білер. Ол кезде мына Қисық, Патиктер бала ғой. Біле қоймас. Осы топ кезінде тамаша шығып еді.
Қар қызы әні
Бөлісу:

36 пікір

Abilakim
видео неге шықпай тұр, Ютубтан қойып ем?!
Zilola
Аршат ағайдың көрсеткен кодымен жасап көр
Abilakim
о қалай?
asaubota
сілтеме соңындағы &feature=related деген керек емес, соны алып тастау керек
asaubota
бұл топ сол 90-дар танымал болды да кейін жоғалып кетті ғой. мына клипті Стамбулда 2002 жылы түсірген екен, Стамбулдағы Алматы мәдениет күндері кезінде. ана бас жағындағы жер @TERISKEI мен @aktobe88-ге ұнамаған Йеребатан деген жер.

қазір бар ма бұл топ?
Abilakim
жоқ қой деймін. Бұлар шатаспасам Жезқазғаннан ау деймін
urimtal
бұл топ туралы бұрын шынымен де көп жазатын. Бірақ Жезқазғаннан дегенді бірінші рет естіп отырмын.
Abilakim
шатасуым да мүмкін ғой. Ұлытау ма солай секілді боп көрініп тұрғаны… Әйтеуір Қазақстандікі екені анық енді
omarbirat
Бұл топ қазір Америкада ғой деймін. Жетекшісі — Руслан Қарин әлде Руслан Қара деген кісі/жігіт. Рас-өтірігін көзбен көрмеген соң білмеймін, бірақ Америкада концерт қойғанда бақсының әнін салып, шақырайған ашық күнде жаңбыр жауғызып жіберген-міс. Өздерінің музыкадағы бағыттары сондай ғой. Бақсылықты рокпен ұштастырған.
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 12:35
Gulistan
Ол бақсы анда-санда көрініп қалады. "Қазақтың жүз әнінде" ән шырқап қалар…
asaubota
мына жерден 5 трекын таптым www.myspace.com/roksonaki
Gulistan
қасқа, менде жабық
Abilakim
рахмет, ойнап тұр менде
Gulistan
Мен бұл топты ұмытқан жоқпын. Кезінде «Азия дауысы» көптеген жас әншілерге өнерге жолдама беріп, қолдау жасап еді.
Осы топтың «Бесік жыры» деген әнін қатты ұнатамын, домбыраның қоңыр даусымен ерекше мұңды естіледі. Болса, осы жерге қойыңдаршы?
Сонымен бірге, Манарбек Ержанов деген де жас әнші шықты сол тұста, «Анар туралы» әнімен жақсы көзге түсіп, жюриде болған Нағима Есқалиева "өнерде қал, көмектесем, даусыңды ұштау керек" дегендей ақылдар беріп, өз қоластына алғысы келген екен, онымен кейін көрінбей кетті ғой.
Zilola
Кебін киген өледі, кебенек киген келеді деген сияқты өлеңі бар еді қателеспесем.
Gulistan
Ия, сол. Ерні қалыңдау келген жігіт айтатын
Zilola
Жұмыста бір апашка бар, сол кісі бір күні дискісін алып келіпті, құда балам деді по моему, уопшым тыңдап көр деп. 1-2 әнін тыңдадым да, өмірде бұдан басқа да проблемдерім көп деп қайтарып бердім )))))))))))
Abilakim
Ерніне ғашық болғансыз-ау…
Gulistan
Әніне ғашық болдым.
Abilakim
Мұқағалидың өлеңітін ұмытпасам…
saken
-Бөпем, бөпем, бөпем-ай оуууу…

деп айтылатын ән емес пе еді. Жап-жақсы ән еді. Жұмыстағы 1 апашкіңнің дискісінде болса, осында жүктесең күшті болар еді.
Abilakim
аха, сол ән ғой! Мен де өтіне сұраймын, сол әнді жүктесеңіз…
Zilola
сұрап көрейін
точны уәде ете алмаймын
Zilola
Апашкам 1/2 ставкада жұмыс істеген соң кеше сұрауға ол кісі уже үйіне кетіп қалған.
Бүгін таңатпастан барып сөйлесіп, ертең дискті әкелетін болды. Бірақ менің үйімде ғаламторға шығу мүмкіндігім жоқ, ал жұмыста музыка жүктеуге болмайды. Сондықтан бір көпжасағыр досыма беріп, жүктетіп алармын
Abilakim
Досың екеуің көп жасаңдар, жарай ма?
saken
көпжасағырлар!!! рахмет!!!
бүкіл дискідегі әнді жүктеп қойсаңдар, опшым көпжасасаңыздар екен ))
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 11:04
omarbirat
320 Кбит/сек сапасымен болса, жынды боп кетер еді. Lossless болса тіпті керемет болмақ
omarbirat
Манарбек Ержанов
Аттасы ма?
Gulistan
Әрине, аттасы. Бірақ бірнеше әрпінен қателесуім де мүмкін. Айттым ғой, көрінбей кетті деп
qisyq
Әбеке, жастық шағың қиын болған екен…
Arhun
Керемет керемет ән!!! Профессионализм!!!
Неге өздері жоғалып кетті екен?
omarbirat
Олар жоғалған жоқ, жай ғана оларды іздеген ешкім болмаған шығар
Arhun
Таза таландыларды, расында, ешкім іздей қоймас
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 18:33
omarbirat
Бұлар поп орындаушылар болмаған соң, тыңдаушылары да аз болады ғой. Іздеусіз кеткені содан да болуы мүмкін. Керек қылған адамдар өздері іздеп тауып алады