Холодец...

Рахо(Роха емес) атты жолдасыммен «Дозор» шекаралық нарядына шықтық. Бізге берілген шекаралық аймақтың 36 шақырымын 5-6 сағатта айналып шығуымыз керек. Шекараның ана басына және мына басына сол күні болғаныңды анықтайтын белгі жазып кетуің керек заң бойынша. Жаз мезгілінде борпылдақ топыраққа (КСП-контрольна следовая полоса,12 метр соқамен жыртып, малалап тастаған арнайы жолақ),қыста қардың бетіне жазып кетесің. Оқиға қыс мезгілінде болғанын айта кетейін. Жаркент жақтың қысын арқаның қысымен салыстыруға келмес әрине. Дегенмен бой үйреніп қалған соң бұл жақтың суығына да өзіңше тоңады екенсің. Бірақ, дәл сол біз нарядқа шығатын күні боран қатты соқты. 5-6 қадам жүріп артыңа қарасаң әлгі ізіңді қар жауып жатады. Әр бір километр не одан сәл көп аралықта заставамен байланысқа шығатын «саңырауқұлақтар» бар. Ауылдың тұсынан өтіп бара жатқанымызда, Рахо «Айсұлтан, аноу шеткі үйге кіріп жылынып алайық демесі бар ма?». Өзімнің де борандатып қаншама жер жүруге құлшынысым жоқ еді. "Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» десеңіз не сәрі" демекші шамалы уақыттан соң әлгі үйде отырдық. Бұл үйде жалғыз баласынан қалған жалғыз немересі Алматыда оқитын әжей тұрады екен. Үйі суып кетіпті. Бүгін тұрып пеш те жақпапты. Көршілер келіп аңда-санда қол ұшын беріп тұрады дейді. Өзінің айтуына қарағанда төсек тартып қалғанына бір апта болыпты. Содан Рахоға көзімді қысып қап ем шамалыдан соң гүрілдеп пеш жанды. Бойымыз жылыған соң Рахо «хазайничить» ете бастады. Заставада аспаздың көмекшісі болған Рахо бір-екі сағат сайын аузына бірдеңе тықпаса жүре алмайтын. Содан ыдыс -аяқты салдырлатып біраз іздегенмен жейтін ештеңе таба алмады. Ақыры шыға берістегі бөлмеден бір тегене көтеріп әкелді. «Мында бір тегене холодец бар екен. Шетінен кесіп жеп көрдім, жейсің бе? » деп менен сұрай бергені сол еді,
"Үйбай, қарағым! ол халадес емес, менің бірапта бойы қақырып жатқан қақырығым ғой, кеше көрші келіншек шығарып қойып еді" демесі бар ма…
Бөлісу:

34 пікір

Nurgisa
 Бүгінгі күннің позитиві! Рақмет, Айсұлтан.
Abilakim
Негізі маған «халадес» жеген ұнайды. Күздік малдың, соғымға сойылған малдың бас-сирағын үйітіп «халадец» жасап беріп жібереді жеңгелерім
Gulistan
Мына әңгімеден соң холодец жегім келмей қалды
Abilakim
кеңк-кеңк))))Мен де әскерден келген соң бір жыл холодец жемей жүрдім))))
Пікір түзетілген: 21 шілде 2011, 10:53
Nurgisa
Анар, ассоциативті ұштастырудан арылмасаң халің мүшкіліне мүшкіл. Қақырық пен түкірік бер жағында қап қалуы әбден мүмкін. Холодецті холодец деп қабылдау ең дұрысы…
Gulistan
ия, мүшкіл…
Nurgisa
Салатқа майонез тамызып жатып нендей ассоциациялар туындайды сенде?
Gulistan
ешқандай… ал, сенде ше?
Пікір түзетілген: 21 шілде 2011, 11:42
Daniar-Alan
фантазияларыңдыссс
asaubota
іштегілердің бәріне айтып прикол ұстадың ба сосын?
satibaldi
@Gulistan -ға ет жеуден демотиватор:
Пойызда үш жігіт ет жемек болып, турайын десе — пышақтары жоқ.
Біреуі айтады:
— Мынау көрші купеде шал ұйықтаватыр. Столда — ет турайтын пышағы жатыр!
Екіншісі дереу барып ұрлап әкеледі де, етті турап жей бастайды.
Аздан соң шал оянып, пышағын іздеп, жігіттерге келіпті:
— Балаларым-ау, мына үстелде пышағым жатыр ед. Тырнағымды алып жүрген жаман бәкінің кімге керек болғанын құрғыр, көрмедіңдер ме?
nurbergen_makym
Амлет пен котлетті жеуден демативаторыңды айтпа тек.
)))))))))))))))))))))))))))))))
Gulistan
негізі кез-келген нәрседен жиіркенетін әдетім жоқ. Бірақ мына бәкі хикаясы тым шектен тыс
satibaldi
Онда @nurbergen_makym "қой!" десе де, омлет пен котлетке тапсырыс берген кемпірдің хикаятын айтуыма тура кеп тұр…
nurbergen_makym
Бірақ мына бәкі хикаясы тым шектен тыс

Айт, ойбай айт!
Атасын өлтірдік қой, енді, әжесін өлтіріп қайтеміз сөздің.
satibaldi
Енесін, айтайын, нақтың әфсанасын.
Очм, бір мәмбет кемпір үлкен қаладағы МакДональдсте хай-вай шығарып тұр екен дейд:
-Қарақтарым-ау, амлет дедіңдер, көтлет дедіңдер, басқа жерден ет құрып қалған ба сендерде?
nurbergen_makym
 Гүлістан демотиваторлармен диетаға отыратын болд
konvict
Менің естуім бойынша ол бәкі қырынатын бәкісі екен шалдың
Gastarbaiter
Бала пішетін болмаса игі...
ickep
Әпшәгәда тұрғмаған екенсің. Қасыңда біреу дәрет сындыру көркемдігін айтып тұрса да, мүлк етпестен атауыңды күйсей бересің. «Обсчага — өмір мектебі» жазбаларымда толық айтып бере жатармын.
Gamk
Негізі Сатыпалдынікін де, Әбіләкімдікін де анекдот қып естігем. Әңгіменің темасына қарай қоса кетейін.
Біреу үйіне -70 градустық іспірт ішіп, мас боп келеді. Содан ауызғы бөлмеде ұйықтап қалған екен. Оянып кетсе таңдайы кеуіп, тілі ауызына симай жатыр екен. Сушняк. Қараңғыда су іздеп олай сипап, былай сипап шелек тауып алады. Жұтып жатыр, жұтып жатыр. Әуелі сұйық-тын. Бұл су деп ойлайды. Жұтып жатыр. Сәлден кейін, кеспе көже? Артынан есіне сарт ете қалады, ЖУЫНДЫЫЫ?!
satibaldi
Баналды-ле-па-ла-пумба, ее!
Баналды-ле-па-ла-пумба,
Ее!
Gastarbaiter
«Мында бір тегене холодец бар екен. Шетінен кесіп жеп көрдім, жейсің бе? » деп менен сұрай бергені сол еді,
"Үйбай, қарағым! ол халадес емес, менің бірапта бойы қақырып жатқан қақырығым ғой, кеше көрші келіншек шығарып қойып еді" демесі бар ма…

Эффект үшін өтірікті соғыңқырап жіберудің еш өлекеті болмаған.
Abilakim
өзің де сезіп отырсың ғой)))
konvict
Жүректі айнытып жібердің ғой, лібәд
Abilakim
Мереке қарсаңында шығара салайын
Daniar-Alan
мейрамға салат істеп, холодецке
майонез
тамызып жеңдер
araika
 Өткен жолы бір кафеде отырып, мәзірінен осы холодецті аудармалап жазылғанын көрдім. Бұл қандай салат екен дей беріп, тоқтап қалғам
Marationok
анау жұмыртқамен қосып жеу керек еді