Сый көрмей-ақ өтейін...


Иә, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні бүгін. Тұлғаны тірісінде бағаламайтын халықпыз ғой. "Қазақстан" арнасы таңғы бағдарламасына суретші Алмас Сырғабаевты шақырыпты. Бала кезінен бастап ақын өлеңдеріне байланысты суреттер салған Алмас, ең бірінші рет "Қайран жеңгем" өлеңіне иллюстрация (осы суреті үшін 50 сом ұтып алғанын айтып өтті) жасаған екен.

Алмас Сырғабаев)
Бала кезімде «Балдырған» журналынан ақынның суретін бастырып алып мектепке өзім салдым деп апарғаныма әлі күнге ұяламын.Ол кезде бірінші класта едім.
ақын жайлы естеліктер, әңгімелер айта берсек таусылмас…
Бөлісу:

34 пікір

asaubota
www.mukagali.kz Мұқағали журналы тым-тырыс :)
omarbirat
Сайттың атына обал жасаған екен. Түкеңдер айтпақшы, жазықтар болсын!
Nurgisa
Мұқаң Фаризаға кезінде ғашық болды деген әңгіме қаншалықты рас?
Abilakim
Сырлас болған ғой. Бірақ арасында бірдеңе болуы да ғажап емес
AKY
Фариза Мұқаңмен араласқам жоқ депті бір интервьюде. Фариза қыз деген өлеңді не үшін жазғанын білмейм, негізінен, Төлеген Айбергеновпен жақсы болдым дейді.
omarbirat
Тыңдай отырыңдар :)
sammita
тыңдау бақыты бұйырмаған;) Жай отырмай жорамал жасап отырайын, ақынның өз даусымен сәбиіне айтатын өлеңі емес пе?
asaubota
дәл таптың! :)
sammita
алтын қорда одан басқа сақталған даусы бар ма екен… Құрметті, астаналықтар, Қазақ музыкалық-драма театрында жыл сайын ақынның құрметіне «Мұқағали» қойылымы қойылады. Өте сәтті спектакль меніңше. Бұл жөніндегі ақпарат мынадай: «9 – ақпан қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали Мақатаев – 80 жасқа толады. Өмірде өзі болмаса да, ұрпағына өмірлік бай мұра қалдырған ақиық ақынның 80 жасқа толу құрметіне, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасын көрермендерге ұсынбақ. Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.Кештің арнайы қонақтары пьесаның авторы Серік Тұрғынбекұлы, қоюшы режиссері — Болат Ұзақов және БАҚ өкілдері мен көрермендер. «Мұқағали» поэтикалық драмасы 2003 жылдан 9 ақпан күні Театр ұжымының дәстүрлі түрде көрермендерге ұсынылып келеді.Қойылым соңында Мұқағали поэзиясынан жыр оқыған көрермендерге театрдың арнайы сыйлықтары бар!»
patick
Неге тек сыйлықтар бірдеңе білетіндерге беріледі? Мысалы, Мұқағалидің әндерін түк білмейтіндерге неге арнайы сый-сияпат тағайындалмайды?! Адам құқығын аяқтта таптау меніңше.
sammita
мүмкін мүлдем қойылымға келмегендерге үйіне апарып берген жөн шығар;)Зәкүншілін-ай:)
Abilakim
"Қарлығашым келдің бе?" бар менде өз дауысымен
omarbirat
Басы сол өлеңнен басталады. Негізі, мұнда — бірнеше өлеңі :)
Gastarbaiter
Бірінші рет естіп тұрмын мына өлеңді. жылағым кеп кетті.
Abilakim
Таңғы бағдарламада ақынның «Нұр жауып тұрған көктемдені» оқыған дауысын берді.
sammita
айтпақшы оны естігем. Жалпы «Мұқағали» қойылымын көргеннен кейін біртүрлі күй кешіп, ақынның жан дүниесін түсінгендей болдым…
aza
Омарбырат, бізге салып жіберсеңші, ел адресіміз azamat-tabyldievсабашкамайл.ру деген болады. уақытыңыз болса, алдын ала рахмет!
sammita
мына жерде ақынды соңғы сапарға шығарып салу сәті мен мақала жарық көріпті.
www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6157&Itemid=2
Abilakim


Фариза апайдың сөзіне жазылған ән. Ол кісіні көтеріп әкеткен осы Мұқаң емес пе екен?!
aza
Бүгін 80 ге толатын еді ғой… Алыптардың сонша асығыс кететіні несі екен, әйтпесе екінің бірі толатын 80 емес пе?!
nurbergen_makym
«2011 жылы Қазақстан халқының орта жасы 7о жас»Президент жолдауынан
[әйтпесе екінің бірі толатын 80 емес пе?!]
Сонда бұдан, екінің қалған екіншісі 60 жас жасайды десем, ҚазСтат соттап жіберетін шығар, а?
omarbirat
Таңертең жұмыстың алдында темекі шегіп тұрсам, біздің ғимаратта істейтін таныс кісі келіп, «Сендердің ауыл жақтан Мұқағалиға ұқсайтын жартас табылды» дейді (негізі, менің ауылым одан әлдеқайда бері жақта :)). Жартас табиғи түзілген екен, Мұқағалидың бет-әлпетінен аумайды-мыс. Кіре салып, гуглдатып көріп едім, кеше шыққан мақаланы көрдім. Бірақ табиғи ескерткіштің суретін көре алмадым. Жартас Шелектен ары қарай, Нұра (Сөгеті) ауылының тұсында дейді.
Abilakim
Жақыннан көру керек шығар
omarbirat
Мониторға үңіліп қарасаң да көре алмайсың: мақаламен бірге қойылған екі суреттің бірінде бір кісі жартастың (Мұқағалиға ұқсайтын жартас бұл емес-ау деймін) бер жағына тұрып түскен, екіншісінде — жартастың жанына қойылған белгі тақта.
Опшым, жол түсіп жатса, барып көру керек екен.
sammita
сіздің айтып отырған сурет пе екен. «Общественная позиция» газетіне жарияланды екі сурет. Бірінде ақынның ұлы Жұлдыз жартас бейнені қырынан көрсетіп түскен. Екіншісінде өздері ақша жинап, тақтатас орнатқан бес алты адамнын суреті. Әлгі жартастағы бейне шынымен қатты ұқсайды екен ақынға.
Nurkoke
Жыл сайын Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өту дәстүрге айналған, бәрі мені Мұқағалидың қарындасы деп атайтын, биылда шара өткізбекші болып жатқанбыз бір кезде бір әріптесім әзілдеп: шалыңды еске алғалы жатырмыз,өзің сөйлеп баста деді.«Шалы несі?»-дедім мен таңданып.«80 ге толды шал емей немене»-деп олар күліп жатыр.Расымен 80 ге толыпты.Өзінің қайтыс болатынын түс көріп біліпті,өмірді қимаған ақын еңіреп жылап жіберіпті,үй ішімен жылапты.45 жасында кете барды, отбасының айтуынша көреалмаушылықты көп көрген, бір екі жаңа костюм иығыма іле алмай кетер ме екенмін деген екен.Ұлы туындылар мұңнан туады деп Қадыр Мырза Әли дұрыс айтқан тәрізді,өмірі мұңға толы болды.
satibaldi
Қорс-қорс жльадЪм. Ол кезде Интернет болмағанын айтсайш, әлгі — шотын көрсетіп, жылу жинап… Әй бірақ бұл керекшілер футболка алып бере алса да жарар еді…
KILYZAMAN
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын.
Туады, туады әлі нағыз ақын!
Жыр сөздері жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп.
Жанар пайда болады соқырларға.
алынған жері
boztorgai
мақатаевтың туған күні бүгін
9 ақпан еді ғо
KILYZAMAN
Тақырыпқа сәйкес болғандықтан қойылды, қойыла бермек!