Шыбынның дәрісі

Тоқсаныншы жылдардан да тірі шықтық қой.Zilola

Тоқсаныншы жылдар...Өліара… Біздің мектептік жылдарымыздың бастауы сол уақытпен тұспа-тұс екен. Бізге(біздің мектепте) ешқандай тәжірибелік класс аман жетпеді. Тіпті, қарапайым гербарий жасамаппыз да. Бұл-бұл ма, "қайықшыға жел қарсы" демекші бор тапшылығына кездестік. Тырнақтың басындай борды алты сабаққа жеткізетін мұғалімдер бар еді.sammita секілді старостылардың сумкасында жүретін түрлі-түсті борларда таусылды. AKY тәрізді тазалық секторлары бүкіл кластарды жағалап, мұғалімдерден бор сұрайтын замандар туды. Есікті аша бергенAKY типтестерге мұғалімдердің тряпка лақтырып жіберетін де кездері жиі ұшыраушы еді.Ізбеспен (әктас) жазып көрдік. Болмады.Мұғалімдер саусағын сілекейлеп алып тақтаға жазуды шығарды. Білімге деген құштарлығымыз артып, сілекей кепкенше жазып үлгеруге тырысатынбыз. Біздің осы күйімізді Құдай көріп, қытай құтқарды.Дәлірек айтсақ, қытайдың шыбынға қарсы шығарған дәрісі құтқарды. Бор тәрізді қанық жазбаса да ізбестен жақсы еді жарықтық. Тақтаға шығып бор жеп қоятындарға қатаң ескертулер жасалып отырушы еді сол бір замандарда…
Бөлісу:

33 пікір

qisyq
Есімде, есімде. Әктастың қаттысы түссе, тақта байғұсты жырым-жырым қылып тілгілеп тастаушы еді.
Abilakim
Шиқылдап нервіңе тиеді ғой…
a63a1
Тақта болғанына шүкірлік етіңдер
balzaminka
адамға андай типтес, мындай типтес деген сөз айтылмайтынын еске салғым келеді
Abilakim
жақсы салдыңыз, бес бидайыңыздың сонша күйгені несі?
balzaminka
бесеуі емес жиырмасы күйді десем де горбатого могила исправить деген ғо
ken
бізде бормен проблема болған жоқ. бір қарт мұғалім болатын. соның әкелген аппақ тастарын қолданатынбыз. бор секілді жазады. өзінің айтуынша, ол тастарды малға беретін комбикормның ішінен теріп алады екен.
omarbirat
Әпкелеріміз көшеде асфальтқа сызық сызып ойнау үшін гипсокартонның ортасындағы гипс толтырғышын да бор қылып пайдаланушы еді.
Abilakim
біздің ауылда ол кезде гипсокартон болмаған шығар ИМХО
AKY
Өмірі тазалық секторы болған емеспін Тақта сүрту, бор әкелуге еш қырым жоқ еді. Кезекшілікте пол жумай қашқан кездер де болды. Далаға шығуға ерініп, пол жуған суды пожарный щиттің қасындағы құм салынған жәшікке төккен күнәм де болған. Завхоз Ақантайдан «педагогтың қызы да сөйте ме екен?» деген сөзді де естіді мына құлақ
Оқу секторы болғаным рас енД.
qisyq
Қазір «пол жуған суды пожарный щиттің қасындағы құм салынған жәшікке төксең» ғой, Завхоз Ақантай «педагог та сөйте ме екен?» дер еді
AKY
Бұл менің өмір бойғы кармам болды.
Aizhantabyn
біздің класс 5 этажда болатын, ал туалет 3 этажда. Пол жуып болған соң суды терезен төге беретінбіз, пока бір ағайдың басына құйылмады
sammita
бізде ұлдар есіктен бір шелек суды шашып жібереді де, швабрамен жайып шығатын)
a63a1
мен тәрізді болғанғой)
Abilakim
Ауылда мектебіміз бір қабатты, дәретхана сырта болды. Балқашта 3 қабатты, әр қабатта дәретхана болды
Gulistan
Бор тапшылығы бізде де болды, апайымыз мұғалімдер бөлмесінен есеппен алдыртатын. Бор ұрлап жейтіндер де болған.
Бірақ мынауың мен үшін жаңалық енді, ебін тапқан екенсіңдер.
patick
Борды аннан-мыннан теріп әкелетін едік. Жақсы жазатын "құндылары" да тап болады. Біреулер иттің тастай болып қатып қалған ақ тезегін де әкеліп жүрді бормын шатастырып.
a63a1
иттің тастай болып қатып қалған ақ тезегін
қатырасың
Aldeken
сол тоқсаныншы жылдары мектепте оқу «бақыты» бізге де бұйырып еді…

Бір жылы мектебіміздегі кеңестік дәуірден қалған қызыл-қоңыр тақталар жаппай жасыл тақталарға ауыстырылды.
Ел-жұрт жаңа тақта алу түгілі таңертең қайнатқан шайын кешке дейін жаңаламай сылдыр су қылып ішіп жатқан заманда бұл қайдан келген кеңшілік деп әрі-сәрі күймен жаңа оқу жылына келгенде өрекпіген қуаныш су сепкендей басылды. Сөйтсек, жаңа тақталарға кез-келген бор жұға бермейтін болып шықты. Содан бас-аяғы 2,5 айға созылған «тақта» эксперименті басталды. Мұғалімдердің істемегені жоқ, қант еріткен сумен жуу, тақтаны жай шүберекпен сулап, кепкенге дейін жазып үлгеру, кейбір экстремалдар еден сырлайтын краскамен сырлауға дейін барды. Мұғалімдер бөлмесіндегі онсыз да аз борлар шартты түрде «жаңа тақтаға арналған» және «ескі тақтаға арналған» болып бөлінді. Завхоздың тіптен есі танды, жаңа тақтаға жазу қабілеті бар бор іздеумен көрші қалаларға да барып келді дегенді естігенбіз…
2,5 айлық эксперименттен еңбек пәнінің мұғалімі дұрыс шешім шығарып берді, «Бастары істемейтін зауыттағылар, есі дұрыс адам тақтаның бетін лакпен бояйды ма?» деп бүкіл тақтаның бетін күзгі каникулда паяльный лампамен күйдіріп шығып, мұғалімдердің алғысына, оқушылардың қарғысына бөленді… Қарғыс қатты болды-ау деймін, содан кейін қатты ішіп кетті, сол кісі…
Abilakim
тақтаны сұйық маймен сүртіп қойсаң бор жұқпайды.
Aldeken
қазіргі мұғалімдер рахат қо, күн сайын келіншегіме слайд жасап берем, ол соны айналдырып қойып, лекциясын оқи береді. келіншектің айтуынша еріншек мұғалімдер, сабақ болатын күннің датасын, сабақтың тақырыбына дейін үйден слайдқа жазып алып келеді дейді… интерактивтақталарынссс
asaubota
бізде Ойылдан бір бала болды, сол алып келетін Ақшатаудың тауларындағы борлардан.
Aldeken
сол кезде оны білсек, мектептегі завхозға сыбырлап жіберер едік… әттең, енді бәрі кеш…
sammita
жақсы жазасыз.
AKY
Енді Алдекен?
Aldeken
ау? не істеу керек едім? біреуді шақырып келейін бе? )))))))))))
sammita
жақсыны жақсы деу керек. Өз аузынан тыңдауға да кер әрі емеспін
asaubota
Ақтөбелік КВНшілер тарихында ойып тұрып алар орны бар Алданның негізі жазары көп. тек пікір емес посттар да жазады деп сенемін
Aldeken
Рахмет, Аршат! (мұрнын көкке шүйіріп, маңғазданып тұрған смайликті қалай қояды екен деген сұрақ тұр астарында)
Сеніміңді ақтауға тырысамын деп жағымпазданып қояйын… ))))))))))
meirman_g
шыбынның дәрісі дегенді, (лекция мухи) деп ұқтым)))
bazuka
Құдай көріп, қытай құтқарды.Дәлірек айтсақ, қытайдың шыбынға қарсы шығарған дәрісі құтқарды.
Мұндайда болды ма? біз оқыған кезде ақ тас сияқты бірдеме болды, кейбір басы тимейтін мұғалімдер жыбырлақ оқушыларға жіберіп қалатын. ол тас тиген оқушы енді оңбай қалатын шекесі ісіп.