32 пікір

Abilakim
халық әні ұнамаса + қоймай-ақ қой. Мен ұнамасам басқа жазбама, жеке бетіме барып минус қойсай айналайын-ау. Дәстүрлі әндерде нең бар?
a63a1
Әбіл осы неге сені жек көретін адамдар бар ә бұл пәниде?
Abilakim
өйткені мен оларды менсінбей кеткен жігіттерге қатты ұқсаймын десең ә))))
Жоға, өзім оңбағанмын ғой. Оңбағандар қашанда өз жазасын тартуы тиіс)))
a63a1

Бауырым жаңылыспа жолдан дұрыс
Қыранға қия шыңға қонған дұрыс,
— деп Аманжол Әлтәев ағамыз айтқандай, тым өзіңді түсірме бұлай
Abilakim
Партсъезіңнің адамдарын пихать ете бермеш))))
a63a1
буақаақақа пихайттайтындай адамғой, жалғыз Ақтүбек емес Жаңаарқаның атынан шығып жүрдіғой кезінде
Gastarbaiter
Өзіңе кінәртпа, Әбіл-ау, ауыр минустың авторы мен едім.
Инструменттің ішінде онша жақсы көрмейтінім сырнай. Даусынан денем тітіркенеді, играй гармонынс…
ПС. Осы плюс қойсам, «неге қойдың?» деп сұрамайсың ау, ә?
Abilakim
себебін білетін минус пен плюске ештеңе айтпайсың ғой. Біреу рок музыкадан видео қойса оны жеке көзқарасым үшін минустай салмаймын ғой.
Былайынан минус күтетін жазбаларым мен суреттерім болды. ана жолы айғыр мен байталды минустар ма екен деп салып ем, ешкім тиіспеді нақ
bekkerey
Келіншектің кең дауысымен сырнайдың үйлесімі. Рахмет әбілӘкім. мен мүтып кетті ме деп жүрсем… Партсъез деген Теңіз ауданы ма?
Abilakim
Менің есімімдегі бас әріптің орнын ауыстырып көруге кеңес беремін.
dark_nazgul
Клараның орындауындағы бір әнді таба алмай жүрмін. «хау ли ләй, ахау» деп келетін жері есімде, басқасын білмеймін…
білетіндер болса… айтар алғысым шексіз!!!
Abilakim
«гигөк-гигөк» деген жері бар ма?
dark_nazgul
ондай жерін білмеймін… бір екі иірімі есімде, ыңылдап айтып жүремін.
Abilakim
маған ызбандап ың(қ)ылдап жіберсең
қалжыңсыз айтам
Abilakim
менің ойымша«Сандуғаш» секілді айтып тұрғаның
dark_nazgul
қойшы осында, бар болса.
Abilakim
dark_nazgul
дәл өзі!!!
Abilakim
сен де жақсы ыңылдадың)))
GulL
ыңыл арқылы өленді тауып бересіз қандай күшты
Abilakim
қаласаңыз сіз де ыңылдаңыз, тек алдымен орындаушысын айтыңыз
vebred
Қазақстандағы анау Жұбаныш жүргізетін «Угадай мелодию»-дың қазақшасын асып кетті ғой… мына тапқырлығың Әбеке)))!!! Клара өте жақсы әнші ғой… «Жібек сезім» деген әнді сол әнші айтатын ба еді…

Айым да сен, Күнім де сен
Жанымды тербейсің күлімдесең
Жаным да сен… бағым да сен
Сүймесем сені сәулееем,
Дәл бұлай сағынбас ем!

деген мәтінінде сөздері бар…
егер білсеңдер сол әнді де осында салып беріңдерші…
жүктеп алуға таба алмай жүрмін
Abilakim
бұыныңызды Гугіл тәтенің өзі-ақ тауып береді ғой. Сол кісі орындайды.http://www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/8460.html
vebred
Рахмет!!! Видеоны көріп отырып, сонау студент шағым елестеп кетті!!! Ол кезде консерваторияның халық әні кафедрасында Сәуле, Бекболат бастаған әншілер жұмыс істейтін, Қайрат Байбосынов та бар (ол қазір де сонда ғой)… сол кезде халық әні кафедрасы оқу орнының концерт залында микрофонды алып тастап, әдейі, концерт қоятын… өте керемет болатын… Сондай бір концертке менде барғам… Сол кезде осы Клара, Бағлан Бәбіжан, Тағы бір қыз бар қазір Астанада атын ұмытып отырмын барлығы ән салатын олар студент еді… сол әсерлерім есіме түсіп отыр… қазір ондай концерт қойыла ма екен білмеймін… Бірақ өзім көрген сол бір концерт көрермен мен әртістердің арасындағы үйлесім шарықтау шегіне жеткен керемет кеш болып еді…
Abilakim
Қайрат ағамыз Астанада ғой қазір.Айман апайдың қасында
vebred
ааасолай ма еды… оны былмеппын))) рахмет ақпаратыңа
dark_nazgul
Ардақ Исатаева шығар есіңе түсіре алмай отырғаның. Президент оркестрінде.
Кезінде Қарақат та тәп тәуір домбырамен ән айтатын еді…
vebred
иә иә Ардак Исатаева
dark_nazgul
my.mail.ru/mail/dark_nazgul/audiotrack?file=707e48223405f71921617652d77fc5a7&uid=56909542

Клараның орындауындағы «Гүл сезім» әні. ең жақсы орындалуы осы деп білемін, Мақпалдан да артық айтты осы әнді.