Сіздер жақты қайдам, біздің жақта кей жылдары жаз айларында жылан көбейіп кетеді. Үйдің көлеңкесіне келіп жататын кездері де болады. Жалпы жылан жайлы аз біледі екенмін. Біз көріп өскен жыландар улы ма әлде у тістері жоқ па біле алмадым. Білетінім жыландарды өлтіруге құмар едік(Құдай күнаға жазбасын). Алдыңғы әңгімеме кейіпкер болған әпкем жыландарды өлтіруге бұйрық беретін. Өлтіргенде де өте ыждахаттылықпен өлтіру керек. Себебі, жыланды өлтіріп жатқанда " Алтын басым аман болса алты күнде тірілем, жез құйрығым аман болса жеті күнде тірілем" деп айтып жатады екен.Жыланның тілін қайдан үйрендің деп сұрамаппыз да біз ақымақ. Сірә, басы мен құйрығын жақсылап мыжғылағандығымыздан болар тіріліп келіп кегін алған жыландар болмады.
ПыСы. Жыланды атымен атауға болмайды,«түйме» деп атаңдар дегенді естігендерің бар ма? Жыланды қоршап «Түйме, түйме түйіл!»деп айқайлаған кезімізде түйілуші еді. Бізге сес көрсетіп шиырылғаны екен ғой қазір ойлап қарасам.
Бір жылдары Шымкент Ташкент жақтағы (нақты қайсы екенін білмеймін) бір үлкен автожолды жауып тастаған жыландар көші туралы естуім бар. Олар ауа-райының қолайсыздығын, жер сілкінісі, су көшкіні сияқты құбылыстарды жақсы сезіп, мекендеген жерін дереу ауыстырады дейді. Әлгі жолдан күні-түні өтіп жатыпты ирелеңдеп. Ұйықтап жатып, ауыздарына жылан кіріп кеткен екі адамның екі тәсілмен жандарының қалғанын да оқығам. «Асқазандағы жыланның» бірін тірідей сүтпен, екіншісін арақпен өлі алып шыққан. Ордалы жыландар бауырына алтын басып жатады дейді-мыс. Көлбар жыланды емдік мақсатта пайдаланады екен. Кейбіреулер жыланның басын шауып тастап, денесін әбден кептіреді екен. Содан соң оны сүйегімен қосып талқандап, ұнтақ жасайды. Оны кепкен нанның ұнтағымен араластырып, дәрі ретінде пайдаланады. Бұл жыланның бағасы 150 доллар шамасында.
негізі, көп жағдайда өлген адамның рухы үйге жылан кейпінде келеді деген сенім бар ғой. «Жылан кірсе, басына ақ құйып, шығарып жіберіңдер» деп үйреткен бізді.
Нәби (с.ғ.с) айтты Жыланды және скорпионды өлтіріңдер даже Намазда тұрсаңдарда.
Однако, если змея заползла в дом, то ее нельзя убивать, ибо это может быть джин. Сле-дует велеть ей покинуть дом и подождать три дня, после чего если она не выйдет, то ее можно убить, ибо это шайтан. Муслим 2236.
Қордайдағы практикам есіме түсіп кетті ғой. Ол жақта жылан көп қой. Ағаштарға оралып жататын. Ысылдаған дауыстары естіліп тұрушы еді. Суда да көп еді. Олар суда шақпайтын бірақ аяғыңды орап тарытп кетеді дейтін.
біздің ауыл жақта шақпайтын сарбас жылан көп болатын, қойкезекке барғанда көретінбіз. сосын бір рет қорада қи тасып жатып, бір қидың астында жатқан қара жыланды көріп қорқып кеттім. күрекпен бөліп тастап, өлтірдік.
бірде үйге пішен түсірді, содан кейін аулада ойнап жүрсек кішкене жылан жүр екен, шөппен бірге келсе керек. Үйде бала мысық бар еді. Жыбырлап жүрген соң жетіп келді… Мәссаған! Бір мезігле ана екеуінің арасында кәдімгідей төбелес басталып кетті… мысық пен жыланның шайқасы жаман екен… ысылдап айбат шеккенде екеуі де бір бірінен қалыспайды… ақыры сол жерде біреуі шыдамай күрекпен бір қиды әлгі жыланды
Ит-мысықтың сүйікті ісі ғой жылан өлтіру. Біздің ауыл — Жыланды деп аталады. Сәйкесінше, жылан көп.
Ертеректе, екі ағайынды бала жыланның ордасына тап болып, бәрін күрекпен оңды-солды шапқан ғой. Содан, бір күннен кейін екі баланың біреуі таңертең ұйқыдан оянбай қалыпты. Көпшігінің астында жыланның басы жатыр екен. Шамасы, аман қалған бір бас өшін алуға келген болуы мүмкін.
Жастыққа тұншығып қалуы да ғажап емес.
Жыланның ордасының астында алтын болады дегенді мен де жиі естіп өстім. иесіз қалған ордасын тапсам екен, алтыннын қазып алсам екен деген де қияли армандарым болған.
кішкентайымда ағама еріп Ырғыз өзеніне балық аулауға баратынмын, сонда балалардың жыланды бөліп, бөліп тастағаның көргем. онан кейін немере ағам жыланды ұстап алып шыны банкіге салып күннің көзіне қойғанын көрдім. ол әбден еріп болған соң емге пайдаланады деген үйдегілер.
Менің таңданатыным неге ырымға балай бересіздер?
Однако, если змея заползла в дом, то ее нельзя убивать, ибо это может быть джин. Сле-дует велеть ей покинуть дом и подождать три дня, после чего если она не выйдет, то ее можно убить, ибо это шайтан. Муслим 2236.
Орысша жақсы түсінетін щығарсыз деп ойлаймын.
Австралия мен Үндістан жұртшылығының еті қалай үйренген екен осы пәлеге?!
Ертеректе, екі ағайынды бала жыланның ордасына тап болып, бәрін күрекпен оңды-солды шапқан ғой. Содан, бір күннен кейін екі баланың біреуі таңертең ұйқыдан оянбай қалыпты. Көпшігінің астында жыланның басы жатыр екен. Шамасы, аман қалған бір бас өшін алуға келген болуы мүмкін.
тығылып жатыр ма, арам екен:))
Жыланның ордасының астында алтын болады дегенді мен де жиі естіп өстім. иесіз қалған ордасын тапсам екен, алтыннын қазып алсам екен деген де қияли армандарым болған.
:)))))))))))))))))