Пәтеріңді тонаудан қорға

2015 жылы жазда жақсылап тоналған соң бұл мәселеге ерекше мән беретіндердің бірімін. Супержүйе, ақылды үй орнаттым деп айтпаймын, әйтеуір, тоналудың алдын-алуға көмектесетін қарекеттер жасаудың о жақ, бұ жағы. Өзім қабылдаған және/немесе оқып білген сақтық шаралары мен профилактика жұмыстарын айта отырайын, мүмкін біреуге көмегі тиіп қалар.

Пәтерің тоналды ма? Ұры табылып, тиісті жазасын алатыны туралы, шығындарыңды қалыпқа келтіретің туралы армандамай-ақ қой. Бірақ полицей шақыру қажет — оларда тоналу статистикасы жасалады, ал ашылмаған қылмыс олардың жұмысы үшін минус екені белгілі. Дей тұрғанмен, полиция пәтер тоналу жағдайын ұсақ-түйек деп қарайды, сәйкесінше тергеу жүргізбейді, ұрыға іздеу салмайды. Олар мәселені қалай шешеді? Кездейсоқ қолға түсіп қалған қылмыскерге сол аудандағы фактілердің бәрін мойнына іліп жібереді, болды.

Сондықтан ешкімнен көмек күтпей бәрін өз қолыңа ал. Алдын-алу шараларын жүргіз.

Құлып
Мен тоналғаннан кейін бірден сенімді кілт іздей бастадым. Әлгі есікпен бірге келетін стандарт құлыпты ашу «шессекунт» екен. Сондықтан «штаттық» құлыптарды алып тастасаң да болады. Негізі бір есікте кем дегенде екі кілт болу керек дейді. Менің есігімде екеу — біреуі өзінікі, біреуін бөлек орнатқам (суретте: сол жақта стандартты құлыптың ашары, оң жақта «Меттэм» деген брендпен шығатын құлыптыкі).
ЛайфХақ (Lifehack): Пәтеріңді тонаудан қорға
Ұзын ашары бар құлыптарды аша алмайды деп ойлап қалма. Ашылмайтын құлып жоқ дейді халықта. Тек күрделі болған сайын ұры да шаршай бастайды, сақтық шараларын ұмытады, тықырлап-шылдырлап көршілердің назарын өзіне аударуы мүмкін.

«Меттэм» типтес құлыптың бір кемшілігі — кілтін жоғалтып алсаң есікті бұзуға туралы келеді. Есікке зақым келтірмей, отверткамен, басқа да құралдармен бұрап ашу мүмкіндігі төмен.

Айтпақшы, құлыптар нарығында ресейлік «Берьер» брендін мақтайды. Механизмдері күрделі, бұзып ашу, көшірмесін жасау мүлдем мүмкін емес дейді. Бағасы да сәйкесінше, 40-50 мың теңге тұрады.

Есік-терезе
Кілтім сенімді екен деп есікті де естен шығаруға болмайды. Бір тепкенде ашылып кететін жеңіл есік орнатсаң кілттеріңнен пайда жоқ. Есіктің материалы қатты металлдан болуы керек. Ақшаң жетсе екеуін орнатып таста. Ұрылар әдетте бір есікті ашуға 5-10 минут жұмсайды. Ал одан ұзаққа созылып кетсе тәуекелге барып жатпайды, құрысыншы деп кетіп қалу мүмкіндігі жоғары. Есіктің екеуі де сыртқа ашылған дұрыс, ішке ашылса — бір теуіп кіре салады.
ЛайфХақ (Lifehack): Пәтеріңді тонаудан қорға
Терезелердің ашылатын бөліктері адам сыймайтындай тар болғаны дұрыс. Әрине, бірінші кезекті әйнек пен жақтаудың беріктігі. Бір жаққа шыққанда терезелердің міндетті түрде жауып кет. Жоғарғы қабатта тұрам деп мақтанба, төбеден арқанмен түскен фактілер бар.

Блеф үркітулер
Ұрылар назар аударатын нәрселер бар: үйде адамдардың болуы, пәтердің күзет органдарымен қорғалуы, т.б… Яғни үйің немесе пәтерің қараусыз қалмағанын көрсетуің керек. Ол үшін сыртқы есікке танымал күзет фирмасының логосын жабыстырып қоюға болады (типі, бұл үйге «Сақшы» күзет фирмасы қызмет көрсетеді, телефон: ...). Әрине, эффектісі жоққа жақын. Бірақ өмірінде күзеттен қашып көрген адам болса, әлгі жапсырма қағазды көргеннен кейін ойланып қалуы мүмкін.

ЛайфХақ (Lifehack): Пәтеріңді тонаудан қорға
Дәлізде радио, музыкалық плеер секілді, әйтеуір дыбыс шығарып тұратын аппарат жұмыс істеп тұрғаны дұрыс. Сырттан келген адам үйде кісі бар деп ойлап қалсын.

Есіктің жоғарғы жағына камера орнатып қой. Қазір ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін автономды камералар бар, солардың бірін сатып алсаң болады. Олардың жазбалары әдетте компьютерге немесе смартфонға келіп түседі. Дұрысы, әрине, бір фирманың көмегіне жүгініп сигнализация орнату. Бірақ бәрінде бірдей ондай мүмкіндік бола бермейді ғой. Шын камераға ақшаңды қимасаң муляж камералар сатып алуға болады, 2-3 мың теңге тұрады. Олар ештеңені түсірмейді, жай ойыншық қана. Бірақ сыртқы түріне қарап муляж екенін біле алмайсың.

Осы кезге дейін таныстарымнан небір тонау оқиғаларын естідім. Бәрінде дерлік ірі сомада ақша қолды болған. Үйде ешқашан ақша сақтама. Алысқа жол жүрсең бағалы заттарыңды табылмайтындай етіп жасырып кет, не сенімді біреулерге тапсырып кет.

Ең бастысы — үйдің сырын көршілеріңе айтпа. Әдетте ұрыларға хабар жеткізіп тұратын жансыз — өз көршің болып шығады.
Әрі қарай

Ұрланған "Студенттік жылдарымның естелігі"

Осыдан үш жарым жылдай бұрын сыртында «Студенттік жылдарымның естелігі» деген жазуы бар, кітап сияқты, қызыл қоңыр түсті күнделігім болатын. Бірінші курсқа келіп жатқанда, көп жиынның бiрiнде өзімше желпініп сұраққа жауап беріп алғанмын.:m Қатты ұнады. Университетіміздің өз баспасынан шыққан. Толып қалса да сақтап қоймақшы болғам. Бірінші курстың қыркүйегінен бастап жазылған бұл күнделікте небір естеліктер бар еді. Үйді сағынғандағы, бірінші рет  Көктөбеге барғандағы, тұңғыш рет аралық бақылау (рубежный) тапсырғандағы, алғаш рет сессия қиыншылығының дәмін татқандағы сезімдер, бұдан басқа да тәтті естеліктер, ешкімге айта алмаған сырлар, ұйқаспаса да шын көңілмен жазылған, өзім үшін керемет өлең жолдары, қаншама қияли жазбалар, :j тіпті ең алғашқы екі айлығы бірге түскен өз ақшамды (шәкіртақы) қайда жарататыным,:P не алатыным туралы тізім – осының бәрі сол күнделіктің әдемі, ақ парақтарына түсіп жатушы еді. Толық екі жыл ұстадым. Өзінің сия тимеген, таза парағы да қалмады-ау. Сол керемет күнделігімді 2- курсты аяқтап, 3- курсты бастаймын деп отырғанда жоғалтып алдым. Сөмкемді ұрлатып алғанда ішінде кетті. Үлкен сөмке болғанға ішінде толған байлық бар деп ойлады ма екен, білмедім. Аздаған ақша мен банк картасы болған, сосын күнделігім. Картаны бірден жаптырып тастадық. Әншейінде пысықсынып жүретін, сол кезде не қара басқанын!? Ең iшiм ашыған, қимаған дүние күнделігiм болды. Кейіндері есіме түссе, өз-өзімнен ұялып, күлетін де болдым- ана ұры ханымың күнделігімді оқып алып, iшiн ұстап сүйкімсіздене қарқ- қарқ етіп, арасында «ойбууй» деп бетін шымшып отырғанын елестетіп. Тағы бір ойым айтады: «сөмкені ашқан кезде- ақ қоқысқа тастай салған болар»  деп. Не істеді екен!?:J Жақын күндері 4- курсты да аяқтаймыз. Расында, «Студенттік жылдарымның естелігінде» студенттік жылдарымның бірааз естелігі кетті.  Қазір сол жазғандарымды қайта оқып шығуға қарсы болмас едiм. Одан кейін жазған күнделіктерiм де бар. Бірақ, бастапқы беттері жыртылып қалған кітап сияқты...:(
Блог - BalausaOspan: Ұрланған Студенттік жылдарымның естелігі
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Ұрлық түбі - қамау"

«Егер Шиваны күлдіргің келсе, оған болашақ жоспарың жайлы айтып бер ©»

Блог - Ispek92: Ауылдағы триллер. Ұрлық түбі - қамау

Күз мезгілі. Шамамен біздің заманымыздың XXI ғасыры енді еніп келе жатқан кез. Қазалыдағы ең жаңа мектептің бірі № 59 мектептің есігінен түс уақытында алтыншы сыныпта оқитын бір топ оқушы шығып келе жатты. Жүрістері жайбарақат, ешқайда асықпайды. Түрлерінен ешқандай суықтық байқалмайды. Қайтар жолды тарам-тарам тармаққа бөлетін жолайрыққа келген соң оқушалар бөліне бастады.
Әрі қарай

Ұрлап кетіпті

Блог - Ispek92: Ұрлап кетіпті

Жаздың бір жайма шуақ кешінде
Тамыз еді,
Әлі күнге, кешегідей есімде
Ұйқым келді, отырмын керекті ақтарып
Миым жатыр, қақсап маған
Ұйықтасаңшы жатып, шешінде
Әрі қарай

Ұрлап кетті, ұрлап кетті

1 мамыр күні әбден қыдырлық, М. Горкий паркіне сосын жаруанлар бағына бардық, бәрін көрдік, бала-шаға бір қуанып қалды. қызық бәрін тамашаладық. бірақ ең жаманы үйге келгенде болды. өзіміз бір досымным үйіне келіп қонғанбыз, ертесіне бір-ақ бардық кешке. келсек үйдің терезесі ашық тұр, содан жәйлап үйге кірдік. бәрі орнында, ештеңе шашылмаған. келе сала үлкен ұл ноутбук ойнаймын дейді. іздесек жоқ. қолды болып кетіпті, мейлі бастан құлақ садақа. бірақ ит тойған жерге тоғыз келеді деген. қайта айналып соғып қала ма деген қәуіп басым
Әрі қарай

Тағы ұрлық. Не істесе болады?

Мына жерге «Алаш айнасы газеті бүгінгі санына бізге беймәлім КВН командасы туралы мақала шығарып, біздің www.kazkvn.kz сайтынан суретін ұрлап алып салып қойып. Не сілтеме, не басқа да бір ұяттың нышаны жоқ. Не істесе болады?
Әрі қарай

Тағы да ұрлық

Осы жолы КЕРЕКтегі материалдардың бірін газеттер емес, сайт ұрлады. Асауботаның «Германиядағы хоккейші қазақ — Данияр Джунусов» деген материалы шығып еді ғой. Естеріңізде ме? 27 ақпан күні шыққан-ды. Сол мақаладағы біраз деректерді «НАМЫС.kz» қайта басыпты. Өткенде "Қазақ спорты" газетінде де жүрген еді. Әрине, қазақтың жақсылығын асыру үшін мұндай тақырыптарды бәріміз жазсақ та артықтық етпес еді. Бірақ, сөйлемдерді сөзбе-сөз көшіріп алғанын көргенде ішің ашиды екен. Мәселен, Асаубота 27 ақпанда Данияр Жүнісов туралы былай жазды:"Қазақ пен хоккей спорты бір бірімен байланыса бермейтін ұғымдар. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Джунусов қорғайды".
Ал, «НАМЫС.kz» тегі жазбаның тақырыбы «Германияның қақпасын күзеткен қазақ» деп тұр. 11 наурызда қойылыпты. Алғашқы сөйлемі "Қазақтың табиғатына жат спорт ойындардың бірі – хоккей. Бұл спортпен көшпенді жұрттың жан дүниесі қабыса да бермейді. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Жүнісов (немісше Daniar Dshunussow) қорғап жүр".
Содан Асаубота Данияр туралы қысқаша жазады да «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеген аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта қалып қойған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған». — дейді. Ал, «НАМЫС.kz» те біраз мәселені жазады да, «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеу үшін қоныс аударған, маманы аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта тұрақтап қалған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған», -дейді. Әрі қарай кеттік.
Асаубота «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. Былтыр Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. Ал, биыл Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды.

Болашақта Ұлттық Құрама қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»
,-деп жазады. «НАМЫС.kz» болса «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. 2010 жылы Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. 2011 жылы Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды. Болашақта Қазақстанның Ұлттық хоккей құрамасының қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»,-дейді. Енді өздеріңіз сараптай беріңіздер.Япыр-ау сөзбе сөз көшірілген ғой бұл. КЕРЕКтіктер талай айтса да ұрлық істейтін әріптестер тыйылмай-ақ қойды. Сіздер не дейсіңздер. Айтпақшы, әлгі сайттағы сілтеме мынау Your text to link...
Әрі қарай

Көшіріп Қоюдың дәурені енді жайлап-жайлап өле бермек!

Мына мақаланы оқып қалдым. Енді мақаланың алғашқы болып енгізсеңіз сайттың дәрежесіне емес мақаланың бірінші жарияланған жеріне іздеу сайттары жіберетін болады. Осыны Яндекс алғашқы болып іске енгізіп жатыр. Жақын арада бұл әдісті Гугл мен Бинг та іске қоспақшы. Не боларын көрерміз, бірақ мына мақаланы оқып Арулар.kz, Мәліметтер.com, Beu.kz, Блогшылар т.б. өздерінің мақалаларын іздеу жүйесінде алға шығара алады.

Мақаланың мәтіні мына жерде.

Енді жайлап болса да, ақырындап Жаңалық инкубаторы сайттарының тынысы тартыла бермек.
Әрі қарай

Менің қылмысым...

Пенде болғаннан кейін күнәні де сауапты істі де жасап жатамыз. Саналы түрде қылмыс жасап көрдіңіз бе?
Мен жасадым.10 класс(Балқаш қаласы) оқып жүрген кезіміз. Кластасым Алмас (марқұм болып кетті, жаны жәннәтта болсын!)келді түс мезгілінде.Әкесі жоқ, шешесі ішкіліккке салынған бала еді, футбол десе жанын беретін. "Қарындасым әліппемен қоштасқалы жатыр, соған ақша керек,2-3 мың бар ма?«деді, менде ондай ақша қайдан болсын.Өзім ағамның қолында тұрып оқып жатырмын.
-Кеше балалар гараж жақтан, алюмин мен мыс шығарыпты, сол жаққа барайық-деді сәл отырған соң.
Балқаштың шет жағында бұзылған, иесіз гараждар бартын.Бір тесіктен кірсең 5-6 гаражға бірақ өтесің. Келістім.Бардық.аралап жүрміз.Қолымызға іліккен керек-ау деген заттарды алдық.Бір кезде көзіміз „Победа“ машинасына түсті.
Әбіләкімнің  ауылы: Менің қылмысым...
Әрі қарай