Крестиктеп тігу жұмыстарымның ішіндегі ең үлкені әрі көлемдісі. 3,5-4 ай уақытым кетті. Бастапқыда “ой, тез-ақ бітірем” деген ойым әдірәм қалды. Сыйлыққа берілетін жұмыс.
Бүгін Салтанат қыздың (@balgygan) туған күні ғой!
Мұнда келіп тұрмаса да, осындағы көп керекшілер оны таниды, біледі.
Барлықтарыңыздың атыңыздын оны құттықтаға рұқсат беріңіздер!
Салта!
Туған күнің құтты болсын! Әрқашан күліп-ойнап, бізбен бірге жүре бер!
Жұмысың алға бассын! Әрқашан сенің жаныңда сенің жаныңды түсінетін жақын адамдарың көөөөп болсын! Сені сондай жақсы көреміз!
Қол өнердегі қаракөз айналайындар — мынау менің сендерге жасаған сыйлығым деп біліңдер! Көздеген мақсатым — сіздерге жасаудың әдіс амалына ден қойғызу Өкінішке орай сілтемесі жабық тұр
Қарасам, Керекшілердің көпшілік бөлігі шеттерінен өнерлі!
Мынау былай жасалған деп ағынан жарылып отырғанда ептеп қызығып қаласың! Әр нәрсенің өз құпиясы бар ғой! Сол жасалғандарды көріп қанша жасасам да болмайды. Мысалы, әдемі етіп сурет салу, мүсін жасау, адам өлтіру, как минимум жарақаттау деген сияқты
Бүгін мен де сіздерге бірдеңелерді көрсеткім келіп отыр! Өнер деп айтуға келе ма келмей ма оны өздеріңіз білерсіздер!
@Altygradus-қа Қытай лағманын қалай жасайтынымды саламын деген едім. Оған мүмкіндік болмады. Ендеше өз жұмысыма қатысты веб саласындағы көпшілік жолығатын келеңсіздіктердің бірі веб сайт бұзу деген нәрсені қалай жасайтынын көрсетіп өтейін! Уайымдамаңыздар, ешкімнің көз жасына қалғаным жоқ! Бұл тек қана ғылыми-ағарту мақсатында көрсетіп отырмын!
Менің бір апам сондай ісмер адам болған екен: қолынан келмейтін нәрсе болмапты. Бүкіл ауылды киіндірген дейді, ол кісі мен 1 жаста болғанда қайтыс болған.Өзім көрмесем де, ол кісі тоқыған алаша, басқан сырмақ, макрамэлерді, ескі суреттерден ол кісінің тіккен киімдерін көрдім.
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
АКА қыздың өнерін,
Тамашалап қарайық.
Қателігі болып жатса,
Дұрыс жолға салайық,
Өнері егер ұнап қалса,
Қолпаштап бір қояйық!
Барлықтарыңызға сәлем! Бұл жазбамда сіздерге өз қолымнан шыққан шағын ғана туындыны таныстырмақпын. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп бастадым, ал кеттік онда!
Откенде сіңліме мынадай сыйлық жасаймын деп едім ғой. Сол көйлегім сыймай қалды оған. Содан күні кешегіге дейін үйде жатты. Құры жатқанша сатып көрейінші, ала ма екен деп ойладым да, бір дүкенге апарып қойып қойдым. Тек қана сатылып қоймай, тапсырыс та түсіпті. Бір жасар қызға шапкасымен тоқып берсінші деген екен. Одан бөлек тағы екі көйлек түсіпті, бірақ олар асығыс емес екен.
Міне, көйлек: