Қолөнер: кесте тігу:)
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
АКА қыздың өнерін,
Тамашалап қарайық.
Қателігі болып жатса,
Дұрыс жолға салайық,
Өнері егер ұнап қалса,
Қолпаштап бір қояйық!
«Ақын, ақындыққа жақын)» екен деп ойлап қалмаңыздар /ұялып тұрған ысмайл/…
Бұл жазбамда сіздердің назарларыңызға 17 күнде тоқып біткен кестемді таныстырмақшымын. Бұны мен жақында ғана өткен анамның екінші туылған күнінекуәлік бойынша сыйға тартқан болатынмын. Кестенің де түрлері өте көп, соның ішінде менікі Х-теп тоқу, яғни «вышывание крестиком». Сауда орталығынан арнайы үлгісін сатып алдым. Оның ішінде: кесте тоқитын ине, матасы (канва), жіптері және тоқу үлгісі бар. Алғашқыда тоқу оңай көрінді, барлық адамдар тоқи алатындай… Бірақ, бұған да үлкееен шыдам мен сабыр керек екен. Майдаланып орналасқан ұяшықтарды толтыру қиынның қиыны және үлкен математика. Бір жерінен мүлт кетсен, кесте дұрыс шықпайды, себебі үлгіде барлығы есептелініп қойылған, қате кетсе құрыдың . Қалғанын суреттен көре жатарсыздар.
Суреттегі қайшы мен пяльцықазақшасын білмедім (екі сақина, матаны керіп ұстау үшін қажетті құралдың бірі) өзімдікі. Жіптер таусылған, себебі үлгідегідей кестені тоқып қойғам ғой
Ал, енді дайын болған кестем міне!
Бары осы, үлгідегідей етіп жасауға тырыстым. Мектепте математиканы жақсы оқығаным көп көмектесті . Жақындадып тағы бір түсірдім.
Айтпақшы, жазулар мен жүректерді өз ойыммен қостым, матада бос жер қалмас үшін. Рамкаға салып үлгермедім, рамканы да өз қолыммен жасау ойымда бар. Туылған күнге шейін үлгердім, анама тарту еттім, қаттыыы қуанды . Мен үшін анамның қуанышынан артық ештеңе жоқ, Аллаһ Тағалам ұзақ ғұмыр беріп, жанымызда қуанып жүре берсін! Әмин!
Пы.Сы. Х-теп кесте тоқуды үйрендім, жақсы сыйлық тарту еттім және қаншалықты шыдамды екенімді тексердім. @Zilola әпкеден үлгі алып, эстафетаны жалғастырсақ керемет болар еді
Уа, халайық, халайық!
Назар қойғандарыңызға РАХМЕТ!!!
Мұнда назар салайық.
АКА қыздың өнерін,
Тамашалап қарайық.
Қателігі болып жатса,
Дұрыс жолға салайық,
Өнері егер ұнап қалса,
Қолпаштап бір қояйық!
«Ақын, ақындыққа жақын)» екен деп ойлап қалмаңыздар /ұялып тұрған ысмайл/…
Бұл жазбамда сіздердің назарларыңызға 17 күнде тоқып біткен кестемді таныстырмақшымын. Бұны мен жақында ғана өткен анамның екінші туылған күніне
Суреттегі қайшы мен пяльцы
Ал, енді дайын болған кестем міне!
Бары осы, үлгідегідей етіп жасауға тырыстым. Мектепте математиканы жақсы оқығаным көп көмектесті . Жақындадып тағы бір түсірдім.
Айтпақшы, жазулар мен жүректерді өз ойыммен қостым, матада бос жер қалмас үшін. Рамкаға салып үлгермедім, рамканы да өз қолыммен жасау ойымда бар. Туылған күнге шейін үлгердім, анама тарту еттім, қаттыыы қуанды . Мен үшін анамның қуанышынан артық ештеңе жоқ, Аллаһ Тағалам ұзақ ғұмыр беріп, жанымызда қуанып жүре берсін! Әмин!
Пы.Сы. Х-теп кесте тоқуды үйрендім, жақсы сыйлық тарту еттім және қаншалықты шыдамды екенімді тексердім. @Zilola әпкеден үлгі алып, эстафетаны жалғастырсақ керемет болар еді
Уа, халайық, халайық!
Назар қойғандарыңызға РАХМЕТ!!!
қолыңызға дерт бермесін!!!
Айгерім, жұмысың керемет, ең бастысы шын жүрекпен және ыстық ықыласпен.
Анам осындайды суреттерге қарап істей беруші еді негізі анамнан тоқуды, тігуді (кәдімгі іс тігетін инемен тігемін — гүлдер, ар түрлі суреттер сызып беретінді) үйрендім. Бұрын бос отырғызбай жіп пен матаны әкеп отырғызып қоятынды. Ал қазір бәрі қалды ғой.
Текті апа-әжелердің өнерін,
Біздер сақтап, одан әрі жалғайық.
Қазағымның ұмыт қалған қолөнерін,
Күллі әлемге танытып, жаңғыртайық!
маған осы бір маталары ұнамайтЧы басында осындайға жаттығып, кейін кәдімгі мақта матаға жасаса күшті.Бірақ оған жету үшін көп тігу керек шығар, схемадан ауытқымай біркелі болу үшін. Этник стайл модадн кетпид ғой ешқашан, ана украиндықтардың көйлегі сияқты нәрсе жасап алғым келер еді.