3 сағаттық жұмыс немесе I love KEREKINFO!!!
Барлықтарыңызға сәлем! Бұл жазбамда сіздерге өз қолымнан шыққан шағын ғана туындыны таныстырмақпын. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп бастадым, ал кеттік онда!
Өзім негізінен сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін. Кеше үйден бос жатқан, ескі рамканы тауып алдым. Оны тазалап, әсемдеп, әспеттеп жаңашаламақ болдым. 1 — қадам.
Рамкаға ақ матаны қағып, жиектерін гуашьпен боядым. 2 — қадам.
Соңғы кездері суретті қағазға емес, матаға салып жүрмін. Оңай дей алмаймын әрине, бірақ өте қызықты жұмыс. Енді бұл матаға "қандай сурет саламын?" деген ой келді. Біраз ойлана келе бір ойға келдім. 3 — қадам.
Міне, бары осы! 4 — қадам.
Жақында ғана қосылдым, мені осындажетектеп әкелген бір кісіге мың да бір алғыс, Аллаһ разы болсын! Осындай керемет қазақша сайттың барына ризашылығымды білдіргім келді. Рахмет саған, KEREKINFO!!!
Пы.Сы. Ысмайликтердің де қосылуымен тұспа-тұс келіпті жазбамкеше жазамын деп ойлағам негізі. Ондай керемет суретші емеспін, қателіктер де болады әрине. Жазбаны да асығыс жазып отырмын, тәтті-пәтті пісіріп жүрмін үйде) шалалықтарымды дұрыс қабылдарсыздар деп ойлаймын. РАХМЕТ!!!
Өзім негізінен сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін. Кеше үйден бос жатқан, ескі рамканы тауып алдым. Оны тазалап, әсемдеп, әспеттеп жаңашаламақ болдым. 1 — қадам.
Рамкаға ақ матаны қағып, жиектерін гуашьпен боядым. 2 — қадам.
Соңғы кездері суретті қағазға емес, матаға салып жүрмін. Оңай дей алмаймын әрине, бірақ өте қызықты жұмыс. Енді бұл матаға "қандай сурет саламын?" деген ой келді. Біраз ойлана келе бір ойға келдім. 3 — қадам.
Міне, бары осы! 4 — қадам.
Жақында ғана қосылдым, мені осында
Пы.Сы. Ысмайликтердің де қосылуымен тұспа-тұс келіпті жазбам
біраз мақтадым енді, бірақ есімі жарияланбауын қалайды…Админге, осы суретті сайттың бір жеріне естелік ретінде іліп қойса жақсы болар еді…
Неге міндетті түрде осы плоскостьта қарастыру керек?
Жалпы ойың түсінікті, әрі қолдайтындай. Бірақ неге «арақ»?
@AKA, өнерлі маладес!