Жарнама патшалары

Телевидениеде істегесін видео, кино, жарнама деген нәрселерге әрдайым құлағым түрік. Қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын, ерекше талғаммен жасалғандарын қайта-қайта қарап, тамсанамын да жүремін. Бірақ, бүгінгі әңгіме жай ғана жарнама емес, нағыз өнер турасында болмақ.
Әрі қарай

Заречная көшесіне көктем қалай келді?

Кинематографияның тарихы бір ғасырдан жаңа аттап жатса да, көптеген шедеврін туып үлгерген өнер саласы. «Ой қазір ол өнер болудан» қалған, коммерцияға айналған" демеңіздер, себебі барлық заманда, барлық өнер саласында да солай болып келген. Шедевр ол сондықтан шедевр, мыңның бірінен пайда болатындығынан. Қазір де кино саласы сондай, шедеврлер шығып жатыр, тек олардың өздерінінің бір дүмпу кезеңдері болады. Тек қазір сол кезең емес демесек, бәрі жақсы менің ойымша.
Сонымен маған шедевр болып үлгерген «Заречная көшесіндегі көктем» фильміне тоқталайын. Бұл фильм 1956 жылы екі кеңес режиссерімен бірігіп түсіріліп, хрущевтік жылымық кезеңінің ең атақты картинасына айналған.
Жанры: мелодрама
Басты рөлдерде: Николай Рыбников /«Девчата» фильмін көрсеңіздер танисыздар/ мен Нина Иванова /дебют/
Не туралы: Жұмысшылар поселкасына педагогикалық институттың түлегі Татьяна Сергеевна жұмысшы жастардың кешкі мектебіне орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруге келеді. Оның сыныбында жол бойында танысқан пысық та көңілді Саша Савченко бар болып шығады. Саша — поселкадағы танымал тұлға, ол — сталевар, еңбек үздігі. Фильмнің басында бірнеше махаббат үшбұрыштары пайда болады, басты назарда Сашаның мұғаліміне деген бастапқыда жауапсыз махаббаты. /спойлер емес/
Фильмде махаббат, шын достық пен арам достық, жаман адамдардың жақсы адамдарға бөгет болуы сияқты бәрімізге танымал өмір суреттеледі. Фильм «Аспан балалары» сияқты таза, пафоссыз, тіке ештеңе айтылмайды.

Мынау фильмнің постері:

Саша және мұғалімі:


Фильмнің өзіне сілтеме:
baskino.com/films/melodramy/1323-vesna-na-zarechnoy-ulice.html
Әрі қарай

BMW-дан "шешен" жарнама (фотобояннн)

Немістің BMW маркасы алдыңғы дөңгелектері тартатын көлік шығармайтыны көпшілікке белгілі*. Бавария автозауытының маркетинг және пиармен айналысатын қызметкерлері компанияның бұл принципін фотошоптың көмегімен былай түсіндірген екен:

Әрі қарай

Беу, мынаған бір қол шапалақтап жіберейікші

Америка футболының мықты жанкүйері емеспін. Бірақ, мына жігіттің орғығанын көріп жағым жерге сарт ете қалды. )))

Бұл шедеврдің авторы «Цинциннати Бенгалз» командасының шабуылшысы Джером Симпсон. Жасы жиырма бесте. Бойы 189 см, салмағы 95 кг.
Әрі қарай

Әбдразақтың жұмбағы: Қара дақ құпиясы



Бірде Шалқарабад қаласындағы «Шри-Мақатнақ» атындағы храмда Әбдіразақ деген ғұлама бопты… Аха, әлгі Тибет манақтарын бұтағынан тартып, медитация мен ацралдан реалға қуып, левитациясынан түсіретін бұзық шал. Сол шал ерігіп, жұмбақ жасырып шәкірттерінің тасын ауыртпақ бопты.
Әрі қарай