Депутатқа ұсыныс...

Депутат десе қарапайым халықтың көз алдына жұмыс істемейтін, жалақысы көп, мемлекеттің ақшасына қыдырып жүретін жасы 50-ден асқан ағатай елестейді. Істеген жұмыстары міне-міне деп көрінбеген соң солай ойлайды. Жалпы, халықтың арасында депутатқа деген негативті көзқарас бар. Бірақ, бәрі балаларының депутат болғанын қалайды)
Мен жаңадан сайланатын депутаттарға әлеуметтік желіден аккаунт ашуды ұсынар едім. Депутаттың кемінде 3-4 көмекшісі болады. Соның біреуіне смартфон ұстатып қойып, өзі бағыт беріп отырса халық істеген істеріне көз жеткізер еді. Оның үстіне халыққа да жақындай түседі. КВН-шиктер де ұйқы туралы әзілдерін азайтар еді. Содан, депутаттардың арасында рейтинг есептеп сыйақымен мараппаттап отырса тіпті бәсеке күшейіп, парламенттегі жұмыс ашық көрінер еді. Кімнің- кім екені көрініп, халық жұмысын интернет арқылы білген соң дауыс беруге де көзқарасы басқаша болар еді. Солай емес па?
Әйтпесе, мандаттан үміткерлердің жартысынан көбін халық саяси аренада көрмеген. Танымайды. Тіпті, «Ақ Жол» партиясының атынан тізімге енгендердің 70% кәсіпкерлер екен.
Қарапайым облыстық деңгейдегі мемлекеттік басқармалар да әлеуметтік желіні оңынан пайдаланып отыр. Осы желі арқылы өздерінің аудиториясын қалыптастыруда.
Жалпы, депутаттардың атқарған жұмыстарынан хабардар болып отырғым келеді.
Әрі қарай

Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды.

Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді.
Екіншіден, бұл деген саяси жүріс. Яғни, танымал адамдарды тізімге енгізе отырып халықтың сайлауға деген көңілін бөліп, көбірек дауысын жинау. Уақыты келген кезде сол «вид» үшін жүрген әртістер өздерінің дауысын лайықты деген немесе билік айтқан үміткерге беріп шетке жылжи салады. Бұл жерде олар өздерінің жас екендерін, ағаларға сенетіндерін айтып халықтың алдында тағы бір мәрте беделдерін көтеріп қалады. Жақсы емес па?

Үшіншіден, жылына 2,5 миллион доллар табатын Қайрат Нұртас 500- ақ мың үшін әншілігін қойып депутат болады дегенге сенбеймін) Сондықтан-да сабыр сақтайық!

Өзім, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыз депутаттықтан үміткер болғанына шынымен қуандым! Сәттілік аға! Мүмкін Сіз, мандатқа мұқтаж емес шығарсыз. Бірақ, Ел Сіздей депутатқа мұқтаж!
Әрі қарай

Құм жиылып тас болмас

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім. Аты шулы зейнетақы туралы заң депутаттарды да абыройдан жұрдай етті. Бүгін төменгі палатаның резиденттері Президент айтқан сынмен толық келісіп, ұсыныстарын қабыл алды. Ұсыныс да көп емес — үшеу-ақ. Ең бастысы — әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың кейінге шегерілгені. Қалған заң сол күйінше қайтадан мемлекет басшысына жіберілді.
Блог - Marco: Құм жиылып тас болмасОсыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Парламенттің міндеті халыққа ыңғайлы, пайдалы заңдарды қабылдау. Барлық қажеттіліктерін ескеру. Халық қалаулысы деген аттары бар ғой. Дегенмен, қазіргі мәжілісті халық қалаулылары деуге де келмейтін сияқты. Партия үшін дауыс бердік. Тізімді өздері бекітіп, өздері шешті. Ендеше, төменгі палатаның депутаттарына бұдан былай халық қалаулысы деген атты да қимаймын.
Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық. Креслода отыр ма, демек лайықты жұмыс істеген. (Әйтпесе мен неге отырған жоқпын ол жерде?!)
Қазақстан секілді мемлекетке өзге демократиялық елдердердегі саяси институттар, ұстанымдар лайықты бола бермейді. Шындап келгенде, бізге демократияның өзі артық. Саясатта мұндай термин бар ма жоқ па, білмеймін, бізге керегі шектеулі диктатура. Мәжілісмендердің бүгінгі мазағынан соң, осындай қоғамда өмір сүріп отырғандай әсер күшейе түсті. Әдетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мойнына жауапкершілік алып, бас болмайынша басқалар (Мәжіліс) ағыстың бағытымен жүзіп кете береді. Ендеше, қойыма керек пе бұл парламент?
Әрі қарай

Сайлауға барасың ба?

Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде.

Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар.

Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе оқып жүрген маңғыстаулықтар боп табылатындықтан, бұл сауалнама көрсеткіштерін тек қана болмағанмен, көп жағдайда Маңғыстауға тиесілі деп қарастыру керек. Демек, менің шығарып отырған қорытындым, халық не сайлауға сенбейді, не мен сияқты “Бәрібір Нұр-Отанға беремін даусымды, ал Нұр Отан мен бармасам да өзіне тиесілі дауысты алады” деген сенімдегі адамдар деп білемін.
Ал енді төмендегі сауалнама арқылы сіздер жауап беріп көріңіздерші? Сайлауға кім барады? Кім кімге дауыс береді?

Әрі қарай

Даусеееем!!!!

Мәжіліс тарап кетті ғой. Қалай дауыс бергенімді жаза берсем болатын шығар?
Өмірімде бірінші рет, әрі осы уақытқа дейін жалғыз рет қатысқан сайлауым сол еді.
Әрі қарай

Дәл қазір, осы мезетте, депутаттар уішіватыр!!!

Дәл қазір, осы мезетте, Мәжіліс депутаттары қолдарын дірілдетіп, жүректерін ұстап, сазарып-безеріп, Президенттің атына өз өтініштерін жариялап жатыр.
Не туралы дейсіздер ме?
Мәжілісті өз еркімен тарату туралы…
Уоот…

Бар мәлімет осы, әзірге, толығырақ, каттың астында емес, түскі жаңалықтарда, амиголар!
Әрі қарай

Осымен осылай деймін...

Жұмыс уақытының аяғына сәйкес келген соң ба бұрын бұл бағдарламаны көрмеппін. Бар екенін білумен шектелетінмін. Сәті түсіп (сәті түскеніне өкінетінімді білмедім ол кезде) мамырдың 17-сі күнгі бағдарламаны көре қалдым. «Сонымен солай дейік…»…
Әрі қарай