Осымен осылай деймін...
Жұмыс уақытының аяғына сәйкес келген соң ба бұрын бұл бағдарламаны көрмеппін. Бар екенін білумен шектелетінмін. Сәті түсіп (сәті түскеніне өкінетінімді білмедім ол кезде) мамырдың 17-сі күнгі бағдарламаны көре қалдым. «Сонымен солай дейік…»…
Қаузап жатқан тақырыбы өзекті. Отбасы ошақ қасындағы әйелдер мәселесі.Бағдарламаға біраз күш салғандары көрініп тұр. Әйел жолдастардың күніне неше сағаты ыдыс жуу, үй жинауға және бала тәрбиесіне кететіндерін есептеп, арасында бейне көріністермен көмкеріп отырды. Қонақтар да өз бастарындағы оқиғаларымен бөлісіп жатты. Тігіншілігімен өз балаларын сонау тоқсаныншы жылдардан алып шыққан жалғызбасты анаға сүйсініп отыр ем. Тігіншімнің тілі қан қысымымды қалыпты жағдайдан сәл көтеріп жіберді. Қазақ тіліндегі бағдарламада отырғанын ұмытып кеткен апамыз орыс тілінде көсілді дерсің. Хош делік…Қонақтар қатарына мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова да жайғасты. Өзіне берілген мемлекеттік тілдегі сұраққа (басқа қай тілде қойылуы тиіс еді? Бағдарлама қазақ тілінде) депутат апамызда еш қымсынбастан орысша жауап берді. Көрермендерден кешірім сұрамады да. Қан қысымым екінші дәрежелі қан қысымына бірақ көтерілді-ау деймін. Бақыт Сыздықова осы мәселені өз әріптестерінің алдына 2009-шы жылдың аяғында көтергенін, содан бері еш өзгеріс болмағанын, тіпті бұл мәселе жөнінде комиссия да құрылмағанын айты. Апамыздың айтып отырған мәселесі үй шаруасындағы әйелдерге мемлекеттің қаржылай көмек беруі жайында болатын. Атап айтқанда үш не одан да көп бала тәрбиесімен үйде отырған әйелге мемлекеттен қолдау көрсету. Ойланатын және орындайтын-ақ мәселе. Бірақ осының бәрін ойлап отырған мидың орысша ойланып тілдің орысша жеткізуі көңілімді түсірді.
Лауазымды көкелеріміз бен тәтелеріміздің орыс тіліне етіміз де, бетіміз де үйреніп алғаны жасырын емес.Қазақ еліннің мәжілісінің депутаты бола тұра, қазақ тіліндегі бағдарламаға келетінін біле тұра, қазақша жауап бере алмайтынын Сыздықова ханым білмей қалды дей алмаймыз. Әріптестері екі әйел алу туралы дауласқанда, екі күйеуге тиюді де заңдастыруды тіліне тиек еткен депутат ханым бізді тағы бір таң қалдырды.
Суретке тікелей сілтеме

Бакыт Сыздыкова емес пе?
«Не десе о десін!»
«Ит үреді...»
«Маған не дейсің?!»
«Оттапты...»
"Үшеуміз үшем бе едік?"
«Жанр дағдарысы?»
Күләнданы жүргізуші қып қою керек.
көтіншешулап кетеді, бірін-бірі күту деген жоқ.ПыСы: блогшы Бүркіт Нұрасыл да болды бұл бағдарламада. Пікірі, шыны керек ұнамады. Мұны оқып, маған ренжи қоймас.Ондай пікір айту үшін әуелі үйлену содан кейін сол әйелге үш бала таптыру керек оған
Aikailap soilesetini magan katty unamady. Birak muldem zhaman dep te aita almadym.
Жаулаап алды махаббат деп лағып кеткенсің ба)))
Қысқасы Сатыбалдысыз сайтымыздың пікірлер бөлімі жетімсіреп қалған сияқты