"Қазіргінің рэкеті": "Қоятын уақыт болады мұны да..."

Қаланың қым-қуыт тірлігі таңертең жұмысқа барып, кешке үйге қайтумен, демалыста үйге азық-түлік тасумен аяқталатын сияқты, біздіңше. Жооқ, түнде жорыққа шығатын, тіршілігін түскен қараңғымен бірге бастайтындар да бар. Соның бірі — «түрлі мәселелердің түйінін шешуші», қазіргінің рэкеті.

Қолыңның екі мағынасында да ұзын болғаны қандай жақсы, досымның көмегімен осынау қауіпті кәсіп иесінен сұхбат алудың орайы түсті.



Баха. Жасы отыз бірде. Бойдақ.

Блог - aikarakoz: Қазіргінің рэкеті: Қоятын уақыт болады мұны да...

— Кәсібіңіздің нақты және қазақша атауын білмей отырғаным...
— Қылмыскер (күліп). Қылмыскерден басқа атау айта алмайсың.

— Мафия дейміз бе?
— Қазір мафия деген жоқ. ОПГ дейді. Организованная преступная группа. Қазақшасы — ұйымдасқан қылмыстық топ. «Рэкеті» бар, «отморозогы» бар, «решаласы» бар, бәрі сол ОПГ-ның ішінде. Топтың «старшийы» болады. Жылдан жылға бұл саланың сөздері өзгеріп келеді. Бұрын рэкет деген сәнде еді, қазір ОПГ.

— Бұл салаға келуіңізге не себеп болды? Ақшаның жетіспеуі ме, әлде жұмыстың табыла кетпеуі ме?
— Себеп болғанда… Ауылдың баласымыз. Мектепті «5»-ке бітіргенбіз. Тілді біраз білеміз. Спортта жүргесін сыртыңнан байқайды. Сосын тартады өздеріне. Жастық дейсің, желігесің, алып-ұшып тұрасың. Басында жәй араласып жүресің тірліктерге, одан кейін қалай кіріп кеткеніңді байқамай қаласың. Ақыры, ол сенің кәсібіңе айналады. Жұмыс іздеу дегенде… Мұны жеңіл кәсіп деуге де келмейді. Үнемі денсаулығың қауіпте, өзің қауіптесің, өмірің қауіпте. Тұрақты график жоқ, белгілі бір уақытта алаңдайтын жұмысың жоқ болған соң өзіңе ұнап кетеді. Бұл салада жүргеніме он шақты жыл болды.

— Демек, ақша табудың ең оңай жолы...
— Ақша табу ешқашан оңай болған емес. Әр саланың өзіндік қиындықтары болады. Біздің саланың да нюанстары мен нонсенстары көп, қиындықтары көп. Әзірге ең қолайлы кәсіп осы болып тұр.

— Ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне не кіреді?
— Мысалы, мейрамхана, клубтарды алайық. Ондай жерлерде тұратын күзетшілер екіге бөлінеді. Бірі – «Күзет» деген сияқты ресми агенттіктердің қызметкерлері, екіншісі – біздің жігіттер. Көп төбелес болмайтын жерлерде заңды түрде жұмыс істейтін күзетшілер тұрады. Адам тамағын ішуге ғана келетін не келіссөздер жүргізетін мейрамхана сияқты орындарда төбелес болмайды. Ал, клуб, «забегаловка» сияқты жерлерде жиі жанжал шығады. Ондайда иелері өздері-ақ біледі: агенттіктің күзетшілерінен гөрі, жұмысқа «шешетін адамды» алған дұрыс. Былай айтқанда, жігіттері бар топты, бандиттерді алған дұрыс. Өйткені, олар «по-черному» шешеді. Барады, төбелесу керек па – төбелеседі, төбелеспейтін жер болса – желкелеп алып шығады да далаға: «давай, бауырым, саламалейкум, қош бол» дейді. Сол сияқты, точкалар болады, түрлі бизнестер болады. Көп қызметі.

— Әр істі шешкеніңіз үшін клубтың иесі шамамен қанша ақша төлейді?
— Жағдайға байланысты. Адам басына 85-90 мың, 100 мыңға дейін кете береді. Қандай орын және қай жер екеніне де, графигіне де байланысты. Негізгі уақыт түнгі оннан таңға дейін жалғасады.

— Қарамағыңызда неше нысан бар?
— Айтпай-ақ қойса бола ма?

— Жарайды. Жоқ дегендегі айлық табыстарыңыз қанша?
(күліп) Адам басына ма? Адам басына 300 мың деп айта берейікші. Теңге.

— Адамды жарақаттап жатқанда «өлтіріп алам» деп қорықпайсыз ба?
— Кез келген пенде қорқады. Өзіңді жарақаттап алудан да қорқасың, ұрып жатқанда қолың басқа жеріне тиіп кетсе, дұрыс тимей қалса да қорқасың. Адамның талып қалуы 5 секундтық нәрсе ғой.Төбелесте талып жатқан адамның пульстарын тексеріп отыратын уақыт жоқ. Төбелесесің – құлатасың – жүре бересің. Артынан ойланасың.

— Оқыстан адам өлтіріп алған жағдай бола қалса, клуб сияқты демалыс орнының иесі ала ма жауапкершілікті?
— Жоқ, Құдай сақтасын, адам өлімі әлі болмады. Адам өлімі болса, жасаған адамның ізі білінбей қалмайды. Топан төбелес болып жатқан жерде "өлтіріп алмаймын" деп өзіңе «гарантия» бере де алмайсың. Ондай жағдай болса… кинодағыдай ғо. Ондай оқиға болған жоқ деп, барынша жасыруға тырысасың. Істеген адамды басқа қалаға жібересің. «В бега» дейді ғой, былай айтқанда, в бега кетеді. «Дело» тынышталмайынша жүреді қашып. Бірақ, ол басылмайды. Іздеу жариялайды. «Розыскта» «дело» жабылмай қалады. Сондықтан қатты зақым келтірмеуге тырысасың. Аяқ-қолын сындырып алсаң, ізіңді білдіртпей кетуге тырысасың.

Блог - aikarakoz: Қазіргінің рэкеті: Қоятын уақыт болады мұны да...

— Жасаған қылмыстарыңыздың артын жуып-шаю үшін қандай шара жасайсыздар? Тапқан ақшаларыңызды жетімдер үйіне бөліп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып дегендей… Ең болмаса, ақыреттен қорқу деген бар ма сіздерде?
— Жоқ. Ондай шаралар істемейміз. Ниет. Күнәсіз адам жоқ қой жалпы. Жұма намазға барып тұрамыз.

— Сұмдық қорқынышпен өткен оқиғаңызды айта аласыз ба?
— Әр тірліктен кейін қорқасың ғой. Үйде анаң бар, әкең бар, оларға кесірі тиіп кете ме деп қорқасың. Мысалы, бір жерде үлкен тірлік болды делік. Сөзге келіспей қаласың да, төбелес те, атыс та басталады. Біреуді қатты зақымдап қоясың. Ол реанимациядан шығады. Зақым алған адамның да артында біреулер тұр. Олар біз жайлы сұрастыра бастайды. Қайдан келдің, кімсің, қай мекен-жайда тұрасың дегендей. Сондайда ата-анаң үшін қатты қорқасың. Өзің балалардың арасында жүргесін қатты қорқа бермейсің.

— Ата-анаңыздың хабары бар ма кәсібіңізден?
— Жоқ, білмейді. Бірақ, сезеді ғой.

— «Жұмыстарыңыз» түнде басталады. Ата-анаңызбен бірге тұрады екенсіз, күн сайын түнде шығып кететініңізді қалай түсіндіресіз оларға?
— Енді… ондай жастан өттік қой. Үйге қомақты ақша алып келіп жатқанда да «қайдан алдың» демейді. Үйренді. Іштей сезетін де шығар немен айналысатынымды.

— Ал, махаббат жағы қалай? Өмірде сұсты көрінесіз. Даусыңызда зіл бар. Сөйлесуге қорқатын қыздар бола ма?
— Қорқады. Түрімізге қарайды да:-«сен бандитке ұқсайды екенсің,»-деп бастайды әңгімені. Бірақ, қыз ұнағасын оныңды жасырасың. Ұнауға тырысасың. «Жжжоқ, мүлде ондай емеспін, сүттен ақ, судан тазамын,» -деп айта алмайсың оларға. Шет жағасын жеткізесің бәрібір. Кәсібімізді біліп қойып, аулақ жүрген қыздар көп болды.

— Үйленуіңізге кедергі келтіреді деп қорықпайсыз ба?
— Қоятын уақыт келеді ғой мұны да. "Қашанғы бұлай жүре берем" деп ойлайсың. Бұдан шығатын уақыт болады өзі. Сана-сезімі бар адам ерте болсын, кеш болсын түсінеді де, қояды. Сосын намаз бастап кететіндер бар. Бірақ, түрмеге отырмағанша тынбайды. Түрмеге отырғаннан кейін барып түсінеді, отырмайынша — жалғастыра береді. Негізі бұл тірліктің бәрін қойғаннан кейін үйлену жоспарда. Ер жігітке үйлену ешқашан кеш емес. Қырыққа жақын үйленсең де балаң болады.

— Мейлі, қойдыңыз делік. Үйлендіңіз. Ұмытылды. Бірақ, бірнеше уақыттан соң өткеннің қателігі қайта оралып, отбасыңызға зарар келтіреді деген қорқыныш ше?
— Қазір оны ойлауға кеш. Қайтуға жол жоқ.

— Болашақ жарыңызға қойылар ең басты талап қандай болмақ? Осы тірлігіңізге келісу ме?
— Жақсы әйел болса, болды. Әке-шешемді дұрыстап бақса.

— Сізге тұрмысқа шығар қыз да жүрек жұтқан болу керек шығар. Ыдыс-аяқ сылдырлай қалса, үйреніп қалған қол сарт ете қалып жүрсе оған қарай...
— Жоқ, бізде әйел адамға қол жұмсау деген болмайды.

— Сіз басқа тәрбие бергенмен балаңыз осы жолға кетіп қалса, таңдауын өзгертуге тырысасыз ба?
— Кетіп қалса, ештеңе өзгерте алмайсың. Өзіміз сияқты мұндай жерге басын бір сұғып алса, шыға алмайды: кірді – кетті. Сондықтан баланың тәрбиесін осы бастан ойлау керек. Кез келген ата-ана өз баласының жақсы болғанын көздейді.

— Қарапайым адамдар сияқты көшеде уайымсыз, қорқынышсыз, үрейсіз жүре аласыздар ма? Әлде алақ-жұлақ етіп, барған жерден тез кетіп қалуға тырысасыздар ма?
— Жалғыз жүрмеуге тырысамыз. Мысалы, мен досымды ертіп жүремін әрдайым. Маған тигізер зиян болса, ол – өлтіріп кету. Бірақ, адам көп жерде, көшеде жайдан-жай өлтіре салмайды ешкім. Олар да қорқады.

— Дене бітімдеріңіздің өзі-ақ үздіксіз спортпен айналысатындарыңызды айтып тұр. Неге жарыстарға қатысып, елдің намысын қорғамасқа?
— Бұл салаға спортта жолы болмай қалғандар келеді. Демеуші таба алмай қалған, сәтсіздікке ұшыраған спортшылар келеді.

Қаруларыңызға рұқсат берілген бе?
— Жоқ. Ұсталып қалған жағдайда «разводить» етесің ғой. Ақшамен болсын, басқалай болсын.

— «Крышалардың» да «крышасы» бар дейді, рас па?
— Бар.

— Осы салада жұмыс істейтін қыздар бар ма араларыңызда?
— Жоқ. Ондай қыздар жоқ. Қажеттілігі туып жатса, қыз табылады. Өздері осындай тірліктерге жақын қыздар көп қазір. Солардың біреуін ұстап аласың. Болмаса, таныс жігіттерге өтініш жасаймыз сондай қыздарды тауып береді.

— Сіздерге келіп, қатарларыңызға қосылам деген адамдарға қойылар талап қалай болады?
— Қаладағы кез келген адамды қабылдай бермейсің. Ол адамға әбден қарайсың, психоанализ жасайсың, қандай адам ол, қайдан келді, не істей алады. Әр жерден ала салып, «бізбен бірге жүресің, біздің айтқанды істейсің, біздің адам боласың» деп, қасыңа бір лохты отырғызып қоймайсың.

— Мысалы, қандай сынақ болуы мүмкін?
— Жеңілдеуінен бастайды. «Анадан ақша ал, мынадан ақша ал, ана точкаға бар, мына точкаға» бар деген сияқты.

— Осы салаға келсем бе деп жүрген жігіттер болса, не айтар едіңіз? «Жоламаңдар» дейсіз бе?
— Бастысы — спортты тастамау керек. Кез келген жағдайға дайын боп жүру керек. Кез келген. Ішпеу керек. Өзіміз де жоқпыз ондайға. Денсаулық қымбат, денсаулық.
Бұл салаға кеткенімізге өкінеміз дей алмаймыз. Ойланып қалатын тұстар болады. Бірақ, ендігісі тым кеш. Нанымыз осы. Әзірше. Бұдан ары қарай қалай болатынын Құдай біледі. Кімнің тірі болатыны да, кімнің өліп қалатыны да белгісіз. Алда болатын нәрсенің бәріне дайынбыз.

— Сұхбаттасуға келісім бергеніңізге, сұрақтарға ашылып жауап бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Эльвира Ерғалина
Әрі қарай

Мафия және белгісіз блоггерлер

Блогкэмп 2013-тің қызықты сәттерінің бірі «мафия» ойыны болды десем қателеспеймін. Домбыра пати аяқталғаннан кейін, біз Жандос, Аманғ Ғалекең салқын скамейкада отырып блогшыларды «мафия» ойнауға шақырдық. Басында аз ойыншы болғанымен, кейінірек олардың саны толыға түсті. Өзім алғаш қатысқандықтан, ойынның мәнісін тез түсіне қоймадым. Бірақ жүргізушінің шеберлігіне орай қызықтырып әкетті.
Түндегі «мафияға» қатыстым, ертеңгісіне қатыспадым, сырттай бақылап, қызықты сәттерді видеоға түсіріп жүрдім. Блогкэмпте көпшілігін танымайтындықтан, жеке блоггерлерге назар аудармаппын. Тек ФБ да посттарын оқып жүрген санаулы жандарды айтпағанда. Сөйтсем, қызықтың көкесі кейінірек болады екен. Осы сайтта АділетШу деген жігіт бар. Троллит еткенді жақсы көреді. Сол кездегі түскен видеоны қарап отырсам өмірде де техничный, былайша айтқанда «тәжірибелі» блоггерге тән сақ жігіт екен. Сол кезде танығанда деп қоям. Одан кейін ойынды қарап отырсаң көбісі бейтаныс қыздар, балдар. Сол күйі танымаймыз кейбіреулерін.
Мафия ойынының қызықты болуы модераторға тікелей байланысты. Халықты дұрыс басқармаса да ойынның мәні кетіп қалады. Модератордың сүйікті персонаждары «мафия» («мафияжан» © 1000қол) және «насильник», «Зорлаушы»! "Қала тұрғындары", «дәрігер», «шериф» — бұлар «ЕТ», еттер. Ары қарай қатысушылардың шеберлігі. Негізі осы ойында ең мықты мафияшы Шолпан болды. Мафия емес екендігін түрлі әдістермен назарларын басқа жаққа аудару арқылы, сезік тудырмайды.

Your text to link...
Әрі қарай

Мафия ойыны

Мафия ойыны жүріп жатыр.
Ойындағы сүйікті персонаж «зорлаушы». Зорлаушы оянады.
— Нәрмәлній біреуін зорласай…
— Зорлаушы, зорлаушы кімді зорлаймыз?
— Давай, «Сабонисті» тағы да.
Бір қыз; «Рахат ия, зорлаушыға»
Қала ұйқыдан тұрады, бірақ екі адамсыз оянды…
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Жетінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы постта.

Бұл жолы мафияның кейбір мүшелерімен қатар, мафияға қызмет еткен ұрылар және балалар туралы да айтамын.


Мыналар бизнесмендердан және мафияға қарыздар адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан. Тиісті адамынан ақша ала алу мүмкін болмаса, борышкерлердің денсаулықтарына немесе өмірлеріне үлкен қауіптер төндіреді. Қылмыстық істе олар туралы былай делініпті: Өте қауіпті, адамдарды өз ырқына көндіре алады және психологиялық қысым көрсете алады.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Алтыншы бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші постта.

Бұл жолы жалғыз баст қылмыскерлер жайында.

Автомобилдерді ұрлаудың шебері — Фитч. Чикагодан шыққан. Мафияға қызмет еткен, олардың істері үшін ұрланған машиналар жеткізіп отырған. Сонымен қатар әрі қарай бөлшектеп сату үшін де машиналар ұрлайды.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Бесінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші және төртінші постта.

Қандықол жендеттер мен банда мүшелері.


Смит — мафияның «атқыш» жігіттерінің басшысы. Қылмыстық істе былай жазылған: Айтқанына көндіре алады, айлакер және мафия жауларына рақымсыз, өте дәл атады.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Үшінші бөлім

Бұл постта қылмыскер әйелдер мен мафияға қызмет еткен әйелдер жайында айтылады.

Жалғасы. Басы бірінші және екінші постта.


Мына келіншек көшеде еркектермен танысып, оларды үйіне «шай ішуге» шақырады. Қонағын шарапқа немесе шайға күшәла қосып улап өлтіреді. Еркектерді тонап, олжаларын сатып күн кешкен. Тіпті құрбан еткен адамының аяқкиім бауына дейін сатады екен.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Екінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші постта.

Естеріңе сала кетейін, әңгіме мафияға қызмет еткен қанішерлер жайында.


Мистер Синг – тапсырыспен кісі өлтіруші және "қызмет аясы кең" маман. Мафияға қызмет еткен, олардың тапсыруымен бәсекелестердің, полицейлердің және шенеуніктердің көзін құртып отырған. Құрбандарын Азияда қолданылатын улау тәсілдерін пайдаланып өлтіреді.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Бірінші бөлім



"Өкіл әке" (Крестный отец) секілді гангстерлік фильмдер Америка кинематографиясының классикасына айналғалы қай заман. Көрермендердің көзайымына айналған сол мафиоз кейіпкерлер ойдан құрастырылған жоқ. Шынымен де сондай айлакер, ақылды да қатігез адамдар өмір сүрген. Бұндай әулет болып құрылған мафиялар Америкада жиырмасыншы ғасырдың басында кеңінен жайылды. Олар шынымен де жартыбастар еді. Заң, құқық дегендерге бас ауыртқан емес. Аса қатігездіктерімен тарихта қалды. Солар туралы әңгіме қозғаймын.
Әрі қарай

мафия

да жууу, көп эмоциядан кейін ұйықтай алмай қалады екенсің))) көп адамдармен танысқаныма қуаныштымын… 3-күнде біреуді ренжітіп алсам кешірім өтінемін…

18- наурыз: бейресми ашылу сәті. Кешігіп бардық :( тансу ойны болғаны дұрыс болды, көбін іштей танып қалдық. Мен Өмірбекті танып алдым :) жеңсіңмен құттықтаймын! 1 апта (Моңғолиядан-КЗға дейін) жолда жүріп келуі енд ваще кен)))
онан шығып пабта болдық, Патик ұйымдастырып шақырғаныңа рахмет. Би, би, және тағы би :) Пабта көп суреттер кетті. Бахс деп жариялап жіберейін))) осы жерден менде почтасы жоқтар көшіріп алар ;) және, тағы бір… очм)))

19- наурыз: ашылды. Рахат. Кеш. Смс-тер. Соңғы хабар мафия. Ох мафия бітті. Негізі бұрын ойлап жүретін едім, осы мафияны бәрі ойнайды, менде ойнасам ғо деп. Басында 1-2 ойында түк қақан жоқпын. Кімге дауыс бересің десе, бере салып))) Кейін ойынға кіргенім сол екен. Үйге кеткім келмей қалды))) неге тез түнгі 1:30 болып кетті екен деп қимай алдым((( Ойынды түсінген кезде, сондай тәтті болып кетті. Өзіме мафия түскен кезде, мафиялар бірін/бірі сатып кететінін түсіндім. Енді ше кинодағы көрністерді неге ғана ұқпаймын, келіспей қалған кезде өлтіретіні қызық ғо))) Ал мен Талғат сатпайды деп))) өзімді ұстап бердім.))) мұнда эмоцияларын көп шығаратын Мадлен, Балғырған т.б. адамдар көп шатастырады екен адамды)))) балзаминка мафия десем ешкім маған сенбей((( ақыры мафия жеңді бізді((( Балзаминка -МАФИЯ)))
Мен үшін аудиторияда бәрі таныс, Тек сол түнде таныс емес қонақ екі жігіт: Еркебұлан мен Талғат болды. Талғат жеңісің жемісті болсын! :)

20 кештен бастап, 21 күні бойы рекламалық пауза)))


22-наурыз. наурыз тойын тойлап кеттім, аяқ астынан))) қызық болды… Асхат, Салта шақырғандарыңызға рахмет! кино аты қалай аталып еді))) ничечный кино кен. ары ойлап бері ойлап, ондай тәблетке қолданбайтын болдым)))
Әрі қарай

Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық
Алдыңғы күні үйде түнгі сағат 22:00-ға таман жарық сөніп қалды. Енді бұл уақытта ұйықтап үйренбеген біз, диванға жайғасып, әркім ұялы телефондарына сығалаумен болды. Бір кезде мен «Мафия» ойнайық деп ұсыныс тастадым. Үйде төрт інім, және мамамның інісі болған еді. Сөйтіп, сығырайған екі майшамның жарығымен 6 адам ойнауға кірістік. Мамам да іші пысып отырған соң, оны жүргізуші етіп тағайындадық. Жасы егде адам болған соң, жүргізушіліктің қыр-сырын түсіндіруге біраз уақыт кетті. Онымен қоймай «Мафия» өлтіріп, «Дәрігер» жазған адамдарды шатастырып, біз әуреге түстік. Енді қайтсін, қартайған сайын лезде ұғу қабілеті төмендей түсетініне тағы көзім жетті.
Әйтеуір соңына дейін ережені түсініп, біраз ойын қызығына баттық. Бір інім көп сөйлемейтін, момындау еді. Сол екі рет «Мафия» болып, біз оны байқамай қалдық, екі ұтыс соныкі болды. Ал маған қайта-қайта «Тұрғынның» картасы келіп, «Мафия» болуды қалап отырғам. Әйтеуір «Мафия» болғанның бір шеңберінде бәрін міз бақпай ұтып кеттім )) Көбіне мен «Мафия» болған кезде ұтылып қалатынмын. Осы жолы түрімнің толық көрінбеуіне байланысты ұттым ба, әлде тәжірибем көп болды ма, ұтқаныма қатты мәз болдым. Улап-шулап отырғанда сағат түнгі 1 болып қалыпты. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан әкем келіп, бәрімізді «Жатыңдар!» деп «Тұрғындардың» ұтуымен ойынымызды аяқтатты. Айтысамыз деп ауыз кеуіп, суды кезекпен қылқылдата жұттық қой келіп ))
Бәріміз ұйқыға кіріскенде, жарық та жанды.

Пы.Сы. Интернеттен тапқан мәліметім болайын деп тұр. Кішкене білім базамызды толықтырайын деген мақсатпен. «Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты. Басында тек МГУ жатақханасында, аудиторияларда, кез-келген жерде топтастар ойнап жүрсе, кейін КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп демалатын студенттік лагерлерде осы ойын кең таралған екен, одан әрі басқа да мемлекеттерде ойнай бастапты. Қазіргі уақытта ойын бүткі әлемге танымал. «Мафияны» ойнау тактикалары жайында бірнеше кітаптар да шығарылған.
Әрі қарай